Партия туралы

«Ауыл» партиясы – Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партия. Партияның құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті. 2000 жылы 29 наурызда Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы – Серік Егізбаев. Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясы ТМД кеңістігіндегі ең ірі аграрлық партиялардың бірі болып табылады.

Партияның құрылуы

Бастамашыл топ «Ауыл» партиясын құру туралы шешім қабылдады.

2000 жыл
15 қаңтар

Ресми тіркеу

"Ауыл" шаруа социал-демократиялық партиясы " қоғамдық бірлестігін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті

2000 жыл
29 наурыз

Партияның бірігуі

Партияның XI кезектен тыс съезінде Қазақстан патриоттары партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды

2015 жыл
01 қыркүйек

Қайта құрылуы

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясының қосылуы нәтижесінде құрылды

2015 жыл
05 қыркүйек

Сайлау

2016 жылғы сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясының 38 өкілі маслихат депутаттары болып тағайындалды.

2016 жыл
20 наурыз

Президент сайлауы

Партия 2019 жыл Президент сайлауына қатысты. Кандидат: Төлеутай Рақымбеков

2019 жыл
09 маусым

Партия 2021 жылы өткен облыстық, қалалық және аудандық маслихат сайлауында 237 мүшесі жеңіске жетті, партияның 32 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды

2021 жыл
10 қаңтар

2021 жыл жастар саясатын қолдау үшін «Ауыл» жастар ұйымы құрылды.

2021 жыл
10 қыркүйек

Президент сайлауы

Партия 2022 жыл Президент сайлауына қатысты. Кандидат: Жигули Дайрабаев

2022 жыл
20 қараша

"Ауыл" ХДПП сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінде 8 депутаттық мандат алған елдің ең ірі саяси күштерінің бірі болып табылады

2023 жыл
19 наурыз

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1. «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Партия деп аталады) – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында түрлі әлеуметтік топ азаматтарының мүдделерін, саяси ерік-жігерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.  

2. Партияның толық атауы:

мемлекеттік тілде: ««Ауыл» Партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі;

орыс тілінде: Республиканское общественное объединение «Партия «Ауыл»»;

ағылшын тілінде: ««Auyl» Party» Republic рublic union.

Партияның қысқартылған атауы:

Мемлекеттік тілде: ««Ауыл» Партиясы»;

орыс тілінде: «Партия «Ауыл»»;

ағылшын тілінде: ««Auyl» Party».

3. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

4. Партияның басшы органдары мен оның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.

5. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Жарғыға және партия Бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.

6. Партия – меншік құқығында жеке мүлкі бар, осы мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленіп, жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңды тұлға.

7. Партия құқықтық қабілетке мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап ие болады және ол тарату аяқталған сәтте тоқтатылады.

8. Партияның дербес балансы, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттары, мемлекеттік және орыс тілінде өз атауы көрсетілген мөрі, мөртабандары мен бланкілері болады.

9. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда өзінің ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдістерін айқындауда еркін. 

10. Партия өз қызметін еріктілік, теңдік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негіздейді.

11. Партия Орталық аппаратының орналасқан жері: 

Z05X6C8, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, 

Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, 716 кеңсе.

 

2. ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТЫ, МӘСЕЛЕСІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

12. Партия мақсаты – халықтың мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарына негізделген гүлденген ауылдары мен қалалары бар аграрлық, саяси тұрақты, экономикалық күшті, әлеуметтік әділетті, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет құру.

13. Партия міндеттері:

13.1. қоғам мен мемлекетті дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды іске асыруға жәрдемдесу;

13.2. азаматтық қоғамның бостандық, демократия, әділеттілік қағидаттарында қалыптасуына қатысу; 

13.3. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын сайлауға қатысу;

13.4. Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімін, ұлттық патриотизмін нығайтуға жәрдемдесу;

13.5. саяси және қоғамдық көшбасшыларды іріктеу, ұсыну және қолдау;

13.6. Қазақстан Республикасының Парламентінде заң актілерін әзірлеуге және заң жобаларын талқылауға қатысу;

13.7. саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, оның ішінде жастар, әйелдер, салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау; 

13.8. шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде шаруа, фермер қожалықтарын дамытуға жәрдемдесу;

13.9. мемлекеттік билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

13.10. агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың ұзақ мерзімді ұлттық стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

14. Партия қызметінің мәні:

14.1. қоғамның саяси өміріне қатысу;

14.2. Партия жарғысында және бағдарламасында көзделген Партияның мақсатына қол жеткізуді және міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету; 

14.3. Партияның мақсаты мен міндеттерін ілгерілету және түсіндіру; 

14.4. заң шығару қызметіне қатысу; 

14.5. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарында және өзге де ұйымдарда білдіру және қорғау;

14.6. құрылымдық бөлімшелер мен бастауыш партия ұйымдарына әдістемелік, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсету және олардың қызметін ұйымдастыру; 

14.7. қайырымдылық қызметті жүзеге асыру; 

14.8. Партияның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, пикеттер, мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси акциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

14.9. Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; 

14.10.Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына қол жеткізуге және міндеттерін іске асыруға сәйкес келетін өзге де қызметті жүзеге асыру.

