Партия туралы

«Ауыл» партиясы – Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партия. Партияның құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті. 2000 жылы 29 наурызда Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы – Серік Егізбаев. Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясы ТМД кеңістігіндегі ең ірі аграрлық партиялардың бірі болып табылады.

Құрылтай съезі

Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті. 2023 жылы Мәжілісте тұңғыш мандаттарына ие болды.

2000 жыл
15 қаңтар

Ресми тіркеу

"Ауыл" шаруа социал-демократиялық партиясы " қоғамдық бірлестігін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті

2000 жыл
29 наурыз

Партияның бірігуі

2015 жылғы қыркүйекте партияның XI кезектен тыс съезінде Қазақстан патриоттары партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды, одан кейін «Ауыл» партиясы «Ауыл «халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «қоғамдық бірлестігі» жаңа атауымен тіркелді

2015 жыл
01 қыркүйек

Қайта құрылуы

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясының қосылуы нәтижесінде құрылды

2015 жыл
05 қыркүйек

Сайлау

2016 жылғы сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясының 38 өкілі маслихат депутаттары болып сайланды.

2016 жыл
20 наурыз

Президент сайлауы

Партия 2019 жыл Президент сайлауына қатысты. Кандидат: Төлеутай Рақымбеков

2019 жыл
09 маусым

Депутат

Партия 2021 жылы өткен облыстық, қалалық және аудандық маслихат сайлауында 237 мүшесі жеңіске жетті, партияның 32 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды

2021 жыл
10 қаңтар

«Ауыл» жастары

2021 жыл жастар саясатын қолдау үшін «Ауыл» жастар ұйымы құрылды.

2021 жыл
10 қыркүйек

Президент сайлауы

Партия 2022 жыл Президент сайлауына қатысты. Кандидат: Жигули Дайрабаев

2022 жыл
20 қараша

Мәжіліс

"Ауыл" партиясы сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінде 8 депутаттық мандат алған елдің ең ірі саяси күштерінің бірі болып табылады

2023 жыл
19 наурыз

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1. «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Партия деп аталады) – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың  саяси ерік-жігерін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.  

2. Партияның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

орыс тілінде: Республиканское общественное объединение «Ауыл» партиясы»;

ағылшын тілінде: «Auyl» party» Republic рublic union.

Партияның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: «Ауыл» партиясы»;

орыс тілінде: «Ауыл» партиясы»;

ағылшын тілінде: «Auyl» party».

3. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

4. Партияның басшы органдары мен оның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.

5. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Жарғыға және Партияның Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

6. Партия – меншік құқығында оқшауланған мүлкі бар, осы мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленіп, жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңды тұлға.

7. Партияның құқықтық қабілеті мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

8. Партияның дербес теңгерімі, банктерде есептік және басқа да шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі, мөртабандары мен бланкілері болады.

9. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, өзінің ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдістерін айқындауда еркін. 

10. Партия өз қызметін еріктілік, теңдік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарында құрады.

11. Партия Орталық аппаратының орналасқан жері: 

Z05X6C8, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, 

Мәңгілік Ел даңғылы, 8

 

 

2. ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНАСЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

12. Партияның мақсаты – гүлденген ауылдары мен қалалары бар, халықтың мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарына негізделген, аграрлық, саяси тұрақты, экономикалық күшті, әлеуметтік әділетті, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет құру.

13. Партияның міндеттері:

13.1. қоғам мен мемлекетті дамытуға бағытталған әлеуметтік, экономикалық және саяси реформаларды іске асыруға жәрдемдесу;

13.2. бостандық, демократия, әділеттілік қағидаттарында азаматтық қоғамның қалыптасуына қатысу;

13.3. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға қатысу;

13.4. Қазақстан Республикасының азаматтарында этносаралық және конфессияаралық келісімді, ұлттық патриотизмді нығайтуға жәрдемдесу;

13.5. саяси және қоғамдық көшбасшыларды іріктеу, ұсыну және қолдау;

13.6. заңнамалық актілерді әзірлеуге және заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысу;

13.7. саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, оның ішінде жастар, әйелдер, салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

13.8. шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде шаруа, фермер қожалықтарын дамытуға жәрдемдесу;

13.9. мемлекеттік билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

13.10. бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

14. Партия қызметінің нысанасы:

14.1. қоғамның саяси өміріне қатысу;

14.2. Партияның Жарғысында және Бағдарламасында көзделген Партияның мақсатына қол жеткізуді және міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету;

14.3. Партияның мақсаты мен міндеттерін алға жылжыту және түсіндіру;

14.4. заң шығару қызметіне қатысу;

14.5. мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және өзге де ұйымдарда азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;

14.6. Партияның құрылымдық бөлімшелеріне, түрлі меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға әдістемелік, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсету;

14.7. қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;

14.8. Партияның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, пикеттер, мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси акциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

14.9. Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

14.10. Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына қол жеткізуге және міндеттерін іске асыруға сәйкес келетін өзге де қызметті жүзеге асыру.

15. Партия:

15.1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттар ұсынуға, сондай-ақ өз өкілдері арқылы мәслихаттарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынуға;

15.2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттыққа ұсынылатын үміткерлерге партияішілік іріктеу жүргізуге;

15.3. барлық деңгейдегі әкімдердің кандидатураларын тағайындау кезінде оларды мәслихаттармен келісу рәсімдеріне мәслихаттардың депутаттары – Партия мүшелері арқылы қатысуға;

15.4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде депутаттық фракция және барлық деңгейдегі мәслихаттарда Партияның депутаттық фракцияларын (топтарын) құруға;

15.5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында депутаттық топ құруға бастамашылық жасауға;

15.6. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракция арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және оның мүшелеріне сенімсіздік білдіру туралы бастама жасауға;

15.7. мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциялары (топтары) арқылы тиісті әкімдерге сенімсіздік білдіруге бастамашылық жасауға;

15.8.  Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін саяси партиялармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасуға;

15.9. басқа елдердің саяси партияларымен байланыс орнатуға, тиісті келісімдер жасасуға, діни бірлестіктерді қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше ретінде кіруге;

15.10. өз қызметі туралы ақпарат таратуға және өз мақсаты мен міндеттерін насихаттауға;

15.11. заңнамаға сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар, басқа да қоғамдық-саяси акциялар мен іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;

15.12. баспа және полиграфиялық қызметті жүзеге асыруға;

15.13. өз бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

15.14. Қазақстан Республикасының басқа саяси партияларымен және қоғамдық бірлестіктерімен қауымдастықтарға (одақтарға) ерікті негізде бірігуге;

15.15. Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

15.16. қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

15.17. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

16. Партияның міндеттері:

16.1. Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау;

16.2. әрбір азаматтың өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын партия құжаттарымен, шешімдерімен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

16.3 тіркеуші органға Партияның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерінің өзгеруі және оның басшылары туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін мәліметтер көлемінде хабарлау;

16.4 өзінің қаржылық қызметі туралы есепті мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және көлемде ұсыну.

3. ПАРТИЯҒА МҮШЕ БОЛУ.

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

17. Партияға мүшелік ерікті, жеке және тіркелетін тәртіпте болады.

18. Он сегіз жасқа толған, Партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, Партияның Жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді іске асыруға белсенді түрде қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы Партияның мүшесі бола алады.

19. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған құқығы жоқ адамдардың Партияға мүше болуына жол берілмейді.

20. Партияға қабылдау туралы шешім азаматтың өтініші негізінде бастауыш партия ұйымының жиналысында қабылданады.

21. Жекелеген жағдайларда партияға қабылдау туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы немесе Партияның өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Төралқасы, аумақтық партиялық ұйымының Саяси кеңесі қабылдауы мүмкін.

22. Партияға мүше болу тиісті партия құжатымен расталады.

23. Партияға мүше болуды тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

23.1. жазбаша өтініш негізінде Партиядан шыққанда;

23.2. азаматтықты жоғалтқанда;

23.3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткенде;

23.4. әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға, құқық қорғау органдарына қабылданғанда;

23.5. Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағасы және судьясы, Орталық сайлау комиссиясының, Республиканың Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы және мүшесі болып тағайындалғанда (сайланғанда);

23.6. басқа партияға кіргенде;

23.7. қайтыс болғанда, сондай-ақ азаматты қайтыс болды деп жариялаған немесе сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған кезде;

23.8. Партиядан шығарылғанда.

24. Мыналар:

24.1. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;

24.2. Партияның беделін түсіретін әрекет (әрекетсіздік) немесе Партияның мүдделеріне нұқсан келтіретін өзге де әрекет (әрекетсіздік);

24.3. Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын, басқа да құжаттарын, Партия органдарының шешімдерін сақтамау, Партиядан шығару үшін негіз болады.

25. Партиядан шығару туралы шешімді бастауыш партия ұйымының жиналысы қабылдайды. Жекелеген жағдайларда Партиядан шығару туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы, Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы немесе аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі қабылдауы мүмкін.

26. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің партияға мүше болуын тоқтату туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы қабылдайды.

Мәслихаттар депутаттарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің мүше болуын тоқтату туралы шешімді осы Жарғыға сәйкес Партияның Саяси кеңесі Төралқасының келісімі бойынша Партия филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы қабылдайды.

27. Партиядан шығару Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутатының, әкімнің және мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өзге де сайланбалы лауазымдарды атқаратын, Партиядан сайланған және ұсынылған адамның өкілеттіктерін тоқтату үшін негіз болады.

28. Партия мүшесіне партияішілік тәртіпті бұзғаны үшін ескерту, сөгіс, Партиядан шығару сияқты партия жазалары қолданылуы мүмкін.

29. Партия жазасын қолдану туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы, Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы, аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі, бастауыш партия ұйымының жиналысы қабылдайды.

30. Партияның Орталық аппараты есепке алу нысандарының негізінде Партияның өңірлік филиалдарының есептері бойынша Партияның мүшелерін есепке алуды жүзеге асырады, оны жүргізу тәртібін Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекітеді.

31. Партия мүшелерін есепке алу цифрлық қосымшалар мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, электрондық форматта жүргізіледі, ол үшін Партияның Орталық аппаратында филиалдардың есептері негізінде Партия мүшелерінің электрондық дерекқоры жүргізіледі.

32. Партия мүшелерінің тиісті есебін қамтамасыз ету үшін Партия Орталық аппаратының Басшысы, Партияның өңірлік филиалдарының, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының Төрағалары дербес жауапты болады.

33.  Партияның мүшесі:

33.1. Партия мен партия ұйымдарының бағдарламалық және өзге де құжаттарын әзірлеуге қатысуға;

33.2. Партия органдарына сайлауға және сайлануға;

33.3. Партиядан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттығына кандидат, мәслихаттар депутаттығына кандидат, әкімге кандидат болып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне ұсынылуға;

33.4. өз пікірін еркін білдіруге, Партия қызметінің мәселелерін талқылауға, ауызша немесе жазбаша нысанда ұсыныстар енгізуге, кез келген партия органын, Партияның кез келген мүшесін сынауға;

33.5. Партияның қорғауы мен қолдауын пайдалануға;

33.6. Партияның кез келген органына оны қызықтыратын мәселелер бойынша жүгінуге және мәні бойынша жауап алуға;

33.7. Партияның және оның сайланбалы органдарының қызметі туралы ақпарат алуға;

33.8. партия органдарына сайланған Партия мүшелерін қайта сайлау, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың Партияның тізімдері бойынша сайланған депутаттарын кері қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;

33.9.      Партияға жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмыс жүргізуге;

33.10. Партиядан шығу туралы мәселені өз бетінше шешуге;

33.11.      үш ай ішінде Партиядан шығару, партияның жазалау шараларын қолдану туралы шешімге жоғары тұрған партия органдарына шағымдануға;

33.12.      бастауыш партия ұйымдарына ерікті негізде бірігуге құқылы.

34. Партия мүшесінің міндеттері:

34.1. Партия Жарғысының, Бағдарламасының және басқа да құжаттарының талаптарын қатаң сақтау;

34.2. Партияның мақсаты мен міндеттерін насихаттауға белсенді қатысу;

34.3. Партияның Жарғысының, Бағдарламасының және басқа да құжаттарының талаптары мен нормаларын түсіндіру және қорғау;

34.4. партия органдарының шешімдерін орындау;

34.5. Партия қызметіне белсенді қатысу;

34.6. Партия мүлкіне, құжаттарына, рәміздеріне ұқыппен қарау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

34.7. тек бір бастауыш партия ұйымында есепте тұру.

4. ПАРТИЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.

ПАРТИЯНЫҢ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

1.1.          Партияның ұйымдық құрылымы

35. Партия аумақтық-өндірістік белгісі бойынша құрылады және мыналардан:

35.1. Партия мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде құрылатын бастауыш партия ұйымдарынан;

35.2. аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құрылатын және өз құрамында бастауыш партия ұйымдарын біріктіретін аумақтық партия ұйымдарынан;

35.3. облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, Қазақстан Республикасының астанасында құрылатын және өз құрамында аумақтық партия ұйымдарын біріктіретін Партияның өңірлік филиалдарынан тұрады.

 

4.2. Партияның органдары

4.2.1. Партияның съезі

36. Партияның төрт жыл ішінде кемінде бір рет шақырылатын Cъезі Партияның жоғары басшы органы болып табылады.

37. Партия Cъезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

37.1. Партияның Жарғысы мен Бағдарламаларын бекіту;

37.2. Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

37.3. Партия мүшелерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, бір мандатты округтер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ретінде ұсыну, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту;

37.4. Саяси кеңес пен Ревизия комиссиясының есептерін тыңдау және бекіту;

37.5. Партия Төрағасын сайлау және қызметтен босату;

37.6. Партияның Саяси кеңесі мен Ревизия комиссиясының мүшелігіне сайлау және мүшелігінен шығару;

37.7. заңнамалық актілерде белгіленген шектерде Партияның басқа заңды тұлғалар мен өз филиалдарын құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдер қабылдау;

37.8. Партияны ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау;

37.9. 36.4. және 36.6-тармақтарда көрсетілген мәселелер Партияның Съездерінде төрт жыл ішінде кемінде бір рет кезеңділікпен қаралады.

38. Партияның Съездері Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімімен шақырылады. Жекелеген жағдайларда Партия Төрағасының шешімі бойынша Партияның кезектен тыс Съезі шақырылуы мүмкін.

39. Съездің күнін, уақытын, өткізілетін орнын, күн тәртібінің жобасын, Партияның әрбір өңірлік филиалынан қатысатын делегаттарының санын (Съезд делегаттары өкілдігінің нормасын) және оларды сайлау тәртібін Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы немесе  Партияның Төрағасы айқындайды. 

40. Партия Съезінің делегаттары Партияның өңірлік филиалдарының Конференцияларында сайланады. Жекелеген жағдайларда Партия Съезінің делегаттары Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімімен сайлануы мүмкін.

41. Партия Съезінің шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе жасырын) Съезд делегаттары айқындайды.

42. Партия Съезі оның жұмысына Партияның барлық филиалдарынан сайланған делегаттардың кемінде жартысы қатысқан кезде заңды болып саналады.

43. Партия Съезінің отырыстары Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы немесе Партияның Төрағасы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

 

4.2.2. Партияның Саяси кеңесі

44. Партияның Саяси кеңесі Партияның Съездері арасында Партияның басшы органы болады.

45. Партияның Саяси кеңесінің құзыреті:

45.1. қалыптасқан қоғамдық қатынастар бойынша Партия ұстанымын айқындау;

45.2. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан Партияның Саяси кеңесі Төралқасының мүшелерін сайлау, сондай-ақ Партия Төрағасының ұсынысы бойынша мүшелерді Партияның Саяси кеңесі Төралқасының құрамынан шығару;

45.3. Партияның Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауына, референдумдарға қатысуына байланысты мәселелерді қарау;

45.4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынуға кандидатураларды Партияның Саяси кеңесі Төралқасының ұсыныстары бойынша Партия Съезінің қарауына енгізу;

45.5. дауыс беру күніне дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына  кандидат тіркелгенге дейін және одан кейінгі кез келген уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою;

45.6. Партияның Ревизия комиссиясы туралы ережені бекіту;

45.7. Партия Съезінің айрықша құзыретіне жатпайтын басқа да шешімдерді қабылдау.

46. Партияның Саяси кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, оны Партия Төрағасы немесе Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы шақырады.

47. Партияның Саяси кеңесінің отырыстары Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы немесе Партияның Төрағасы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

48. Партияның Саяси кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады.

49. Партияның Саяси кеңесінің шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 

50. Партияның Саяси кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сауалнама алу арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.2.3. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы

51. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Партияның Съездері мен Партияның Саяси кеңесінің отырыстары арасындағы кезеңде Партияның басшы органы болады.

52. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасын Партияның Саяси кеңесі Партияның Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамының ішінен сайлайды.

53. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының құзыретіне мыналар кіреді:

53.1. Съездің және Партияның Саяси кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, Партия органдары қызметінің Партия Съездерінің шешімдерін орындау жөніндегі негізгі бағыттарын айқындау;

53.2. Партияның қоғам мен мемлекеттің маңызды саяси және
әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өтініштері мен жолданымдарының жобаларын Партияның Саяси кеңесінің қарауына енгізу;

53.3. Партияның Съезін шақыру туралы, Партия Съезінің күн тәртібінің жобасы туралы, Партияның Съезі өткізілетін күн, орын туралы, Партияның әрбір өңірлік филиалынан Съезд делегаттарының саны туралы (Съезд делегаттары өкілдігінің нормасы туралы), Съезді өткізу нысаны туралы (бетпе-бет, қашықтан, аралас және онлайн форматта) шешім қабылдау;

53.4. Партияның Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы, Партияның Саяси кеңесі отырысы күн тәртібінің жобасы туралы, оның өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы шешім қабылдау, Партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу нысанын айқындау (бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта);

53.5. Партияның Қазақстан Республикасының басқа саяси партияларымен және қоғамдық бірлестіктерімен қауымдастықтарға, одақтарға, блоктарға, коалицияларға ерікті негізде кіруі туралы шешімдер қабылдау;

53.6. Партияның Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Партия Съезінің қарауына енгізу;

53.7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну бойынша, оның ішінде бір мандатты округтер бойынша ұсыныстарды Партияның Саяси кеңесінің қарауына енгізу;

53.8. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мандаттарын партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында бөлу;

53.9. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Партияның депутаттық фракциясын құру туралы шешім қабылдау;

53.10. Партия Төрағасының ұсынуы бойынша депутаттық фракцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партияның депутаттық фракциясының Басшысы лауазымына кандидатура бойынша ұсынымдар енгізу;

53.11. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партияның депутаттық фракциясы шешімдерінің күшін жою;

53.12. партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ротациялау туралы шешімдер қабылдау;

53.13. партиялық тізім бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдау;

53.14.  Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің қарауына енгізуге ұсынатын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидатураларды келісу;

53.15. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихаттар депутаттарының мандаттарын бөлу туралы шешімінің жобасын келісу;

53.16. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихаттар депутаттарын ротациялау туралы шешімінің жобасын келісу;

53.17. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының партиялық тізім бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері қайтарып алу туралы шешімінің жобасын келісу;

53.18. аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды кері қайтарып алу туралы шешімдерді келісу;

53.19. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының партия ұсынған әкімдерді, депутаттарды Партиядан шығару туралы шешімін келісу;

53.20. Партияның өңірлік филиалдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта атау жөніндегі ұсыныстарды Партия Съезінің қарауына енгізу;

53.21. өңірлік филиалдар Конференцияларының аумақтық партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдерін бекіту;

53.22. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Партия Төрағасының орынбасарларын тағайындау және босату;

53.23. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша өңірлік филиалдар Төрағаларын тағайындау және босату;

53.24. Партияның өңірлік филиалдары Төрағаларының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракция Басшысы мен мүшелерінің есептерін тыңдау;

53.25. Партия қызметі үшін қажетті құжаттарды, оның ішінде:

- Партияның Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракциясы туралы ережені;

- Партияның мәслихаттардағы депутаттық фракциялары (топтары) туралы ережені;

- Партияның Орталық аппараты туралы ережені;

- Партияның Жастар ұйымы туралы ережені;

- Партияның партиялық-саяси жұмыстың түрлі бағыттары бойынша қоғамдық консультативтік-кеңесші комиссиялары мен жұмыс топтары туралы ережелерді;

- Партияның мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу, партия билеттерін беру және алып қою тәртібі туралы ережені;

- Партияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді;

- Партиялық көтермелеу және партиялық жазалау шаралары туралы ережелерді бекіту;

53.26. Партия Төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда Съезд Партия Төрағасын сайлаған кезге дейінгі мерзімге Партия Төрағасы орынбасарларының біріне Партия Төрағасының өкілеттіктерін жүктеу туралы шешім қабылдау;

53.27. партиялық-саяси жұмыстың түрлі бағыттары бойынша Комиссиялар мен Жұмыс топтарын құру;

53.28. мемлекеттік органдардың мемлекеттік наградаларымен, құрметті атақтарымен, ведомстволық наградаларымен наградтауға кандидатураларды бекіту;

53.29.  Партия мүшелігіне қабылдау, Партия мүшелігінен шығару және жаза қолдану туралы шешім қабылдау;

53.30. Партиядан шығарылған және партиялық жаза қолданылған адамдардың апелляцияларын қарау;

53.31. Партияның кез келген органын шақыру туралы шешім қабылдау;

53.32. Партия съезінің делегаттарын сайлау;

53.33. Партия Съезі мен Партияның Саяси кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын Партия қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

54. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының отырыстарын Партия Төрағасы шақырады және, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды болады.

55. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының отырыстары қажеттілігіне қарай бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізіледі.

56. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

57. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

58. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Партия Төрағасының қарауына оның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді беруге, сондай-ақ төмен тұрған партия органдары шешімдерінің күшін жоюға құқылы.

 

4.2.4. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросы

59. Партия Төрағасының шешімімен құрылатын Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросы Партияның атқарушы органы болып табылады.

60. Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының дербес құрамын Партияның Төрағасы айқындайды.

61. Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының құзыретіне Партияның Төрағасы оның қарауына енгізетін кез келген мәселелер, оның ішінде Партияға қабылдау және/немесе Партияға мүше болуды тоқтату мәселелері кіреді.

62. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросын қажет болған жағдайда Партияның Төрағасы шақырады. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросын Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының мүшесі шақыра алады.

63. Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының отырысы, егер оған мүшелердің жартысынан көбі қатысса, заңды болады. Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Партия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.

64. Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.2.5. Партияның Төрағасы

65. Партияның Төрағасы – Партияның Съезінде сайланатын Партиядағы жоғары басшы тұлға.

66. Партия Төрағасының құзыретіне мыналар кіреді:

66.1. Партияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

66.2. Партияның Съезін шақыру туралы, Партияның Съезі күн тәртібінің жобасы туралы, Партияның Съезі өткізілетін күн, орын туралы, Партияның әрбір өңірлік филиалынан келетін Съезд делегаттарының саны туралы (Съезд делегаттары өкілдігінің нормасы туралы), Съезді өткізу нысаны туралы (бетпе-бет, қашықтан, аралас және онлайн форматта) шешім қабылдау;

66.3. Партияның Съезін ашу және оған төрағалық ету;

66.4. Партияның Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы, Партияның Саяси кеңесі отырысы күн тәртібінің жобасы туралы, ол өткізілетін күн, уақыт және орын туралы шешім қабылдау, Партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу (бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта) нысанын айқындау;

66.5. Партияның Саяси кеңесінің, оның Төралқасының және Партияның Саяси кеңесі Төралқасы Бюросының жұмысына басшылық жасау, олардың отырыстарында төрағалық ету;

66.6. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросын құру және оның дербес құрамын айқындау;

66.7. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасына, Партияның Саяси кеңесіне, Партияның Съезіне Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар енгізу;

66.8. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасына Партия Төрағасының орынбасарларын тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізу;

66.9. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасына Партияның өңірлік филиалдарының Төрағаларын тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізу;

66.10. Партия Төрағасы Орынбасарларының, өңірлік филиалдар мен аумақтық партия ұйымдары Төрағаларының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін бекіту;

66.11. Партия Съезіне Партияның Саяси кеңесінің, Партияның Ревизиялық комиссиясының сандық және дербес құрамы, сондай-ақ Партияның Ревизиялық комиссиясы Төрағасының кандидатурасы бойынша ұсыныстар енгізу;  

66.12. Партияның Саяси кеңесіне Партияның Саяси кеңесі Төралқасының сандық және дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;  

66.13. Партияның Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракциясының жұмысын үйлестіру, ал оны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп сайлаған жағдайда Партияның Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракциясына басшылық ету;

66.14. Партияның өңірлік филиалдары мен аумақтық партия ұйымдары Төрағаларының есептерін тыңдау;

66.15. Партияның өңірлік филиалдары мен аумақтық партия ұйымдары Төрағаларының атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі туралы шешімдер қабылдау;

66.16. Съезд, Партияның Саяси кеңесі, Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының Бюросы қабылдаған хаттамаларға, шешімдерге, қаулыларға, өтініштерге, жолданымдарға және басқа да құжаттарға қол қою;

66.17. Партияның Орталық аппаратының құрылымын, штат кестесін, қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы, материалдық және моральдық көтермелеу шараларын, олардың іссапарлары, демалыстары туралы ережелерді бекіту;

66.18. Партияның кез келген органын шақыру туралы шешім қабылдау;

66.19. Партия Съезінің, Партияның Саяси кеңесінің, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған Партия қызметінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.

