Фракция
«Ауыл» партиясының» Фракциясы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентіне, «Ауыл» партиясының» Жарғысына және Фракцияның Ережесіне сәйкес құрылған депутаттық бірлестік болып табылады.
Депутатты таңданыз:
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
Депутат Сауалдары
ФРАКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1 Құрылтайдың заң шығару және өзге де қызметінде саяси партияның мүдделерін білдіру
2 Фракция Жиналысы қабылдаған шешімге сәйкес Құрылтай отырыстарында Фракция мүшелерінің бірлескен дауыс беруін қамтамасыз ету
3 Құрылтай депутаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттігі шегінде партияның Сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады
ФРАКЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Фракцияны фракция мүшелері сайлайтын фракция жетекшісі басқарады.
Фракцияның жоғарғы органы-фракция жиналысы (фракция отырысы).
ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Фракцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Құрылтайдың жалпы отырыстарында Құрылтай қарайтын мәселелер бойынша фракцияның келісілген ұстанымын ұсынады.
Фракция отырысының күн тәртібін ұсынады, оларға төрағалық етеді, фракция отырысының хаттамасына қол қояды.
Фракция мүшелеріне тапсырмалар береді.
Фракция басшысы Құрылтай бюросының құрамына кіреді.
Депутаттық сауалдар