15. Партияның құқықтары:

15.1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарына, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттар ұсынуға, сондай-ақ өз өкілдері арқылы мәслихаттарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынуға; 

15.2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттыққа ұсынылатын үміткерлерге партияішілік іріктеу жүргізуге; 

15.3. мәслихаттар депутаттары – партия мүшелері арқылы барлық деңгейдегі әкімдердің кандидатураларын тағайындау кезінде оларды мәслихаттармен келісу рәсімдеріне қатысуға;

15.4. мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциялары (топтары) арқылы тиісті әкімдерге сенімсіздік білдіруге бастамашылық жасауға;

15.5. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутаттық фракция және барлық деңгейдегі мәслихаттарда партияның депутаттық фракцияларын (топтарын) құруға;

15.6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында депутаттық топ құруға бастамашылық жасауға;

15.7. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракция арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және оның мүшелеріне сенімсіздік білдіру туралы бастама жасауға;

15.8. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін саяси партиялармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасуға;

15.9. басқа елдердің саяси партияларымен байланыс орнатады, тиісті келісімдер жасасады, діни бірлестіктерді қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше ретінде кіруге;

15.10. өз қызметі туралы ақпарат таратады және оның мақсаты мен міндеттерін насихаттауға;

15.11. заңдарға сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар, басқа да қоғамдық-саяси акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

15.12. баспа және полиграфиялық қызметті жүзеге асыруға;

15.13. өз бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

15.14. Қазақстан Республикасының басқа саяси партияларымен және қоғамдық бірлестіктерімен бірлестіктерде (одақтарда) ерікті негізде бірігуге;

15.15. Партияның осы Жарғыда көзделген мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

15.16. қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға;

15.17. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

16. Партияның міндеттері: 

16.1.    Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Заңдарының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға;

16.2. әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын партиялық құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге;

16.3. тұрақты жұмыс істейтін Партия органының орналасқан жеріндегі өзгерістер туралы және оның басшылары туралы деректерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін мәліметтер көлемінде тіркеуші органға хабарлауға;

16.4. Мемлекеттік кіріс органдарына өзінің қаржылық қызметі туралы есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және көлемде ұсынуға міндетті.

 

3. ПАРТИЯҒА МҮШЕЛІК.

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

17. Партияға мүшелік ерікті, дербес және тіркелген түрде болады. 

18. Он сегіз жасқа толған, партияның жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партия жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді іске асыруға белсене қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы партия мүшесі бола алады.

19. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған құқығы жоқ адамдардың партияға мүше болуына жол берілмейді. 

20. Партияға қабылдау туралы шешім азаматтың жазбаша өтініші негізінде бастауыш партия ұйымының жиналысында қабылданады.

21. Кейбір жағдайларда партияға қабылдау туралы шешімді партия Саяси Кеңесінің Президиумы немесе партия өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы, Аумақтық партиялық ұйымның Саяси кеңесі қабылдауы мүмкін. 

22. Партияға мүшелік тиісті партиялық құжатпен расталады.

23. Партияға мүшелікті тоқтату келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

23.1. жазбаша өтініш негізінде партиядан шығу;

23.2. азаматтығынан айрылу;

23.3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кету;

23.4. әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға, құқық қорғау органдарына қабылдану;

23.5. Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағасы және судьясы, Орталық сайлау комиссиясының, республиканың жоғары аудиторлық палатасының төрағасы және мүшесі болып тағайындалу (сайлану);

23.6. басқа партияға кіру;

23.7. сондай-ақ азамат қайтыс болды деп жарияланған немесе сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған кезде;

23.8. партиядан шығару.

24. Партиядан шығаруға келесілер негіз болады:

24.1. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;

24.2. партияның беделін түсіретін әрекет (әрекетсіздік) немесе партияның мүдделеріне нұқсан келтіретін өзге де әрекет (әрекетсіздік);

24.3. Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын, басқа құжаттарын, Партия органдары шешімдерін сақтамау. 

25. Партиядан шығару туралы шешімді бастауыш партия ұйымының жиналысы қабылдайды. Кейбір жағдайларда партиядан шығару туралы шешімді партия Саяси Кеңесінің Президиумы, Партия аймақтық филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы немесе Аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі қабылдауы мүмкін. 

26. Партиядан шығару Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутатының, әкімнің және мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өзге де сайланбалы лауазымдарды атқаратын, партиядан сайланған және ұсынылған адамның өкілеттіктерін тоқтату үшін негіз болады.

27. Партия мүшесіне партияішілік тәртіпті бұзғаны үшін ескерту, сөгіс, партиядан шығару сияқты партиялық жазалар қолданылуы мүмкін.

28. Партиялық жазаны қолдану туралы шешімді Партия Саяси Кеңесінің Президиумы, Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы, Аумақтық партиялық ұйымның Саяси Кеңесі, бастауыш партия ұйымының жиналысы қабылдайды. 

29. Партияның Орталық аппараты Партия Өңірлік филиалдарының есептері бойынша партия мүшелерін есепке алуды Партия Саяси Кеңесінің Президиумы бекітетін есепке алуды жүргізу тәртібі нысандары негізінде жүзеге асырады. 

30. Партия мүшелерін есепке алу цифрлық қосымшалар мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, электронды форматта жүргізіледі, ол үшін Партияның Орталық аппаратында филиалдардың есептері негізінде партия мүшелерінің электрондық деректер базасы жүргізіледі.