67. Партия Төрағасы:

67.1. Партия атынан сенімхатсыз әрекет етеді және үшінші тұлғалармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, ел ішінде де, шетелде де саяси партиялармен қарым-қатынастарда оны білдіреді;  

67.2. өкімдер шығарады, бұйрықтарға, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды, Партияның мүлкі мен ақшалай қаражатына иелік етеді;

67.3. Партияның Орталық аппаратының Басшысын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, оның өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды, оны көтермелеу немесе оған тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешімдер қабылдайды;

67.4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Партия Фракциясы аппаратының басшысын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, оның өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды, оны көтермелеу немесе оған тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешімдер қабылдайды;

67.5. Партияның Саяси кеңесі Төралқасына мемлекеттік органдардың мемлекеттік наградаларымен, құрметті атақтарымен, ведомстволық наградаларымен наградтауға кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;

67.6. партиялық наградалармен наградтау жөнінде шешімдер қабылдайды;

67.7. төмен тұрған партия органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқығы бар;

67.8. Партияның басқа да лауазымды адамдарына өкімдер шығаруға, бұйрықтарға, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қоюға, Партияның мүлкі мен ақшалай қаражатына иелік етуге, Партия Төрағасының өзге де өкілеттіктерін орындауға өкілеттік беруге құқығы бар;

67.9. заңнамада және Партияның Жарғысында белгіленген өзге де құқықтары бар.

68. Партия Төрағасының өкілеттіктері Партияға мүше болу тоқтатылған, өзі өкілеттіктерін ерікті түрде доғарған, Съезд Партия Төрағасының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

 

4.3. Партияның өңірлік филиалдары

69. Партияның құрылымдық бөлімшелері Партияның өңірлік филиалдары болып табылады және Партия Съезінің шешімдерімен құрылады.

70. Партияның Өңірлік филиалдары заңды тұлғалар болып табылмайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептік тіркеуден өтеді, Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекіткен Ереже негізінде әрекет етеді, өз қызметінде Партияның Жарғысын және бағдарламалық құжаттарын, Партияның басшы органдарының шешімдерін басшылыққа алады және Партия мүлкін пайдаланады.

 

4.3.1. Партия өңірлік филиалының Конференциясы

71. Партияның өңірлік филиалының Конференциясы Партияның Өңірлік филиалының жоғары басшы органы болып табылады.

72. Партияның өңірлік филиалы Конференциясының құзыретіне мыналар кіреді:

72.1. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылғаннан басқа, Партияның өңірлік филиалы қызметінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

72.2. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің есептерін тыңдау;     

72.3. Партияның өңірлік филиалы төрағасының ұсынысы бойынша Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау және оның құрамынан мүшелерді шығару туралы шешім қабылдау;

72.4. Партия Съезінің делегаттарын сайлау туралы шешім қабылдау;

72.5. Партия Съезінде бекітілген бағдарламалық құжаттар негізінде аумақтық сайлау округі бойынша Партияның сайлау алдындағы бағдарламасын бекіту;

72.6. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттары етіп сайлау үшін адамдардың партиялық тізімін бекіту;

72.7. Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесі ұсынатын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидаттарды ұсыну туралы шешім қабылдау;

71.8. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекіткеннен кейін күшіне енетін аумақтық партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау.

73. Партияның өңірлік филиалының Конференциялары Партия Төрағасының, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының, Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының, Партияның өңірлік филиалы Төрағасының шешімімен шақырылады.

74. Партия өңірлік филиалының Конференциясын шақыру туралы шешім қабылдаған орган немесе лауазымды адам Партияның өңірлік филиалы Конференциясы өткізілетін күнді, уақытты, орынды, күн тәртібінің жобасын, әрбір аумақтық партия ұйымынан делегаттарының санын (Партияның өңірлік филиалы Конференциясы делегаттары өкілдігінің нормасы туралы) және оларды сайлау тәртібін айқындайды. 

75. Партияның өңірлік филиалының Конференциясы оның жұмысына Конференция делегаттары жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.         

76. Партияның өңірлік филиалы Конференцияларының отырыстары цифрлық технологияларды пайдалану тәртібімен бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

77. Партияның өңірлік филиалы Конференциясының шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе құпия) конфереция делегаттары айқындайды. 

 

 

4.3.2. Партияның Өңірлік филиалының Саяси кеңесі

78. Партияның өңірлік филиалының Конференциялары арасында Партияның Өңірлік филиалының басшы органы Партияның өңірлік филиалының Конференциясы сайлайтын, саны 11 – 19 адамнан тұратын Партияның Өңірлік филиалының Саяси кеңесі болып табылады.

79. Партияның Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:

79.1. Партия съезінің, Партияның Саяси кеңесінің, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының, Партия Төрағасының, Партияның өңірлік филиалы Конференциясының шешімдерін іске асыру;

79.2. Партияның өңірлік филиалы төрағасының ұсынысы бойынша Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің құрамынан Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының мүшелерін сайлау;

79.3. Партияның Өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының аумақтық партия ұйымдарын құру туралы ұсыныстарын Партияның өңірлік филиалы Конференциясының қарауына енгізу;

79.4. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін өңірлік филиал Саяси кеңесі Төралқасы ұсынатын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкіміне кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды Партияның өңірлік филиалы Конференциясының қарауына енгізу;

79.5. Партияның жоғары және басшы органдарының, Партияның өңірлік филиалдары Конференцияларының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

80. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Партияның Төрағасы, Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы, Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы не Партияның Өңірлік филиалының Төрағасы шақырады.

81. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады.

82. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің отырыстары цифрлық технологияларды пайдалану арқылы бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

83. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің шешімдері қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе құпия) Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелері айқындайды.

84. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сұрау арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.3.3. Партияның Өңірлік филиалы

Саяси Кеңесінің Төралқасы

85. Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесі өз құрамынан саны
5 – 7 адамнан тұратын Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасын сайлайды.

86. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының құзыретіне мыналар кіреді:

86.1. Партияның жоғары тұрған органдарының шешімдерін іске асыру;

86.2. Партияның өңірлік филиалының Конференциясын шақыру;

86.3. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы шешім қабылдау;

86.4. аумақтық партия ұйымы Төрағасының ұсынысы бойынша бастауыш партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

86.5. Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесіне аумақтық партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;

86.6. Партияның Съезінде бекітілген бағдарламалық құжаттар негізінде аумақтық сайлау округі бойынша Партияның сайлауалды бағдарламасын Партияның өңірлік филиалы Конференциясының қарауына енгізу;

86.7. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің қарауына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкіміне кандидаттар ұсыну жөнінде ұсыныстар енгізу;

86.8. тиісті мәслихаттарда Партияның депутаттық фракцияларын (топтарын) құру туралы шешім қабылдау және тиісті мәслихаттарда Партияның фракциясы (топтары) басшысының кандидатурасын ұсыну;

86.9. Партия ұсынған мәслихат депутаттары мен әкімдердің есептерін тыңдау;

86.10. аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі аумақтық партия ұйымы Конференциясының қарауына енгізуге ұсынатын аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидатураларды келісу;

86.11. Партияның Саяси кеңесі Төралқасымен келісілгеннен кейін партиялық тізім бойынша сайланған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері шақырып алу туралы шешім қабылдау;

86.12. Партияның Саяси кеңесі Төралқасымен келісілгеннен кейін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкіміне және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды кері шақырып алу туралы шешім қабылдау;

86.13. Партия мүшелігіне қабылдау, Партия мүшелерінен шығару және жаза қолдану туралы шешім қабылдау;

86.14. бастауыш партия ұйымдары Партиядан шығарған адамдардың апелляциялары мен шағымдары бойынша мәселелерді қарау;

86.15. Партия Жарғысына қайшы келетін аумақтық және бастауыш партия ұйымдары мен олардың органдары шешімдерінің күшін жою;

86.16. Партияның өңірлік филиалы Төрағасының ұсынысы бойынша аумақтық партия ұйымдары Төрағаларын тағайындау және қызметтен босату;

86.17. аумақтық партия ұйымдары Төрағаларының есептерін тыңдау;

86.18. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келіскеннен кейін Партия ұсынған сайланған әкімді, мәслихат депутатын Партиядан шығару туралы шешім қабылдау;

86.19. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихат депутаттарының мандаттарын бөлу, сондай-ақ оларды партиялық тізім шеңберінде ротациялау;

86.20. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін партиялық тізім бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері шақырып алу туралы шешім қабылдау;

86.21. Партияның өңірлік филиалы Конференциясының қарауына партиялық тізім бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алу туралы ұсыныстар енгізу;

86.22. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

87. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оны Партияның Төрағасы, Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы немесе Партияның өңірлік филиалының Төрағасы шақырады.

88. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болады.

89. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс  беру нысанын (ашық немесе құпия) Партия өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының мүшелері айқындайды.

90. Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

4.3.4. Партияның Өңірлік филиалының төрағасы

91. Партияның өңірлік филиалының Төрағасы – Партияның өңірлік филиалындағы басшы тұлға.

92. Партияның өңірлік филиалының Төрағасы Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.

93. Партияның өңірлік филиалы Төрағасының құзыретіне мыналар кіреді:

93.1. Партияның жоғары тұрған органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

93.2. Партияның өңірлік филиалының Конференциясын шақыру;

93.3. Партияның өңірлік филиалының Конференциясын ашу және оған төрағалық ету;

93.4. Партияның өңірлік филиалының қызметіне, Партияның Саяси кеңесінің, оның Төралқасының қызметіне басшылық жасау, олардың отырыстарын шақыру және төрағалық ету;

93.5. Партияның тиісті мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіру;

93.6. Партияның төмен тұрған партиялық органдарының қызметін үйлестіру;

93.7. Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасына, Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесіне және Партияның өңірлік филиалының Кконференциясына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының депутаттығына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкіміне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

93.8. Партияның өңірлік филиалы Конференциясының қарауына Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің сандық және дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;

93.9. Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесіне Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының мүшелерін сайлау үшін өңірлік филиалдың Саяси кеңесі мүшелерінің құрамынан кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу;

93.10. Партияның мүшелерін бақылауды және тиісті есепке алуды қамтамасыз ету;

93.11. Партияның Орталық аппаратына есептер мен ақпараттар беру;

93.12. аумақтық партия ұйымдарының қызметіне басшылық ету;

93.13. Аумақтық партия ұйымының Конферецияларын шақыру;

93.14. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің отырыстарын шақыру;

93.15. аумақтық партия ұйымдарын құру және олардың қызметін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

93.16. Партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасына аумақтық партия ұйымының Төрағасы етіп тағайындау үшін кандидатура бойынша және аумақтық партия ұйымының Төрағасын қызметтен босату үшін ұсыныстар енгізу;

93.17. бастауыш партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер шығару;

93.18. бастауыш партия ұйымының Жиналысын шақыру;

93.19. Партияның өңірлік филиалы Төрағасының орынбасарларын тағайындау және қызметтен босату;

93.20. Партияның жоғары тұрған органдары мен оның филиалдарының құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелерді шешеді.