31. Партия мүшелерінің тиісті есебін қамтамасыз ету үшін Партия Орталық аппаратының басшысы, Партия Өңірлік филиалдарының, Аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары дербес жауапты болады.

32. Партия мүшесінің құқықтары:

32.1. Партия мен партия ұйымдарының бағдарламалық және өзге де құжаттарын әзірлеуге қатысуға;

32.2. партия органдарына сайлау және сайлануға;

32.3. Партиядан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттығына кандидат, мәслихаттар депутаттығына кандидат, әкімге кандидат, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне ұсынылуға;

32.4. өз пікірін еркін білдіруге, партия қызметінің мәселелерін талқылауға, ауызша немесе жазбаша түрде ұсыныстар енгізуге, кез келген партия органын, партияның кез келген мүшесін сынауға;

32.5. Партияның қорғауы мен қолдауын пайдалануға;

32.6. Партияның кез келген органына оны қызықтыратын мәселелер бойынша жүгінуге және мәні бойынша жауап алуға;

32.7. Партияның және оның сайланбалы органдарының қызметі туралы ақпарат алуға;

32.8. Партиялық органдарға сайланған Партия мүшелерін қайта сайлау туралы, партиялық тізімдер бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын кері қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;

32.9. Партияға жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмыс жүргізуге;

32.10.Партиядан шығу туралы мәселені өз бетінше шешуге;

32.11.үш ай ішінде Партиядан шығару туралы, партиялық жаза қолдану туралы шешімге жоғары тұрған партия органдарына шағымдануға; 

32.12. ерікті негізде бастауыш партия ұйымдарына бірігуге.

33. Партия мүшесінің міндеттері:

33.1. Жарғының, бағдарламаның және партияның басқа да құжаттарының талаптарын қатаң сақтауға;

33.2. Партияның мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға белсенді қатысуға;

33.3. Партия Жарғысының, бағдарламасының және басқа да құжаттарының талаптары мен нормаларын түсіндіруге және қорғауға;

33.4. Партия органдарының шешімдерін орындауға;

33.5. Партия қызметіне белсенді қатысуға;

33.6. Партия мүлкіне, құжаттарына, рәміздеріне ұқыппен қарауға және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

4. ПАРТИЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.

ПАРТИЯ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

4.1. Партияның ұйымдық құрылымы

34. Партия аумақтық-өндірістік негізде құрылады және мыналардан тұрады: 

34.1. Партия мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде құрылатын бастауыш партия ұйымдарынан;

34.2. аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құрылатын және өз құрамында бастауыш партия ұйымдарын біріктіретін аумақтық партиялық ұйымдардан;

34.3. облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, Қазақстан Республикасының астанасында құрылатын және өз құрамында аумақтық партиялық ұйымдарды біріктіретін партияның өңірлік филиалдарынан.

 

4.2. Партия органдары

4.2.1. Партия съезі

35. Партияның ең жоғары басқару органы – төрт жылда бір реттен жиі шақырылмайтын партия съезі.

36. Партия съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

36.1. Партияның Жарғысы мен Бағдарламаларын бекіту;

36.2. Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

36.3. Партия мүшелерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бір мандатты округтер бойынша тізімін бекіту;

36.4. Саяси кеңес пен Ревизиялық Тексеру комиссиясының есептерін тыңдау және бекіту;

36.5. Партия Төрағасын сайлау;

36.6. Партияның Саяси Кеңесі мен Ревизиялық комиссиясының мүшелігіне сайлау және мүшелігінен шығару;

36.7. заң актілерінде белгіленген шектерде Партияның басқа заңды тұлғалар мен өз филиалдарын құруы немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдер қабылдау;

36.8. Партия органдары туралы Ережелерді бекіту;

36.9. Партияны ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау;

36.10. 36.4. және 36.6. тармағында көрсетілген мәселелер төрт жылда бір рет Партия Съездерінде қаралады. 

37. Партия Съездері Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімімен шақырылады.  

38. Күні, уақыты, өткізу орны, күн тәртібінің жобасы, партияның әрбір өңірлік филиалынан қатысатын съезд делегаттарының саны (съезд делегаттары өкілдігінің нормасы) және оларды сайлау тәртібін партия Саяси Кеңесінің Президиумы айқындайды.  

39. Жекелеген жағдайларда Партия Төрағасының шешімі бойынша партияның кезектен тыс съезі шақырылуы мүмкін. 

40. Күні, уақыты, өткізу орны, күн тәртібінің жобасы, партияның әрбір өңірлік филиалынан қатысатын съезд делегаттарының саны (съезд делегаттары өкілдігінің нормасы) және оларды сайлау тәртібін Партия Төрағасы айқындайды.  

41. Партия Съезінің делегаттары партияның аймақтық филиалдарының конференцияларында сайланады.

42. Партия Съезінің шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе жасырын) съезд делегаттары айқындайды.

43. Партия Съезі оның жұмысына партияның барлық филиалдарынан сайланған делегаттардың кем дегенде жартысы қатысқан кезде заңды болып саналады.

44. Партия Съезінің отырыстары партия Саяси Кеңесінің Президиумы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

 

4.2.2. Партияның Саяси Кеңесі

45. Партияның Партия Съездері арасындағы басқарушы органы Партияның Саяси кеңесі болады. 