94. Партияның өңірлік филиалы Төрағасының өкілеттігі ол өкілеттіктерін өз еркімен доғарған, оның Партияға мүше болуы тоқтатылған, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының шешімімен қызметтен босатылған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

95. Партияның өңірлік филиалы Төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Партия Төрағасы Партияның өңірлік филиалының жаңа Төрағасы тағайындалған кезге дейінгі мерзімге Партияның өңірлік филиалы Төрағасының өкілеттіктерін Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасы мүшелерінің біріне жүктеу туралы шешім қабылдайды.

96. Партияның өңірлік филиалының Төрағасы не оны алмастыратын адам өз қызметін Партия Төрағасының сенімхаты негізінде жүзеге асырады.

 

4.4. Аумақтық партия ұйымдары

97. Аумақтық партия ұйымдары Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекіткеннен кейін күшіне енетін Партияның өңірлік филиалы Конференциясының шешімдерімен құрылады.

 

4.4.1. Аумақтық партия ұйымының Конференциялары

98. Аумақтық партия ұйымының жоғарғы органы Аумақтық партия ұйымының Конференциясы болып табылады.

99. Аумақтық партия ұйымы Конференциясының құзыретіне мыналар кіреді:

99.1. аумақтық партия ұйымы қызметінің мәселелерін шешу;

99.2. аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің есебін тыңдау;

99.3. аумақтық партия ұйым Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау,

99.4. аумақтық партия ұйым Саяси кеңесінің құрамынан мүшелерді шығару;

99.5. өңірлік филиал Саяси кеңесі Төралқасымен келісілгеннен кейін Партияның аумақтық филиалының Саяси кеңесі ұсынатын аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар ұсыну туралы шешім қабылдау.

100. Аумақтық партия ұйымының Конференциясы Партия Төрағасының, Партияның Саяси кеңесі Төралқасының, Партияның өңірлік филиалы Төрағасының, Партияның Өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының, аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің, Аумақтық партия ұйымы Төрағасының шешімімен шақырылады.

101. Аумақтық партия ұйымының Конференциясын шақыру туралы шешім қабылдаған орган немесе лауазымды адам аумақтық партия ұйымының Конференциясы өткізілетін күнді, уақытты, орынды, күн тәртібінің жобасын, әрбір бастауыш партия ұйымынан делегаттарының санын (аумақтық партия ұйымы Конференциясы делегаттары өкілдігінің нормасы туралы) және оларды сайлау тәртібін айқындайды. 

102. Аумақтық партия ұйымының Конференциясы оның жұмысына делегаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.

103. Аумақтық партия ұйымы Конференцияларының отырыстары Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бетпе-бет, қашықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

104. Аумақтық партия ұйымы Конференциясының шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе құпия) аумақтық партия ұйымы Конференциясының делегаттары айқындайды.

 

4.4.2. Аумақтық партия ұйымының

Саяси кеңесі

105. Аумақтық партия ұйымының Конференциясы сайлайтын, саны
5 – 9 адамнан тұратын аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі аумақтық партия ұйымының Конференциялары арасындағы аумақтық партия ұйымының басшы органы болып табылады.

106. Аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:

106.1. жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін орындау;

106.2. бастауыш партия ұйымдарының қызметін үйлестіру;

106.3. Өңірлік филиалдың Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін аумақтық партия ұйымы Конференциясының қарауына аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

106.4. Партия мүшелерінің тиісті есебін қамтамасыз ету;

106.5. Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

106.6. Партия мүшелігіне қабылдау;

106.7. Партия мүшелігіне қабылдау, Партия мүшелігінен шығару және жаза қолдану туралы шешім қабылдау;

106.8. Партияның өңірлік филиалының Төралқасына партия ұсынып сайланған әкімді, мәслихат депутатын Партия мүшелігінен шығару туралы ұсыныстар енгізу;

106.9. Партияның Жарғысына қайшы келетін бастауыш партия ұйымдары шешімдерінің күшін жою;

106.10. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

107. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оларды Партия Төрағасы, Партияның өңірлік филиалының Төрағасы, аумақтық партия ұйымының Төрағасы шақырады.

108. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады.

109. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

110. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сұрау арқылы қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.4.3. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы

111. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы – аумақтық партия ұйымындағы басшы тұлға.

112. Аумақтық партия ұйымның Төрағасы Партияның өңірлік филиалы Төрағасының ұсынысы бойынша Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесі Төралқасының шешімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

113. Аумақтық партия ұйымы Төрағасының құзыретіне мыналар кіреді:

113.1. Партияның жоғары тұрған партия органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;  

113.2. аумақтық партия ұйымының қызметіне басшылық жасау;

113.3. бастауыш партия ұйымдарының қызметін үйлестіру;

113.4. өңірлік филиалдың Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесіне аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;      

113.5. Партия мүшелерін бақылауды және тиісті есепке алуды қамтамасыз ету;

113.6. Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

113.7. Партияның мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіру;    

113.8. аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің отырыстарын шақыру және оларға төрағалық ету;    

113.9. Партияның өңірлік филиалының Төралқасына, Партияның өңірлік филиалының Төрағасына бастауыш партия ұйымдарын құру және олардың қызметін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;

113.10. бастауыш партия ұйымының Жиналысына бастауыш партия ұйымының Төрағасы етіп сайлау және бастауыш партия ұйымының Төрағасын қызметтен босату үшін кандидатура бойынша ұсыныстар енгізу;

113.11. Партияның жоғары тұрған органдары мен оның филиалдарының құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелерді шешу.

114. Аумақтық партиялық ұйымы Төрағасының өкілеттігі оның Партияға мүшелігі тоқтатылған, өзінен өкілеттіктерін ерікті түрде доғарған, Партияның өңірлік филиалының Саяси кеңесі Төралқасы оны аумақтық партиялық ұйымы Төрағасының міндеттерінен босату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

115. Аумақтық партия ұйымы Төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы аумақтық партия ұйымы Төрағасының өкілеттіктерін Партияның өңірлік филиалы Төрағасының ұсынысы бойынша аумақтық партия ұйымының жаңа Төрағасын тағайындаған кезге дейін аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесі мүшелерінің біріне жүктеу туралы шешім қабылдайды.

116. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы не оны алмастыратын адам өз қызметін Партияның өңірлік филиалының Төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

 

4.5. Бастауыш партия ұйымдары

117. Бастауыш партия ұйымдары Партияның негізі болып табылады.

118. Бастауыш партия ұйымдары Партия мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде құрылады.

119. Бастауыш партия ұйымын құру үшін Партия мүшелерінің бастамашыл тобы Партияның өңірлік филиалының Төрағасына өтінішпен жүгінеді.

120. Бастауыш партия ұйымын құру туралы шешімді Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы қабылдайды. Жекелеген жағдайларда бастауыш партия ұйымдары Партияның Саяси кеңесі Төралқасының, Партия Төрағасының немесе Партияның өңірлік филиалы Төрағасының шешімдерімен құрылады.  

121. Бастауыш партия ұйымдары Партияның кемінде үш мүшесі болған кезде құрылады.

122. Бастауыш партия ұйымының жоғарғы органы жиналыс болып табылады.

123. Бастауыш партия ұйымы жиналысының құзыретіне мыналар кіреді:

123.1. бастауыш партия ұйымы қызметінің мәселелерін шешу;

123.2. бастауыш партия ұйымы Төрағасының есептерін тыңдау;

123.3. бастауыш партия ұйымының Төрағасын сайлау және оны қызметтен босату, оның ішінде аумақтық партия ұйымы Төрағасының ұсынысы бойынша;

123.4. әкімдерге, мәслихат депутаттарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

123.5. Партия мүшелігіне қабылдау, Партия мүшелігінен шығару және жаза қолдану туралы шешім қабылдау;

123.6. Партияның мақсаты мен міндеттерін алға жылжыту бойынша жаппай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

123.7. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

124. Бастауыш партия ұйымының жиналысы бастауыш партия ұйымы Төрағасының шешімі бойынша шақырылады. Жекелеген жағдайларда бастауыш партия ұйымының жиналысын Партия Төрағасы, Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы, Партияның өңірлік филиалының Төрағасы шақыра алады.

125. Бастауыш партия ұйымының жиналысы оның жұмысына бастауыш партия ұйымы мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.

126. Бастауыш партия ұйымы жиналысының шешімдері қатысып отырған бастауыш партия ұйымы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

 

4.5.1. Бастауыш партия ұйымының Төрағасы

127. Бастауыш партия ұйымының басшысы бастауыш партия ұйымының Төрағасы болып табылады.

128. Бастауыш партия ұйымының Төрағасын бастауыш партия ұйымының Жиналысы сайлайды.

129. Бастауыш партия ұйымы Төрағасының өкілеттігі Партияға мүшелігі тоқтатылған, өкілеттіктерін өз еркімен доғарған, бастауыш партия ұйымының Жиналысы бастауыш партия ұйымы Төрағасының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

130. Бастауыш партия ұйымы Төрағасының құзыретіне мыналар кіреді:

130.1. бастауыш партия ұйымының қызметіне басшылық жасау;

130.2. жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін орындау;

130.3. Партия мүшелерінің тиісті есебін қамтамасыз ету;

130.4. Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

130.5. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

 

4.6. Партияның Ревизия комиссиясы

131. Партияның Ревизия комиссиясы Партияның бақылау органы болып табылады.

132. Партияның Ревизия комиссиясын Партияның Съезі саны 3 – 7 адам етіп сайлайды және ол өз қызметінде Партияның Съезіне есеп береді.

133. Ревизия комиссияның Төрағасы Партия Съезінде Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Ревизия комиссиясының мүшелерінен сайланады.

134. Партияның Ревизия комиссиясының құзыретіне мынадай тексерулер кіреді:

134.1. Съездің және Партияның басшы органдарының шешімдерін тиісінше орындау;

134.2. іс-қағаздардың өтуінің белгіленген тәртібі және құжат айналымының жай-күйі;

134.3. Партияның органдарына, өңірлік филиалдар мен аумақтық партия ұйымдарына азаматтардан келіп түскен хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарау бойынша жұмыс жүргізу;

134.4. Партия бюджетінің атқарылуы;

134.5. Партияның, сондай-ақ Партияның қаражаты есебінен құрылатын еншілес және еншілес тәуелді ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі;

134.6. бухгалтерлік және статистикалық есепке алуды жүргізудің қолданыстағы стандарттар мен нормаларға сәйкестігі.

135. Ревизия комиссиясының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Ревизия комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңды болып саналады.

136. Партияның Ревизия комиссиясының шешімдері, Тексеру актілері Ревизия комиссиясының отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және оны Партияның барлық органы, құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдары орындауға міндетті.

 

4.7. Партияның Орталық аппараты

137. Партияның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылатын Партияның Орталық аппараты Партияның жұмыс органы болып табылады.

138. Партияның Орталық аппараты Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекіткен Ереже негізінде әрекет етеді.

139. Партияның Орталық аппараты Партияның, оның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ақпараттық, талдамалық, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

140. Партияның Орталық аппараты Партия Съезі, Партияның Саяси кеңесі және Партияның Саяси кеңесі Төралқасы, Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Бюросы шешімдерінің, Партия Төрағасы, оның орынбасарлары шешімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

141. Партияның Орталық аппаратын қаржыландыру Партияның бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

5. ПАРТИЯДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ, ДЕПУТАТТЫҚҚА, ӘКІМІНЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ САЙЛАНБАЛЫ ЛАУАЗЫМДАРҒА КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ ТӘРТІБІ.

ПАРТИЯДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАРДЫ КЕРІ

ШАҚЫРЫП АЛУ НЕГІЗДЕРІ

 

142. Партиядан Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкіміне және мүшелеріне кандидаттар ұсыну, сайланбалы органдар құрамында өзара
іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ оларды кері шақырып алу немесе ротациялау негіздері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, осы Жарғыда және Партияның басқа да құжаттарында айқындалады.

143. Партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісіне, мәслихаттарға депутат болып сайланған Партия мүшесінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы, оны мерзімінен бұрын кері шақырып алуға алып келеді.

144. Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаты, әкім немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайланған Партия мүшесінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы Партиядан шығарылуға алып келеді.