46. Партия Саяси Кеңесінің құзыретіне:

46.1. қалыптасқан қоғамдық қатынастар бойынша Партия ұстанымын айқындау;

46.2. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан Партия Саяси Кеңесі Президиумының мүшелерін сайлау, сондай-ақ Партия Төрағасының ұсынысы бойынша мүшелерді Партия Саяси Кеңесі Президиумының құрамынан шығару;

46.3. Партияның Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауына, референдумдарға қатысуына байланысты мәселелерді қарау;

46.4. Партия Саяси Кеңесі Президиумының ұсыныстары бойынша Партия Съезінің қарауына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынуға кандидатура енгізу;

46.5. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешімін, дауыс беру күніне дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат тіркелгенге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта күшін жою; 

46.6. Партия съезінің күн тәртібі жобасын бекіту; 

46.7. Партия Съезінің айрықша құзыретіне жатпайтын басқа да шешімдер қабылдау.

47. Партия Саяси Кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, оны Партия Төрағасы не Партия Саяси Кеңесінің Президиумы шақырады.

48. Партия Саяси Кеңесінің отырыстары бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

49. Партия Саяси Кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады.

50. Партия Саяси Кеңесінің шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.  

51. Партияның Саяси Кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. 

 

4.2.3.Партия Саяси Кеңесінің Президиумы

52. Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Партия Съездері мен Партия Саяси кеңесінің отырыстары арасындағы кезеңде Партияның басқарушы органы болады. 

53. Партия Саяси кеңесінің Президиумын Партияның Саяси кеңесі өз құрамынан сайлайды. 

54. Партия Саяси кеңесі Президиумының құзыретіне мыналар кіреді:

54.1. Съездің және Партия Саяси кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, Партия органдары қызметінің Партия Съездері шешімдерін орындау жөніндегі негізгі бағыттарын айқындау;

54.2. Партия Саяси кеңесінің қарауына қоғам мен мемлекет дамуының маңызды саяси және әлеуметтік – экономикалық мәселелері бойынша Партия өтініштері мен жүгінімдері жобаларын енгізу;

54.3. Партия Съезін шақыру туралы, Партия Съезінің күн тәртібі жобасы туралы, Партия Съезін өткізу күні, орны туралы, съезд делегаттарының Партияның әрбір Өңірлік филиалынан саны туралы (съезд делегаттары өкілдігінің нормасы туралы), Съезді өткізу нысаны туралы (бетпе-бет, қашықтықтан, аралас және онлайн форматта) шешім қабылдау; 

54.4. Партия Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы, Партия Саяси кеңесі отырысы күн тәртібінің жобасы туралы, оны өткізу күні, уақыты мен орны туралы шешім қабылдау, Партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу нысанын айқындау (бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта);

54.5. Партияның Қазақстан Республикасының басқа саяси партияларымен және қоғамдық бірлестіктерімен кқауымдастықтарға, одақтарға, блоктарға, коалицияларға ерікті негізде кіруі туралы шешімдер қабылдау;

54.6. Партия Саяси кеңесінің қарауына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну жөнінде, оның ішінде бір мандатты округтер бойынша ұсыныстар енгізу;

54.7. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мандаттарын партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында бөлу;

54.8. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Партияның депутаттық фракциясын құру туралы шешім қабылдау;

54.9. Партия Төрағасының ұсынуы бойынша депутаттық фракцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партияның депутаттық фракциясының басшысы лауазымына кандидатура бойынша ұсынымдар енгізу;

54.10. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партияның депутаттық фракциясы шешімінің күшін жою;

54.11. партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ротациялау туралы шешімдер қабылдау; 

54.12. партиялық тізім бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдау;

54.13. әкімдерге, депутаттарға кандидаттар ретінде ұсыну үшін Өңірлік филиалдар, Аумақтық партиялық ұйымдар конференцияларының қарауына енгізуге ұсынылатын кандидатураларды келісу;

54.14. партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихат депутаттарының мандаттарын бөлу туралы Партияның Өңірлік филиалы Президиумы шешімінің жобасын келісу;

54.15. партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихат депутаттарын ротациялау туралы Партия өңірлік филиалы Президиумы шешімінің жобасын келісу;

54.16. партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері қайтарып алу туралы Партияның өңірлік филиалы Президиумы шешімінің жобасын келісу;

54.17. Партия ұсынған әкімдерді, депутаттарды партиядан шығару туралы төмен тұрған партия органдарының шешімдерін бекіту;

54.18. Партия Съезінің қарауына Партияның Өңірлік филиалдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу;

54.19. Аумақтық партиялық ұйымдарды құру, олардың қызметін тоқтату туралы Өңірлік филиалдар конференцияларының шешімдерін бекіту;

54.20. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Партия Төрағасының орынбасарларын тағайындау және босату; 

54.21. Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Өңірлік филиалдар Төрағаларын тағайындау және босату; 

54.22. Партияның Өңірлік филиалдары Төрағаларының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракция Басшысы мен мүшелерінің есептерін тыңдау;

54.23. Партия қызметі үшін қажетті құжаттарды, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партияның депутаттық фракциясы туралы ережелерді;