145. Партиялық тізім бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақырып алу туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы қабылдайды.

146. Партиялық тізім бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу туралы шешімді Партияның Саяси кеңесінің Төралқасымен келісілгеннен кейін Партияның өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Төралқасы қабылдайды.

147. Депутатты кері шақырып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

147.1. соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

147.2. Партияның беделін түсіретін және Партияға нұқсан келтіретін әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаса;

147.3. Партияның Жарғысын, Партия органдарының бағдарламалық құжаттарын, шешімдерін сақтамаса;

147.4. ол Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе;

147.5. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;

147.6. оны заңнамаға сәйкес депутаттың немесе әкімнің міндеттерін орындаумен үйлеспейтін лауазымға сайласа немесе тағайындаса;

147.7. денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар және басқа да себептер бойынша отставкаға кету туралы жеке өтінішпен жүгінсе;

147.8. ол Партиядан шықса немесе шығарылса;

147.9. Партия қызметін тоқтатса;

147.10. соттың оны әрекетке қабілетсіз, әрекет ету қабілеті шектеулі,
хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда және Конституцияда көзделген өзге де жағдайларда;

147.11. партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында ротация жүргізілсе;

147.12. және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда.

148. Мәслихат депутатын кері шақырып алу мынадай жағдайларда да жүзеге асырылады:

148.1. мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылса;

148.2. ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;

148.3. ол өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде өзі құрамына сайланған мәслихаттың отырыстарында дәлелсіз себептермен жүйелі түрде болмаса.

149. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақырып алу туралы шешім қабылданған жағдайда Партияның басшы органы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақырып алу туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

150. Мәслихат депутатын кері шақырып алу туралы шешім қабылданған жағдайда Партияның өңірлік филиалының Конференциясы тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутатын кері шақырып алу туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

151. Депутатты ротациялау мынадай жағдайда жүзеге асырылады:

151.1. оны заңнамаға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен үйлеспейтін лауазымға сайласа немесе тағайындаса;

151.2. денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар және басқа да себептер бойынша ротациялау туралы жеке өтінішпен жүгінсе;

151.3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе;

151.4. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақырып алу жөнінде, оның ішінде ротациялау жолымен партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында шешім қабылдаса;

151.5. Партияның өңірлік филиалының Конференциясы мәслихат депутатын кері шақырып алу жөнінде, оның ішінде ротациялау жолымен партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін мәслихат жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында шешім қабылдаса.

152. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын ротациялау туралы шешім қабылданған жағдайда Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Орталық сайлау комиссиясына депутатты ротациялау туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

153. Мәслихат депутатын ротациялау туралы шешім қабылданған жағдайда Партияның өңірлік филиалының Конференциясы аумақтық сайлау комиссиясына депутатты ротациялау туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

154. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Партия тізіміне енгізілгендер қатарынан келесі кандидатураны айқындайды және Орталық сайлау комиссиясының қарауына енгізеді.

6. ПАРТИЯНЫҢ ӨКІЛДІ

ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

 

155. Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттар депутаттарының, олардың депутаттық бірлестіктерінің қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

7. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

ЖӘНЕ ПАРТИЯНЫҢ МЕНШІГІ

 

156. Партияның қаражаты мыналардан құралады:

156.1. мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтары, егер осы қайырмалдықтар құжатпен расталған және олардың түсім көзі көрсетілген болса;

156.2. Партияның кәсіпкерлік қызметінен түсетін кірістер;

156.3. бюджет қаражаты.

157. Қайырмалдыққа жол берілмейді:

157.1. шет мемлекеттерден, шетелдік заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан;

157.2. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан;

157.3. шетел қатысатын заңды тұлғалардан;

157.4. мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардан;

157.5. діни бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдардан;

157.6. жасырын түрде қайырмалдық жасаушылардан;

157.7. халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан гранттар мен өзге де қаражат алатын Қазақстан Республикасының азаматтарынан немесе мемлекеттік емес ұйымдардан.

158. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы Жарғыда көзделген қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажет мүлікті, сондай-ақ өз қаражаты есебінен құрылған ұйымдарды  меншігінде ұстай алады.

159. Партияның өңірлік филиалдары мен аумақтық партия ұйымдары Партияға тиесілі мүлікті пайдалануға құқылы, ал олардың басшылары оның сақталуына Партия алдында жауапты болады.

160. Партияның қаржы қаражаты мен өзге де мүлкі Партия мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалады.

161. Партияның мүшелері Партияның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ Партия да өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Партия мүшелерінің Партия мүлкіне қатысты құқықтары жоқ.

162. Партияның лауазымды адамдары Партияның ақшалай қаражаты мен мүлкінің сақталуы мен нысаналы пайдаланылуы үшін жауапты болады.

163. Партияның жылдық қаржылық есептілігі жыл сайын республикалық мерзімді басылымдарда жарияланады.

 

 

8. ПАРТИЯНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР

МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ

164. Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы Партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені Партия Съезінің қарауына енгізеді.

165. Партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар, егер оларға Партияның Съезіне қатысқан делегаттардың кемінде жартысы дауыс берсе, енгізіледі.

166. Партияның Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелуге тиіс.

9. ПАРТИЯНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

167. Партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бірігу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу) Партия Съезінің шешімі бойынша жүргізіледі.

167.1. Партия:

- Партия Съезінің шешімі бойынша;

- сот шешімі бойынша;

- өңірлердің кемінде жартысын білдіретін оның мүшелерінің кемінде елу бір пайызының ұсынысы бойынша таратылуы мүмкін.

167.2. Партияның құрылымдық бөлімшелері:

- Партия Съезінің шешімі бойынша;

 - сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

168. Партия таратылған жағдайда Тарату комиссиясы тағайындалады.

169. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне тиісті жазба енгізілгеннен кейін Партияны тарату аяқталды, ал Партия өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

10. ПАРТИЯНЫҢ РӘМІЗІ

170. Партияның рәміз ретінде өз туы, әнұраны, эмблемасы, төсбелгісі болады.

171. Партия эмблемасының мөрлерде, бланкілерде, партия құжаттарында, Партияға мүше болуды растайтын төсбелгілерде болуы міндетті.

172. Осы Жарғының №1 қосымшасына сәйкес партия эмблемасы градиентті пайдалана отырып, алтын түсте орындалған ортасында шаңырақ бейнеленген киіз үйдің стильдендірілген бейнесі жанында орналасқан партия атауы болып табылады;

173. Партия туы – осы Жарғыға №2 қосымшаға сәйкес тікбұрышты мата, ені мен ұзындығының арақатынасы бірге екі мөлшерде – ортасында Партияның эмблемасы бейнеленген. Партия жалаушаның екі нұсқасын қолданады: жасыл фонмен және алтын эмблемамен, ақ фонмен және алтын эмблемамен.

174. Төсбелгі осы Жарғының №3 қосымшасына сәйкес Партия эмблемасы пішініндегі нысанда болады.

175. Моральдық көтермелеу атрибуттарының үлгілерін Партияның Саяси кеңесінің Төралқасы бекітеді.

 

    «ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ, ГҮЛДЕНЕДІ ЕЛІМІЗ» САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ

     ПРЕАМБУЛА

        ХХІ ғасыр басы қазақстандықтар үшін жасампаз еңбек, тарихи кемелденген мемлекет пен демократиялық белсенді қоғам құру кезеңіне айналды. Біз осы уақыт аралығында халқымыздың даналығы мен төзімділігі арқасында қазіргі заманның сын-қатерлеріне ұтымды жауап бере білдік.

    Қазақстандықтардың ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтаған, сонымен бірге сенімді түрде заманауи инновацияларды пайдаланатын дамудың жоғарғы сатысындағы гүлденген мемлекет құруға қажетті әлеуеті бар. Халқымыздың тарихи құндылықтары, мүмкіндіктері мен әлеуеті Қазақстан келешегін бүгіннің өзінде айқындап отыр.

    Мұндай ұстаным «Ауыл» партиясынан өз қызмет ету механизмдері мен тәсілдерін ұдайы жетілдіруді, ақпараттық кеңістікте мейлінше белсенді жұмыс істеуді талап етеді.

    Біздің партияның миссиясы – әрбір қазақстандыққа лайықты өмір сүруге мүмкіндік жасау. Біз еліміздің гүлденуіне, Қазақстанның әрбір азаматының әл-ауқатының артуына өз үлесімізді қосып келеміз, қоса да береміз.  Біз тұрақты келешек қалыптастыру жауапкершілігін өз мойнымызға алуға, осы жолда жетістікке жету үшін тер төгуге дайынбыз. Біз отандастарымыздың мүдделері үшін жауапты шешімдер қабылдауда өзге саяси күштермен диалогқа ашықпыз. 

    БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

    Көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеретін қазіргі кезеңде жылдам әрі ұтымды дамуды қамтамасыз етудің негізгі факторы – қоғамымыздың құндылықтары.

    Біз еліміздің іргелі құндылықтарын қолдаймыз. Олар – тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Бұл құндылықтар біздің қоғамдық құрылыстың берік әрі мықты іргетасын қалыптастырады.

    Оларға қосымша ретінде біз өз құндылықтарымызды тек бағыттаушы жұлдыз емес, сонымен қатар салауатты және гүлденген қоғам қалыптастырудың негізі ретінде басшылыққа аламыз. Өзгерістер уақыты инновацияларды талап етуі мүмкін, бірақ сақталған құндылықтар келешекте өз жемісін беретін мүмкіндіктердің түптамыры болуы тиіс. 

    Дәстүрге құрмет

    із ата-бабаларымыздан қалған мұраның құндылығын және ұлттық бірегейлігіміздің қалыптасуындағы дәстүрдің рөлін мойындаймыз. Біз өзіміздің ұлттық санамызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды зайырлылық қағидаларына негізделген қазіргі мәдени нормалармен үйлесімді түрде біріктіруге тиіспіз.

    Отбасы қоғамның негізі ретінде

    Отбасы қоғамның маңызды әрі іргелі бөлшегі. Біздің бастамалар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдауға, дені сау және тұрақты отбасылар санының өсуіне жайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Мәдени мұраны сақтау

    Қазақстанның мәдени әралуандығын көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу қажет. Алға сеніммен қадам басу үшін біз өз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеп, кең ауқымда танытуымыз керек.

    Шынайы отаншылдықты дамыту

    Отаншылдық – жалаң ұран емес, ол – жүрек тереңінен бастау алатын сезім. Отаншылдық адамның өз ауылындағы, үйі, ауласы мен қаласындағы тазалық пен тәртіпті бақылаудан, қоғамдық кеңістікке жауапкершілікпен қараудан басталады. Біз еліміздің келбетін жақсартуға, оның дамуына нақты істерімен өз үлесін қосатын шынайы отаншыл азаматтарды тәрбиелейміз.

    Қоғам негізі – адал азамат

    Адал азамат дегеніміз – өз еңбегімен лайықты жетістікке қол жеткізген, адалдық пен әділеттілікті барлығынан жоғары қоятын адал адам. Біз прогрессивті ұлтқа айналу үшін өзіміздің барлық күш-жігерімізді адал азаматтарды қалыптастыруға жұмсаймыз.

    1-БӨЛІМ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯ

       «Ауыл» партиясының экономикалық стратегиясы Қазақстанды аграрлық державаға айналдыруға және деурбанизацияға негізделген.

       Қазақстанның аграрлық державаға айналуы агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтар әлеуетін толық ашатын жағдайды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің ақша-несие, салық және кедендік-тарифтік саясаты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталатын болады.

       Деурбанизация біз үшін тек қалалықтардың ауылды жерге көшуі емес. Біз қала мен ауылдың өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қысқарту арқылы ауылдық жердің өмір сүру мен еңбек етуге ыңғайлы орта ретіндегі маңызын арттырамыз. Ол үшін біз заманауи технологияларға, білімге, медициналық қызмет пен инфрақұрылымға ауылда қол жеткізуге жағдай жасаймыз. Бұл өз кезегінде ауылдық аймақтың сақталуына, ауыл шаруашылығының дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына ықпал етеді.

        1.1. Экономикалық саясат қағидалары

    Партия экономикалық саясатының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету. Ол үшін біздің экономикалық саясатымыз келесі ұстанымдарға негізделеді:

     1) экономиканы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын негізге ала отырып, жоспарлы дамыту қағидаты. Жоспарлау мемлекетке тұрақты экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық және табыстың әділетті бөлінуі сияқты ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық үдерістер мен экономиканың түрлі секторларының қызметін тиімді басқаруға мүмкіндік береді;

    2) агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамыту басымдығы. Бұл – ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылда өмір сүру мен жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылып, айрықша ресурстар жұмсалады деген сөз. Аталған қағидат ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар, фермерлер мен ауыл кәсіпкерлерін қолдау, ауыл инфрақұрылымына, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын инвестициялау, сонымен бірге ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашып, мүмкіндік жасау сияқты қадамдарды қамтиды;

    3) жер қатынастарын жетілдіру. Жер тек халыққа тиесілі – бұл біз үшін аксиома. Жерге иелік ету құқығы Қазақстан азаматтарынан өзге ешкімге берілмеуі тиіс. 6 Сонымен бірге Қазақстан азаматтығынан шығу автоматты түрде жерді пайдалану құқығынан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалану құқығынан айыруды білдіруі тиіс;

    4) ауылдық жердегі кооперацияға тірек болу. Кооперация ресурстарды пайдалану тиімділігіне, шағын және орта бизнестің дамуына, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздіктің қысқаруы мен әлеуметтік ынтымақтастың нығаюына ықпал етеді. Біз бизнесті ұйымдастырудың кооперативтік формаларын қолдау үшін Конституцияға тиісті түзетудің енгізілуіне бастамашылық етеміз;

    5) экономиканың аграрлық секторының экологиялығы. Бұл қағидат экологиялық тұрақты технологиялардың өндіріске енгізілуін, ауыл шаруашылығын жүргізудің органикалық әдістерін, су ресурстары мен агрохимикаттарды тиімді пайдалануды бақылауды білдіреді. Аграрлық сектордың экологиялығы биологиялық әралуандықтың сақталуына, халық денсаулығы мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына ықпал етпек.

        1.2. Кәсіпорындар мен инновацияларды қолдау

    Біздің партия кәсіпорындардың дамуы мен инновацияларды ынталандыру үшін жайлы орта қалыптастыруды жақтайды. Бұл үшін біз еліміздің жаһандық экономикада бәсекелестікке қабілеттілігін жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз.

    Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлік тауарлары мен терең өңдеу кәсіпорындарын ынталандыратын салық саясатына, оның ішінде қосымша құн салығына тыйым салуға қол жеткізетін боламыз. Сонымен қатар, партия отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін түсінікті және ашық тетіктер жасау мақсатында ауыл шаруашылығы өніміне ішкі квота тетігін енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Біз бұл қадамның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жергілікті өндірушіні қолдауда, бағаны реттеуде, инвестицияларды ынталандыру мен импортқа тәуелділікті азайтуда айтарлықтай басымдықтар беретініне сенімдіміз.

    Отандық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан аумағындағы жаңа инновациялық өндірістерді қолдау да маңызды мәселелердің бірі саналады. Сондықтан біз коммуналдық тарифтерді бекіту мен жаңа инновациялық жобалар, әсіресе әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өндіру үшін белгілі уақытқа дейін жеке салық салу бойынша мемлекеттік кепілдікті енгізуге бастамашылық жасаймыз. 

    Біз жаңартылатын ресурстарды дамыту жөніндегі ұлттық стратегияны қабылдауға бастамашылық етеміз. Субсидиялар беру қағидаларын жеңілдетуге және олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

        1.3. Еңбек қатынастары

    Біздің экономикалық стратегиямызда әділетті еңбек қатынастарының маңызы зор. Біз әділетті жалақының, қауіпсіз еңбек шарты мен кәсіби өсу үшін қажетті мүмкіндіктердің жасалуына қол жеткіземіз.

    Жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақ қозғалысы – партияның басты әлеуметтік серіктесі. Біз үшін негізгі басымдық – отандастарымыздың еңбек құқықтарын қорғау және кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықта әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету.

        2-БӨЛІМ: АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ

    Біздің партия ауылды аумақтардың теңдестірілген дамуын қамтамасыз ету үшін заманауи және тұрақты тәсілдерді енгізу арқылы ауыл экожүйесін даярлауды қолдау бойынша шаралар қабылдайды. Аталған жұмыстың соңғы нәтижесі шаруашылықты тиімдірек жүргізуге қажетті жағдайды жасау арқылы өз мүшелерінің әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатын кооперация болуы мүмкін..

        2.1. Ауылды аймақтарда тұрақты инфрақұрылым құру

    Ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында біздің партия тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған бағдарламалардың даярлануы мен ұсынылуына қол жеткізеді. Бұл жұмыс үш бағытта жүзеге асырылады:

    – әлеуметтік инфрақұрылым. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы білім беру жүйесіне, медициналық қызметке, мәдени демалыс мүмкіндіктеріне қол жеткізуін білдіреді;

    – инженерлік инфрақұрылым. Бұл аумақтық коммуналдық және жол шаруашылықтары тұтас жүйесінің қалпына келтірілуін білдіреді;

    – өндірістік инфрақұрылым. Осы мақсатта ауылдық аумақтардың дамуын қолдауға (заманауи өндіріс объектілері мен инфрақұрылымның салынуын қоса алғанда) арналған бағдарламалар мен инвестициялық жобалар іске қосылады. 

    Бұдан бөлек, «Ауыл» партиясы шекара маңы аумақтарының маңыздылығын есепке ала отырып, әскери қызмет зейнеткерлері мен балалар үйлерінің түлектері үшін ауылдық аумақтарда оларды ауыл шаруашылығы мен аралас салаларда жұмыспен қамтитын шағын әрі жинақы елді мекендердің салынуына бастамашылық етеді.

        2.2. Экологиялық тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау

    Біз тиімділікті қоршаған ортаны қорғаумен үйлестіретін ауыл шаруашылығының маңыздылығын жете түсінеміз. Партия ауыл шаруашылығындағы экологиялық тұрақты өндірісті ынталандыруға бағытталған субсидия жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдайды.

    Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы Су ресурстарының қолжетімділігіне тікелей байланысты. Сондықтан біз теңдестірілген су саясатын іске асыруға және трансшекаралық суды тиімді пайдалану мәселелерін шешуге қол жеткізетін боламыз.

    Климаттың өзгеруі мәселесінің өзектілігін ескере отырып, біз жаңа климаттық жағдайларға бейімделу бойынша нақты іс-қимыл жоспарын қабылдауға бастамашы боламыз. Сонымен бірге, біз, азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған, айналымнан шығарылған жерді барынша пайдалануға қол жеткіземіз.

        2.3. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуды қолдау

    Біз ауылда кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсу мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына ғана емес, сонымен бірге жергілікті қоғамдастықтар тұрақтылығын қамтамасыз етуге, олардың тауар мен түрлі қызметке қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға әрі ауылды жерлердің әлеуметтік дамуына ықпал ететініне нық сенімдіміз. Бұл үшін ауыл тұрғындарының кәсіби машықтарын арттыратын және олардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытатын оқыту бағдарламаларын енгізуге қол жеткіземіз.

    Біз жасыл және цифрлық трансформацияға бағытталған модельді фермаларды құру шараларын қолға аламыз. Жергілікті жердегі кәсіпкерліктің дамуына қуатты катализатор болатын жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бағдарламасын ілгерілетумен айналысамыз. Біз «Бір ауыл – бір өнім» қағидатының мұнда өз өміршеңдігін көрсетіп, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты табыс әкеліп қана қоймай, нарық назарын аударатын бірегей және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасауға ықпал ететініне сенімдіміз.

        2.4. Ауыл туризмі мен экомәдени бастамаларды қолдау

    Біз ауылдық қауымның ерекше табиғаты мен мәдениетін мойындаймыз. Ауыл экожүйесін қолдау мақсатында, біз, ауыл туризмін дамытып, экомәдени бастамаларды қолдау арқылы биологиялық әралуандық пен ауыл өмірінің дәстүрлерін сақтауға және оларды үнемі назарда ұстауға қолдау көрсетеміз.

    3-БӨЛІМ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

    Партияның әлеуметтік саясаты әлеуметтік топтардың, бастысы, адамның дамуына бағытталған. Әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау мен білім беру салалары, сонымен бірге отбасы мәселелері ерекше назарда болады.

        3.1. Зейнетақы жүйесін реформалау

    Біз білім беру жүйесінің қоғамның болашағы үшін маңызы зор екенін мойындаймыз. Біздің бар күшіміз халықтың барлық тобы үшін жоғары сапалы білімге жол ашатын білім беру бағдарламаларын қолдауға бағытталады. Сондай-ақ өңірлердің мамандануын ескере отырып, ауылдық жерлерде заманауи, технологиялық тұрғыдан жабдықталған мектептер мен агроколледждердің салынуына қол жеткіземіз.

    Біз ауыл мектептерінің түлектері үшін негізгі міндеті әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын «Ауылдан диплом үшін!» жобасын іске қосамыз. Ауылды жерде еңбек еткісі келетін жас мамандар үшін жекешелендіру құқығы берілген тұрғын-үй салу бағдарламасын іске қосуға бастамашы боламыз. 

    Ауылдардағы маман тапшылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы мамандары мен әлеуметтік сала қызметкерлері үшін еңбек өтілін бір жарым еселік мөлшерде есептеуге қол жеткіземіз. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын шаруашылық жүргізу машықтарына оқытатын білім таратудың Ұлттық жүйесін құруға бағытталған шараларды қолға аламыз.

    Үкімет пен қоғам тарапынан кешенді ұстаным мен қолдауды талап ететін маңызды мәселенің бірі – күштік құрылым зейнеткерлерін, спортшылар мен қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды азаматтық өмірге бейімдеу. «Ауыл» партиясы тиісті білім беру бағдарламасын даярлауға қол жеткізеді. 

        3.2. Білім беруге қатысты тәсіл

        Біз білім беру жүйесінің қоғамның болашағы үшін маңызы зор екенін мойындаймыз. Біздің бар күшіміз халықтың барлық тобы үшін жоғары сапалы білімге жол ашатын білім беру бағдарламаларын қолдауға бағытталады. Сондай-ақ өңірлердің мамандануын ескере отырып, ауылдық жерлерде заманауи, технологиялық тұрғыдан жабдықталған мектептер мен агроколледждердің салынуына қол жеткіземіз.

        Біз ауыл мектептерінің түлектері үшін негізгі міндеті әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын «Ауылдан диплом үшін!» жобасын іске қосамыз. Ауылды жерде еңбек еткісі келетін жас мамандар үшін жекешелендіру құқығы берілген тұрғын-үй салу бағдарламасын іске қосуға бастамашы боламыз.

        Ауылдардағы маман тапшылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы мамандары мен әлеуметтік сала қызметкерлері үшін еңбек өтілін бір жарым еселік мөлшерде есептеуге қол жеткіземіз. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын шаруашылық жүргізу машықтарына оқытатын білім таратудың Ұлттық жүйесін құруға бағытталған шараларды қолға аламыз.

        Үкімет пен қоғам тарапынан кешенді ұстаным мен қолдауды талап ететін маңызды мәселенің бірі – күштік құрылым зейнеткерлерін, спортшылар мен қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды азаматтық өмірге бейімдеу. «Ауыл» партиясы тиісті білім беру бағдарламасын даярлауға қол жеткізеді.

        3.3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру

    Біз сапалы медициналық қызметке қолжетімдікті қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесіне үлкен мән береміз. Ол үшін біз ауылдық аймақтардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға ықпал ететін «Ауыл дәрігері» жобасына бастамашыл боламыз. Біз аталған жобаның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға сеп боларына, медициналық көмекке қол жеткізудегі қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

    Жағдайлары тым төмен жандарға арналған әлеуметтік бағдарламалар да басты назарымызда болады. 

        3.4. Отбасылық саясат

    Отбасы құндылықтарын қолдау – әлеуметтік саясатымыздың негізі. Біз отбасыларға қолайлы орта қалыптастыратын (тұрғын үй бағдарламаларын, балалар жәрдемақысы мен қолдаудың өзге де формаларын қоса алғанда) шаралардың жүзеге асырылуына қол жеткіземіз.