- Мәслихаттардағы Партияның депутаттық фракциялары (топтары) туралы ережелерді;

- Партияның Орталық аппараты туралы ережелерді;

- Партияның жастар ұйымы туралы ережелерді;

- Партиялық-саяси жұмыстың түрлі бағыттары бойынша Партияның қоғамдық консультативтік-кеңесші комиссиялары мен жұмыс топтары туралы ережелерді;

- Партия мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу, партия билеттерін беру және алып қою тәртібі туралы ережелерді;

- Партияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді;

- Партиялық көтермелеу және партиялық жазалау шаралары туралы ережелерді;

- Партия съезін, Саяси кеңестің, Саяси Кеңес Президиумының, Ревизиялық комиссиясының отырыстарын, Өңірлік филиалдардың, Аумақтық партиялық ұйымдардың конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарын бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе цифрлық технологияларды пайдалана отырып онлайн форматта өткізу тәртібін бекіту;

54.24. Партия Төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда Партия Төрағасының өкілеттігін Съезд Партия Төрағасын сайлаған кезге дейінгі мерзімге Партия Төрағасы орынбасарларының біріне жүктеу туралы және оған Партия атынан Партия Саяси кеңесінің уәкілетті мүшелерінің бірі қол қоятын тиісті сенімхат беру туралы шешім қабылдау; 

54.25. партиялық-саяси жұмыстың түрлі бағыттары бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарын құру;

54.26. кандидатураларды мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен, мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен наградтауға бекіту;

54.27. партияға қабылдау және партия мүшелігінен шығару туралы шешім қабылдау;

54.28. партиядан шығарылған және партиялық жаза қолданылған адамдардың апелляцияларын қарау;

54.29. Партияның кез келген органын шақыру туралы шешім қабылдау;

54.30. Партия Съезінің, Партия Саяси кеңесінің, Партия Төрағасының айрықша құзыретіне жатпайтын Партия қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

55. Партия Саяси Кеңесі Президиумының отырыстарын Партия Төрағасы шақырады және егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады.

56. Партия Саяси Кеңесі Президиумының отырыстары қажеттілігіне қарай бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізіледі.

57. Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 

58. Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі.  

59. Сауалнама әдісімен шешім қабылданған жағдайда, сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

60. Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Партия Төрағасының қарауына оның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді беруге, сондай-ақ төмен тұрған партия органдары шешімдерінің күшін жоюға құқылы.

 

4.2.4. Партияның Саяси Кеңесі Президиумының Бюросы

61. Партия Төрағасының шешімімен құрылған Партия Саяси Кеңесі Президиумының Бюросы – Партияның атқарушы органы.

62. Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының дербес құрамын Партия Төрағасы айқындайды.

63. Партия Кеңесі Президиумы Бюросының құзыретіне оның қарауына Партия Төрағасы енгізетін кез келген мәселе, оның ішінде партияға қабылдау және/немесе партияға мүшелікті тоқтату мәселелері кіреді. 

64. Партия Саяси Кеңесі Президиумының бюросын қажет болған жағдайда Партия Төрағасы шақырады. Партия Саяси Кеңесі Президиумының бюросын Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының мүшесі шақыра алады. 

65. Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының отырысы, егер оған мүшелердің жартысынан көбі қатысса, заңды болады. Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

66. Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. 

 

4.2.5. Партия Төрағасы

67. Партия Төрағасы – Партия Съезінде сайланатын Партиядағы жоғары басшы тұлға. 

68. Партия Төрағасының құзыретіне:

68.1. Партия қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асыру;

68.2. Партия Съезінің ашуы және оған төрағалық ету;

68.3. Партия Саяси кеңесінің, оның Президиумының және Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросының жұмысына басшылық жасау, олардың отырыстарына төрағалық ету;

68.4. Партия Саяси Кеңесінің Президиумына, Партия Саяси Кеңесіне, Партия Съезіне Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар енгізу; 

68.5. Партия Саяси Кеңесінің Президиумына Партия Өңірлік филиалдарының төрағаларын тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізу;

68.6. Партия Саяси Кеңесі Президиумына Партия Төрағасының орынбасарларын тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізу;

68.7. Партия Төрағасы орынбасарларының, өңірлік филиалдар мен аумақтық партия ұйымдары төрағаларының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін бекіту;

68.8. Партия Төрағасы орынбасарларының, Өңірлік филиалдар мен Аумақтық партиялық ұйымдар Төрағаларының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындау; 

68.9. Партия Саяси кеңесінің, оның Президиумының және Партия Ревизиялық комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу; 

68.10. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Партия депутаттық фракциясының жұмысын үйлестіру, ал оны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп сайлаған жағдайда Партияның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясына басшылық ету; 

68.11. Партияның өңірлік филиалдары мен Аумақтық партия ұйымдары Төрағаларының есептерін тыңдау;

68.12. Партия органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

68.13. Съезд, Партияның Саяси кеңесі және оның Президиумы, Партия Бюросы қабылдаған хаттамаларға, шешімдерге, қаулыларға, өтініштерге, жүгінулерге және басқа құжаттарға қол қою;

68.14. Партия Орталық аппараты қызметкерлерінің құрылымын, штат кестесін, еңбекақы төлеу туралы ережелерді, материалдық және моральдық көтермелеу, іссапарға жіберу шараларын, демалыстары туралы бекіту;

68.15. Партияның кез келген органын шақыру туралы шешім қабылдау;

68.16. Партия Съезінің айрықша құзыретіне жатқызылмаған партия қызметінің барлық мәселесрі бойынша шешімдер қабылдау кіреді;

69. Партия Төрағасы:

69.1. Партия атынан сенімхатсыз сөйлейді және оны үшінші тұлғалармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да партиялармен қарым-қатынаста ел ішінде де, шетелде де ұсынады; 

69.2. қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және өзге де құжаттар шығарады, Партияның мүлкі мен ақшалай қаражатын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды немесе Партияның басқа лауазымды адамдарына мүлік пен ақшаны басқару жөніндегі өкілеттіктерді береді;

69.3. Партия Орталық аппаратының Басшысын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, оның өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды, оған көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешімдер қабылдайды;

69.4. Партия Фракциясы аппаратының басшысын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, оның өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды, оған көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешімдер қабылдайды;

69.5. мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен, мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен наградтауға кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;

69.6. партиялық наградалармен марапаттау жөнінде шешімдер қабылдайды;

69.7. төмен тұрған партия органдарының кез келген шешімінің күшін жою құқығына ие;

69.8. заңнамада және Партия Жарғысында белгіленген өзге де құқықтарға ие.

70. Партия Төрағасының өкілеттігі партияға мүшелігі тоқтатылған, өзі өкілеттігін ерікті түрде доғарған, Съезд Партия Төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

 

4.3. Партияның аймақтық филиалдары

71. Партияның Аймақтық филиалдары – Партия Съезінің шешімдерімен құрылатын Партияның құрылымдық бөлімшелері.

72. Партияның Өңірлік Филиалдары заңды тұлғаларға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептік тіркеуден өтеді және Партия Саяси кеңесінің Президиумы бекіткен Ереже негізінде әрекет етеді, өз қызметінде Партия Жарғысын және бағдарламалық құжаттарын, Партияның басшы органдарының шешімдерін басшылыққа алады және партия мүлкін пайдаланады.

 

4.3.1. Партия Өңірлік филиалының конференциясы

73. Партия Өңірлік филиалының жоғарғы басқару органы – Партия Өңірлік филиалының Конференциясы.

74. Партия Өңірлік филиалы Конференциясының құзыретіне мыналар кіреді:

74.1. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылғаннан басқа, Партия Өңірлік филиалы қызметінің барлық мәселесі бойынша шешімдер қабылдау;

74.2.Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің есептерін тыңдау;

74.3. Партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау және оның құрамынан мүшелерді шығару туралы шешім қабылдау;

74.4. Партия съезінің делегаттарын сайлау туралы шешім қабылдау;

74.5. Партия Саяси Кеңесінің Президиумы келіскеннен кейін партия Өңірлік филиалы конференциясының қарауына енгізілетін кандидатуралар қатарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкімдерге кандидаттар ұсыну туралы шешімдер қабылдау;

74.6.Партия Саяси Кеңесінің Президиумы келіскеннен кейін әкімдер мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдау;

74.7.Партия Саяси Кеңесі Президиумы бекіткеннен кейін күшіне енетін аумақтық партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

75. Партия Өңірлік филиалының Конференциялары Партия Төрағасының, Партияның Саяси Кеңесі Президиумының, Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің, Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының, Партия Өңірлік филиалы Төрағасының шешімімен шақырылады.. 

76. Партия Өңірлік филиалының Конференциясын шақыру туралы шешім қабылдаған орган немесе лауазымды адам Партия Өңірлік филиалы Конференциясының күнін, уақытын, өткізілетін орнын, күн тәртібі жобасын, әрбір Аумақтық партия ұйымнан Партия Өңірлік филиалы Конференциясы делегаттарының санын (Партия Өңірлік филиалы Конференциясы делегаттары өкілдігінің нормасы туралы) және оларды сайлау тәртібін айқындайды.  

77.Партия Өңірлік филиалының конференциясы оның жұмысына Конференция делегаттары жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.

78. Партия Өңірлік филиалы Конференцияларының отырыстары Партия Саяси Кеңесінің Президиумы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

79. Партия Өңірлік филиалы Конференциясының шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады.

 

4.3.2. Партия Өңірлік филиалының Саяси кеңесі

80. Партия Өңірлік филиалының Конференциялары арасында Партия Өңірлік филиалының басқарушы органы Партия Өңірлік филиалының Конференциясы сайлайтын Партия Өңірлік филиалының 11-19 адамынан тұратын Саяси кеңесі болады. 

81. Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:

81.1. Партия съезінің, Партия Саяси кеңесінің, Партия Саяси Кеңесі Президиумының, Партия Төрағасының, Партия Өңірлік филиалы конференциясының шешімдерін іске асыру;

81.2. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің құрамынан Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының мүшелерін сайлау;

81.3. Партия Өңірлік филиалы Конференциясының қарауына Аумақтық партия ұйымдарын құру туралы Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының ұсыныстарын енгізу; 

81.4. Партия Өңірлік филиалы Конференциясының қарауына Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының әкімдерге, депутаттарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар ұсыну жөніндегі ұсынысын енгізу;

81.5. Партия Өңірлік филиалдары конференцияларын шақыру;

81.6. Партияның жоғары және басшы органдарының, Партия өңірлік филиалдары конференцияларының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

82. Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің отырыстарын қажетіне қарай Партия Төрағасы, Партия Саяси Кеңесінің Президиумы, Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы не Партия Өңірлік филиалының Төрағасы шақырады. 

83. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады. 

84. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

85. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.3.3. Партия Өңірлік филиалы

Саяси Кеңесінің Президиумы

86. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі өз құрамынан 5-7 адамнан тұратын Партия өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумын сайлайды.

87. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының құзыретіне мыналар кіреді:

87.1. Партияның жоғары тұрған органдарының шешімдерін іске асыру;

87.2. Партия Өңірлік филиалының конференциясын шақыру және Партия Өңірлік филиалының күн тәртібін, күнін, уақытын, өткізу орнын, өкілдік нормасын және конференцияны өткізу нысанын (бетпе-бет, қашықтықтан, аралас, онлайн режимде) анықтау;

87.3. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің отырысын шақыру туралы шешім қабылдау;

87.4. бастауыш партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

87.5. Партия Өңірлік филиалының Саяси Кеңесіне Аумақтық партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;

87.6. Партия Өңірлік филиалының Саяси Кеңесіне әкімдерге, депутаттарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

87.7. тиісті мәслихаттарда Партияның депутаттық фракцияларын (топтарын) құру туралы шешім қабылдау және тиісті мәслихаттарда Партия фракциясы (топтары) басшысының кандидатурасын ұсыну; 

87.8. тиісті мәслихаттарда Партия депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіру;

87.9. Партиядан сайланған мәслихат депутаттары мен әкімдердің есептерін тыңдау;

87.10. Аумақтық партия ұйымдарының қызметіне басшылық жасау;

87.11. партияға қабылдау және партия мүшелігінен шығару туралы шешім қабылдау;

87.12. бастауыш партия ұйымдары Партиядан шығарған адамдардың апелляциялары мен шағымдары бойынша мәселелерді қарау;

87.13. Партия Жарғысына қайшы келетін Аумақтық және бастауыш партия ұйымдары мен олардың органдары шешімдерінің күшін жою; 

87.14. Аумақтық партия ұйымдарының Төрағаларын тағайындау және босату;

87.15. Партия Саяси Кеңесі Президиумымен келіскеннен кейін Партиядан ұсынылған мәслихат депутатты, сайланған әкімді Партиядан шығару туралы шешім қабылдау;

87.16. Партия Саяси кеңесінің Президиумымен келісілгеннен кейін партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында мәслихат депутаттарының мандаттарын бөлу, сондай-ақ оларды партиялық тізім шеңберінде ротациялау;

87.17. Партия Саяси кеңесі Президиумымен келісілгеннен кейін партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдау;

87.18. Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің қарауына әкімдерді, мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін кері қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізу;

87.19. Партияның жоғары тұрған органдары құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

88. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оны Партия Өңірлік филиалының Төрағасы немесе Партия Төрағасы немесе Партия саяси Кеңесінің Президиумы шақырады. 

89. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болады.

90. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

91. Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.3.4. Партия Өңірлік филиалының төрағасы

92. Партия Өңірлік филиалының төрағасы – партияның өңірлік филиалындағы басшы тұлға. 

93. Партия Өңірлік филиалының төрағасы Партия Төрағасының ұсынысы бойынша Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.  

94. Партия Өңірлік филиалы төрағасының құзыретіне:

94.1. Партияның жоғары тұрған органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

94.2. Партия өңірлік филиалының қызметіне, Партия Саяси кеңесінің, оның Президиумының жұмысына басшылық жасау, олардың отырыстарына төрағалық ету;

94.3. Партияның төмен тұрған партиялық органдары қызметін үйлестіру;

94.4. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумына әкімдерге, депутаттарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

94.5. Партия мүшелерін бақылауды және тиісті есепке алуды қамтамасыз ету;

94.6. Партияның Орталық аппаратына есептер мен ақпараттар беру;

94.7. мәслихаттардағы Партия депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіру;

94.8. Партия Өңірлік филиалының Конференцияларын шақыру;

94.9. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің отырыстарын шақыру және оларға төрағалық ету;

94.10. аумақтық партия ұйымдарын құру және олардың қызметін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

94.11. Аумақтық партия ұйымдарының қызметіне басшылық жасау және олардың төрағаларының есебін тыңдау; 

94.12. аумақтық партиялық ұйымдарды құру және олардың қызметін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

94.13. аумақтық партиялық ұйым Төрағасын сайлау және аумақтық партиялық ұйым Төрағасын қызметінен босату үшін кандидатура бойынша ұсыныстар енгізу; 

94.14. бастауыш партия ұйымдарын құру, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

94.15. Партия Өңірлік филиалы Төрағасының орынбасарларын тағайындау және қызметінен босату;

94.16. Партияның жоғары тұрған органдары мен оның филиалдары құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелерді шешеді.

95. Партия Өңірлік филиалы Төрағасының өкілеттігі ол өкілеттігін өз еркімен доғарған, оның Партияға мүшелігі тоқтатылған, Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімімен қызметтен босатылған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

96. Партия Өңірлік филиалы төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Партия Төрағасы Партия Өңірлік филиалы төрағасының өкілеттігін Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумы мүшелерінің біріне Партия Өңірлік филиалының жаңа төрағасы тағайындалған сәтке дейінгі мерзімге жүктеу туралы шешім қабылдайды. 