    Осы мақсатта, біз, Қазақстанда отбасыларды қаржылық қолдаудың «ана капиталы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу, ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде балалары бар аналарға ай сайынғы жәрдемақыларды белгілеу, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша түсінікті және пәрменді бағдарламаларды енгізу жөнінде шаралар қабылдаймыз. 

    4-БӨЛІМ: ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА САПАЛЫҚ ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

    БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ

    Жастардың, ең алдымен, көшпелілер дәстүрі мен құндылықтарының мұрагерлері ретінде партиямыз үшін рөлі өте зор. Олар бүкіл елдің дамуына ықпал ететін инновациялар мен қуат әкеледі.

    Біз жастардың жаңа сапалық қасиеттерін қалыптастыру мен олардың бастамаларын қолдау заманауи қоғамдағы табысты әрі креативті өмір сүруге қабілетті, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары буынды қалыптастыруға бағытталған басты қадам деп есептейміз.

        4.1. Жастар арасында еңбекке құрметті насихаттау

    Еңбекқорлық, іскерлік пен жауапкершілік, білім алу мен өзін-өзі дамытуға ұдайы ұмтылыс – үйлесімді тұлғаның бұл аталған қасиеттерінің барлығы да еңбек адамына тән. Ыждағатты еңбек әрдайым жетістіктерге жетелеп, ал жоғары санатты мамандар барлық саланың дамуын қамтамасыз етеді.

    Біз өз ісінің мамандары ғана қоғамның басты назарында болуы, ал жастардың оларға еліктеуі тиіс екеніне сенімдіміз. «Еңбек адамды, ал адам өз дәуірін көрікті етеді» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан біз қоғамда, әсіресе жастар арасында еңбек адамдарын дәріптеумен белсенді түрде айналысамыз.

        4.2. Тұлғалық дамуға қажетті білім ортасын қалыптастыру

    Біз жастардың жаңа қасиеттері мен тұлғалық дамуын арттыруға бағытталған арнайы мамандандырылған білім беру алаңын қалыптастыруға күш саламыз. Көшбасшылық саласын, креативтілік пен әлеуметтік жауапкершілікті қамтитын аталған орта жастарды жан-жақты интеллектуалды дамытуға бағытталады.

        4.3. Жастардың инновациялық бастамаларын қолдау

    Біздің партия жастардың инновациялық бастамаларын белсенді қолдауға бағытталған шараларды қабылдайды. Бұған, соның ішінде жас көшбасшылардың шығармашылық көзқарасын ынталандыру және өмірдің әртүрлі саласында инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында олар ұсынған жобаларды қаржыландыру үшін қор құру кіреді.

        5-БӨЛІМ: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

    Біз мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі реформалау ашық әрі тиімді қоғамға апарар жолдағы, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуындағы маңызды қадам деп есептейміз.

    Сол үшін біз негізгі институттардың қалыптасуына азаматтардың қатысуын қамтасыз етуді жақтаймыз. Біз оның өз кезегінде, азаматтарға өз қаласы мен қоғамдастығының болашағын айқындауға белсенді қатысу мүмкіндігін беретініне сенімдіміз.

        5.1. Әкімдерді сайлау: шынайы өзін-өзі басқаруды дамыту

    «Ауыл» партиясы Президенттің аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайланбалығын дамыту идеясын қолдайды. Себебі тікелей сайлау демократиялануға бағытталған нақты векторды көрсетеді.

    Сайлау тұрғындардың өз сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін көшбасшыларды таңдау арқылы аумақтарын басқаруға тікелей мүмкіндік береді. Бұл әкімдерді тиімдірек әрі ашық жұмыс істеуге ынталандырады.

    Әкімдерді сайлау азаматтық қоғамның дамуына ықпал ететін болады. Бұл қоғамның тұрақты дамуына негіз болатын саяси ақпарат алу мен азаматтық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді.

    Әкімдердің сайлануы билікке деген сенімнің артуына ықпал етеді. Азаматтар өз қалалары мен аудандары басшыларының сайлануына тікелей ықпал ете алатынын көргенде олардың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады. Бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына және жалпы климаттың жақсаруына әсер етеді.

        5.2. Сот жүйесі: ашықтық және сайланбалық

    Біз сот жүйесінің ашықтығы мен тәуелсіздігін жақтаймыз. Ол үшін біз аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде азаматтардың алқа билерге дауыс беру тетігін енгізуді ұсынамыз.

    Біз сот корпусы құрамын дауыс беру арқылы айқындауға халықтың белсенді қатысуы сот жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ететініне сенімдіміз.

        5.3. Қоғамдық қауіпсіздікті жетілдіру

    Біз қоғамдағы қауіпсіздік пен сенімнің маңыздылығын мойындаймыз. Сондықтан біздің партия құқық қорғау органдарын кәсібилендіруге, әдептілікке және жауапкершілікке бағытталған полиция реформасын жүргізуді жақтайды.

    Осыған байланысты, біз ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторларын халықтың сайлауын енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздік жүйесін реформалайтын боламыз

       ҚОРЫТЫНДЫ

    Біздің бағдарлама – қоғамды дамытудың кешенді ұстанымы.

    Біздің партия қазақстандықтарды теңдестірілген, тұрақты және орнықты қоғам құру үшін құндылықтарымыз бен мұраттарымыз айналасында бірігуге шақырады.

    Біз еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету үшін азаматтармен және басқа да саяси күштермен жұмыс істеуге дайынбыз.

      Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарды сайлаудағы "Ауыл" партиясының бағдарламасы

       ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ДАМУ КУРСЫ

      Урбанизация деп аталатын үдеріске шамадан тыс жəне негізсіз құштарлық ауыл тұрғындарының кедейленуіне əкеліп соқтырды жəне оларды жаппай қалаларға қоныс аударуға итермеледі. Бүгінде қазақстандықтар, əсіресе жастар « ауыл» сөзін келешексіз, қалыпты өмір сүруге мүмкіндігі жоқ жермен байланыстырады. Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан əлі де импортқа, ал халық азық – түлік бағасының өсуіне тəуелді.

      Ал əлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады!

      Ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, біз əрбір қазақстандықтың лайықты өмірін қамтамасыз етеміз. Мұның бəрін шындыққа айналдыратын уақыт келді!

      «Ауыл»  партиясы  ұлттық  əл-ауқатты  арттырудың түбегейлі жаңа саясатын ұсынады жəне оны жүзеге асыруға дайын.

      Біз – елімізді индустриалды - аграрлық державаға айналдыру жəне сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі өте жоғары мемлекет құрамыз!

      Біз – бақуатты ауыл, дамыған қала мен қуатты мемлекет қалыптастырамыз!

      Біз – еңбек адамына деген құрметті қайтару, ауылда сапалы медицина мен білімді қолжетімді етеміз!

      Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешені эконо- миканы дамыту үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де маңызды стратегиялық мəнге ие. «Ауыл» партиясы ауыл проблемаларын біледі жəне оларды шешу бойынша нақты көзқарасы бар.

      Біздің саяси платформамызда жалпы ауылдық аумақтарды жəне əрбір ауылдық елді мекенді дамытуға, атап айтқанда, олардың өткір тұрған экономикасы, əлеуметтік, инженерлік жəне өндірістік инфрақұрылымы мəселелеріне маңызды рөл берілген. Ауылдарды дамыта отырып, біз қалаларды да дамытамыз, қала тұрғындарының игілігін арттырамыз.

      «Ауыл» партиясы өткен сайлау нəтижелеріне қарамастан, осы ұстанымдарды одан əрі қорғап, қолда бар барлық ықпал ету тетіктері мен ресурстарды пайдалана отырып, өз бағдарлама лық құжаттарын іске асыратын болады.

      Біз үшін Ауыл əрқашан басымдық пен құрметке ие!

       

       1. АУЫЛ МЕН АӨК-тің ЗАҢ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ КЕПІЛДІКТЕРІ!

      «Ауыл» партиясы еліміздің жоғарғы заң шыға- рушы органында өз сайлаушыларының мүдделерін қорғай отырып:

      - ауылдық аумақтар мен аграрлық салаға қатысты заңнамалық актілерге ревизия жүргізу, оның негізінде Қазақстанды индустриялық – аграрлық державаға айналдыру үшін тиімді құқықтық жағдайлар туғызатын оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;

      - ауыл халқын сапалы жəне тұрақты əлеуметтік қамтамасыз етуге, ауыл инфрақұрылымын тұрақты бюджеттік қаржыландыруға, аграрийлер мен отандық азық- түлік өндірушілерін сөзсіз мемлекеттік қолдауға берік кепілдіктер беретін «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң қабылдауға;

      - ауыл шаруашылығы жерлерін латифундистердің емес, халықтың пайдасына əділ түрде қайта бөлу мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексін қайта қарауға;

      - еңбек адамына ерекше құқықтық мəртебе беруге қол жеткізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері ретінде оларға қажетті артықшылықтар бере отырып, «елдің асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыруға;

      - əкімдер мен мəслихат депутаттарының халық алдындағы дербес жауапкершілігін күшейту үшін жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түбегейлі қайта қарауға, сондай-ақ олар халық қойған міндеттерді орындамаған кезде ең қатаң жазалау шараларын қолдануға ниетті.

       

      2. ИНДУСТРИАЛДЫ - АГРАРЛЫҚ ЕЛГЕ ЛАЙЫҚТЫ РЕФОРМАЛАР!

      Қазақстанды мықты индустриалды - аграрлық мемлекетке айналдыру саланы басқаруға мүлдем жаңа көзқарастарды қолдануды жəне жылдам даму үшін ең қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді. Сондықтан

      «Ауыл» партиясы:

      - барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін, шаруа жəне фермер қожалықтарын борыштық кредиттік жүктемеден, ал олардың активтерін кепіл ауыртпалығынан босату үшін қаржылық сауықтыруға;

      - 100% мемлекеттік жарғылық капиталмен Агробанк құруға;

      - екінші деңгейдегі банктер алдында аграрлық саланы қаржыландыру бойынша олардың пайда нормасын (пайыздық мөлшерлемені) мемлекеттік реттей отырып заңнамалық негізде міндеттемелерді белгілеуге;

      - ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын жəне азық- түлік тауарларын өндірушілер, сондай-ақ бастапқы жəне терең қайта өңдеу кəсіпорындары үшін салықтардың барлық түрлерін (əлеуметтік аударымдардан басқа) толық жоюға;

      - коммуналдық тарифтерді барлық АӨК нысандары, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен, сақтаумен жəне көтерме сатумен айналысатын шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары үшін өзіндік құн деңгейіне дейін субсиди- ялауды енгізуге;

      - агробизнес тиімділігінің төмендеуіне жəне экспорттың дамуына тікелей немесе жанама қатер төндіретін мемлекеттік органдар тарапынан шектеу немесе өзге де реттеу шараларын қолдануға тыйым салуды белгілеуге;

      - отандық бизнесті импорт қысымынан қорғау үшін жаңа кедендік-тарифтік саясатты əзірлеуге;

      - кооперативтерді атаулы қолдау жəне квазимем- лекеттік сектор ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу жəне өткізу жүйесін құруға ҰМТЫЛАДЫ.

       

      3. АУЫЛҒА ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС!

      Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын айтарлықтай əлеуметтік алшақтық бар. Ол экономиканың нақты секторына жəне ауылдың демографиялық əлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, əсіресе əйелдер мен жастар үшін қалаға бару «барса келмеске» айналды. «Ауыл» партиясы мұндай жағдайға төзбейді жəне ауылға ерекше назар аударуды талап етеді.

      Сондықтан «Ауыл» партиясы:

      - ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру жəне дамыту мəселелерінде кешенді жəне жүйелі тəсілді қолдануды;

      - ауыл əйелдерінің əлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасауды;

      - ауылдық елді мекендерді газдандыруды ұлғайтуды жəне оларды жоғары сапалы интернетпен қамтуды;

      - ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды КӨЗДЕЙДІ.

       

       4. УАТТЫ АУЫЛ – ЕЛДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ!

      Гүлденген ауыл жəне тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтан-дырады, урбанизацияға байланысты өткір əлеуметтік проблемаларды азайтады.

      «Ауыл» партиясы осы мақсатқа жету үшін:

      - қала тұрғындарын ауыл кəсіпкерлігін инвестиция- лауға тарту бағдарламасын ұсынады;

      - қажетті экономикалық ынталандырулар мен құқықтық кепілдіктер бере отырып, «қалалық» бизнесті ауылдарға көшіру жөніндегі бағдарламаны əзірлейді;

      - ауылдық жерде кемінде 20 жыл (жиынтығында) жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны ұлғайту туралы мəселеге бастамашы болады;

      - мерзімді жəне келісімшарттық əскери қызметтен демобилизацияланған ауыл тұрғындары үшін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарында тегін оқу жəне тұру мəселесін шешуге ұмтылатын болады;

      - ауылдық жерлерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа (мүгедектерге) əлеуметтік жəрдем- ақыларды ұлғайту туралы мəселеге бастамашы болады;

      - аз қамтылғандар мен əлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізуге бастама- шылық жасайды.

      - Азық–түлік сөрелерде өспейді, сөрелерде баға өседі!

      - Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды заңнамалық негізде ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген жəне қайта өңдеу кəсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Қосылған құн сол кезде ғана делдал емес, шаруалардың өздерінде қалады. Салалық  мемлекеттік

      органдар мен жалпы үкімет үшін негізгі жəне бірінші кезектегі міндет өндіріс көлемін, əсіресе экологиялық таза өнім көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қайта өңдеу мен логистикалық инфрақұрылымды жолға қою болуы тиіс.

      Қазақстанға өзгеріс қажет. Біз еліміздің шын мəнінде индустриалды - аграрлық, яғни, өзін – өзі қамтамасыз ететін, гүлденген жəне қауіпсіз болғанын қалаймыз!

      Біз Қазақстанның аграрлы болашағына сенеміз! Біз ауылда тұратын адамдарға сенеміз!

      Біз жарқын болашаққа деген үмітті шындыққа бірге айналдырамыз!

       

        «Ауыл жастары»

        Төраға: Рахымбек Дәурен Берікбайұлы

        «Ауыл жастары» жастар қанатының жұмысы туралы ақпарат

        «Ауыл жастары» жастар қанатына 20 облыстық филиал, 137 қалалық және аудандық өкілдіктер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша университеттер мен колледждер жанынан кіреді.

        Облыстық филиалдарда жастар бойынша 20 координатор жұмыс істейді

        2019 жылдан бастап «Ауыл жастары» жастар қанатының 5 республикалық форумы ұйымдастырылды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін 3 негізгі бағыт айқындалды:

        1. Ауылдық жерлерде 01 жастар кәсіпкерлігін дамыту жобасы. 2023 жылы Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 500-ден астам ауыл жастарын қамтитын семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Оқыту барысында 2,5% жеңілдікті кредиттер, өтеусіз гранттар, қаржылық көмек емес сияқты бизнес-идеяларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті филиалдар агро хакатонды қолдау бойынша консультациялар, кәсіпкерлік жобалар, жастар бастамалары конкурстарын өткізді.

        2. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аграрлық университеттер мен колледждердің студенттерін тарта отырып, мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жобасы бүгінде жастар ортасында ауыл шаруашылығы мамандықтарына сұраныс төмен. Аграрлық кәсіптің имиджін арттыру мақсатында «Ауыл жастары» қанатының өңірлік филиалдары оқушылардың шаруа қожалықтарына таныстыру сапарлары, агроуниверситеттердің Ашық есік күндері, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша көшпелі консультациялар сияқты іс-шараларды үнемі өткізеді.

        3. Ұлттық ат спорты ойындары, волейбол және футболдан жергілікті лигалар құрылды, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде тұрақты турнирлер өткізіледі.

        Рахымбек Дәурен Берікбайұлы

        «Ауыл жастары» төрағасы

        Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

        Төраға: Таңсауле Серіков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

        Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

         МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ

        «Ауыл» партиясы жанындағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия «Ауыл» партиясы Саяси Кеңесі Төралқасының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі 32 шешімімен құрылды. Бұл Комиссия партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның негізгі міндеттері:

        1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық өміріндегі проблемалық мәселелерді шешу жолдарын анықтау және көмек көрсету;

        2. «Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған 2006 жылғы 13 желтоқсандағы Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенция контексінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басымдықтарды айқындау жөніндегі ұсынымдарды, ұсыныстарды әзірлеу Қазақстан болып табылады;

        3. Мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар лшицтердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

        4. Мүгедектігі бар адамдар жағдайының мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

        5. Жәрдемдесу: - Экономикалық салада мүгедек адамдардың мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу; - Мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту; - Мүгедек адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу; - Мүгедек адамдардың нақты жағдайын, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі мүгедек адамдардың мүмкіндіктерінің теңдігін талдау мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру;

        6. Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар бойынша Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдар дайындау;

        7. Мүгедек адамдардың тыныс-тіршілігін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

        8. Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдар жағдайының аспектілерін неғұрлым толық көрсету мақсатында БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау;

        9. Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.

        10. Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және қарауға қатысу және т. б. Қазіргі уақытта 17 облыс орталығында және Республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік комиссиялар құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Өңірлік Саяси кеңестердің шешімі бойынша комиссиялардың төрағалары мен мүшелері тағайындалды, сондай-ақ іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

        Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы болып т.ж. Серіков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты тағайындалды.

        Таңсауле Серіков

        Комиссия төрағасы

        «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі республикалық комиссиясы

        Төраға: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

        "Мейірім құшағы" әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі республикалық комиссиясы туралы ақпарат

        «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі Комиссия «Ауыл» партиясы Саяси Кеңесі Төралқасының шешімімен 2023 жылғы 30 маусымда құрылды және «Ауыл» партиясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты әбден Қарақат Жақсылыққызы басқарады.

        Комиссияның негізгі міндеттері:

        • әйелдердің саяси көшбасшылығында көмек көрсету және шешу жолдарын айқындау;
        • әйелдердің, балалар мен отбасының мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
        • әйелдердің, балалар мен отбасының жай-күйі мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасының негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

        20 өңірде «Ауыл» партиясының өңірлік филиалдары жанынан Әйелдер, Балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиялар құрылды, комиссиялардың төрағалары, оның ішінде облыстық мәслихаттардың 8 әйел депутаты және аудандық мәслихаттың 1 депутаты тағайындалды. Комиссиялардың құрамына белсенді қоғамдық қызметпен айналысатын, өңірде үлкен тәжірибесі мен құрметі бар әйелдер кірді.  Қызмет басталғаннан бері комиссия мүшелері әр өңірде 200-ден астам тақырыптық және мерекелік іс-шаралар өткізді.

        АБДЕН ҚАРАҚАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

        Төрайымы

        «АУЫЛ НАҚЫШТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫ

        «АУЫЛ НАҚЫШТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫ

        «Ауыл» партиясы» жыл сайын «Ауыл нақыштары» атты дәстүрлі республикалық фотобайқауын өткізеді.

        Жылдан жылға бұл байқау фотосуретшелерді қызықтырады да, мотивация береді. 2023 жылы осы байқауға 122 фотосуретші қатысты.

        Байқаудың негізгі мақсаты – ауылдардың шынайы көріністері, әсем табиғаты арқылы ұлт бесігі – ауылға, оның тұрмыс-тіршілігіне көпшілік назарын аудару, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру.Ұйымдастырушылар әуесқой фотографтарға да, өз ісінің кәсіби мамандарына да бірдей шарт қойды. Осы уақытқа дейін онлайн форматта, еліміздің барлық өңірлерінен партияның сайты арқылы 500 жуық жұмыс келіп түсті. Әр қатысушының 3 фотодан жіберу мүмкіндігі болды. Құрамына партия басшылығы мен тәжірибелі фотографтар енген кәсіби қазылар алқасы туындылардың тақырыпқа сәйкестілігі, жұмысты бере білудің жаңашылығы, көңіл-күй және т.б. критерий арқылы іріктеу жүргізді. Қазылар өз отырысы нәтижесінде «Әлеуметтік желідегі жүлдегер» сынды арнайы сыйлық тағайындаужөнінде шешім қабылдап, іріктеу партияның Telegram каналында ашық дауыс беру арқылы жүргізілді. Ауыл еңбеккерінің қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында тағайындалған «Ауыл еңбеккерінің бейнесі» арнайы сыйлығы жүлдегері аталмыш тақырыптағы фотолар арасынан таңдап алынды.

        Қазіргі таңда байқауға қатысқан суреттер көшпелі фотокөрме ретінде республикамыздың барлық өңірінде көрсетілген. Ауыл тақырыбының пейзаждары, репортаждық түсірілімдер, документалды фотографиялар, портрет суреттері барлық көрермендерді қызықтырады.

        «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

        «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

         «Ауыл» партиясы» Орталық аппараты Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз  мерекесі қарсаңында ұлтымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан бата беру дәстүрін дәріптеу мақсатында «БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕР!» атты республикалық батагөйлер байқауын жыл сайын ұйымдастырады

        Бата мазмұны төмендегідей маңызды тақырыптарды қамтыды:

        • Ұлыстың ұлы күні, береке, бірлік, татулық, ұрпақ тәрбиесі, отбасылық және ұлттық құндылықтар;

        • Әділетті қоғам, «адал азамат», отаншылдық, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық;

        • Жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу мәселелері;

        • рухани болмысымызды кескіндейтін дәстүрлі өмір салты

        Байқаудың өту форматы: арнайы түсірілген бейне-таспа.

        Байқаудың жеңімпаздарына ақшалай сыйлақтармен марапатталады.

         

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        33 жылдан кейін Қазақстанда жастар Студенттік отрядтары қайта жанданды. Олардың қалыптасуы қазір су тасқынынан зардап шеккен басқа аймақтарда да жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Ауыл» партиясы» бірлесіп осы жобаға бастамашылық жасады. Бей-жай қарамайтын студенттер су тасқыны салдарын жоюға қатысады. Атап айтқанда, элементтерге байланысты баспанасыз қалғандар үшін жаңа шағын аудан құрылысына қатысады.

        Жасақ мүшелерінің арасында жазғы кезеңде жеке секторды дамытуда баға жетпес тәжірибе алатын болашақ құрылысшылар ғана емес. Бірақ су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккендерге көмектескен басқа мамандықтардың студенттері.

         

        «КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

        «КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

         «КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

        Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев «оқу мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс» деп атап өтті. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек қазақстандық оқушылардың 36% - ы оқу сауаттылығы жағынан ең төменгі деңгейге түскен.  Кітапханалардың да кітап қоры жаңармаған, көп кітапхана жабылып қалған. «Ауыл» партиясы» осыған орай ұйым төрағасы Серік Егізбаевтың бастамасымен  ауылдық кітапханалардың кітап қорын ұлғайту, қоғамның білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру бағытында шаралар ұйымдастыруды қолға алды.

        Аталған партия «Кітапқа екінші өмір сыйла!» жалпыреспубликалық акциясы аясында ел тұрғындарынан 18 мыңнан астам  кітап жинады. «Кітапқа екінші өмір сыйла!» атты Жалпы республикалық акциясы аясында 20 799 кітап жиналды. Бұл кітап қоры 20 облыстың 25 ауданына қарасты 59 ауылдық кітапханаларға салтанатты түрде тапсырылды.

         

        «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

        «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

         «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

        «Ауыл» партиясы» Жастар қанаты мен «+1» қоғамдық қоры бірлесіп, «Компьютерге екінші өмір сыйла!» атты акция ұйымдастыруда.

        Акцияның басты мақсаты – ауыл балаларының жан-жақты дамуына ықпал болу, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету. Статистикаға сүйенсек, компьютерлік техникаға 700 000 қазақстандық мұқтаж, оның 21% оқушылар.

        Қазіргі таңда волонтерлар істен шыққан, қолданыста болған компьютерлік техникаларды жинау жұмыстарын ұйымдастырып, қайта қалпына келтіріп, ауылдардағы мұқтаж балаларға тегін таратуда.

        Акция бүгінде дәстүрлі сипат алуда. «+1» қоғамдық қоры тарапынан өткен жылы Қазақстанның 11 өңірінде ауылдық жерлердегі балаларға 170 тарта ноутбук табысталған.