97. Партия Өңірлік филиалының төрағасы не оның орнындағы адам өз қызметін Партия Төрағасының сенімхаты негізінде жүзеге асырады.

 

4.4. Аумақтық партия ұйымдары

98. Аумақтық партия ұйымдары Партия Саяси Кеңесінің Президиумы бекіткеннен кейін күшіне енетін Партия Өңірлік филиалы Конференциясының шешімдерімен құрылады.

 

4.4.1. Аумақтық партия ұйымының конференциялары

99. Аумақтық партия ұйымының жоғарғы органы – аумақтық партия ұйымының конференциясы.

100. Аумақтық партия ұйымы конференциясының құзыретіне мыналар кіреді: 

100.1. Аумақтық партия ұйымы қызметінің мәселелерін шешу;

100.2. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің есебін тыңдау;

100.3. Аумақтық партия ұйым Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау, қажет болған жағдайда мүшелерді оның құрамынан шығару;

100.4. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумына мәслихат депутаттығына, әкімге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу.

101. Аумақтық партия ұйымының конференциясы Партия Төрағасының, Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының, Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің, Аумақтық партия ұйымы Төрағасының шешімімен шақырылады.

102. Аумақтық партия ұйымының конференциясын шақыру туралы шешім қабылдаған Орган оның күнін, уақытын, өткізілетін орнын, күн тәртібінің жобасын, әрбір Бастауыш партия ұйымынан Аумақтық партия ұйымы Конференциясы делегаттарының санын (Аумақтық партия ұйымы конференциясы делегаттары өкілдігінің нормасы туралы) және оларды сайлау тәртібін айқындайды.  

103. Аумақтық партия ұйымының Конференциясы оның жұмысына делегаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.

104. Аумақтық партия ұйымы Конференцияларының отырыстары Партия Саяси Кеңесінің Президиумы айқындайтын тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бетпе-бет, қашықтықтан, аралас немесе онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

105. Аумақтық партия ұйымы Конференциясының шешімдері қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады.

 

4.4.2. Аумақтық партия ұйымының 

Саяси Кеңесі

106. Аумақтық партия ұйымының Конференциясы сайлайтын, 5-9 адамнан құралған Аумақтық партия ұйымының Саяси кеңесі – Аумақтық партия ұйымының Аумақтық партия ұйымы Конференциялары арасындағы басқарушы органы болады. 

107. Аумақтық партия ұйым Саяси Кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді: 

107.1. жоғары тұрған партия органдары шешімдерін орындау;

107.2. бастауыш партия ұйымдары қызметін үйлестіру;

107.3. әкімдерге, депутаттарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар бойынша Партияның басшы органдарына ұсыныстар енгізу;

107.4. Партия мүшелерінің есебін тиісінше қамтамасыз ету;

107.5. Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

107.6. Партия мүшелерін қабылдау;

107.7. Партия мүшелігінен шығару және Партия мүшелеріне жаза қолдану;

107.8. Партия Өңірлік филиалының Президиумына Партия мүшелігінен Партия ұсынған мәслихат депутатын, Партиядан сайланған әкімді шығаруға ұсыныс енгізу;

107.9. Партия Жарғысына қайшы келетін бастауыш партия ұйымдары шешімдерінің күшін жою;

107.10. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

108. Аумақтық партия ұйымы Саяси Кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оларды Партия Төрағасы, Партия Өңірлік филиалының Төрағасы, Аумақтық партия ұйымының Төрағасы шақырады. 

109. Аумақтық партия ұйымы Саяси Кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болады. 

110. Аумақтық партия ұйымы Саяси Кеңесінің шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

111. Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесінің шешімдерін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі. Сауалнама электрондық түрде, оның ішінде мессенджерлер мен өзге де электрондық бағдарламаларды, қосымшаларды пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4.4.3. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы

112. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы – Аумақтық партия ұйымындағы басшы тұлға.

113. Аумақтық партия ұйымның Төрағасы Партия Өңірлік филиалы Төрағасының ұсынысы бойынша Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесі Президиумының шешімімен тағайындалады.

114. Аумақтық партия ұйымы Төрағасының құзыретіне:

114.1.Партияның жоғары тұрған партиялық органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

114.2.Аумақтық партия ұйымының қызметіне басшылық жасау;

114.3. бастауыш партия ұйымдарының қызметін үйлестіру;

114.4.Аумақтық партия ұйымының Саяси Кеңесіне әкімдерге, мәслихат депутаттарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу;

114.5.Партия мүшелерін бақылауды және тиісті есепке алуды қамтамасыз ету;

114.6.Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

114.7.мәслихаттардағы Партия депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіру;

114.8.Аумақтық партия ұйымы Саяси Кеңесінің отырыстарын шақыру және оларға төрағалық ету;

114.9.бастауыш партия ұйымдарын құру және олардың қызметін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

114.10.бастауыш партия ұйымының Төрағасын сайлауға кандидатура және аумақтық партия ұйымы Төрағасын қызметінен босату бойынша ұсыныстар енгізу; 

114.11. Партияның жоғары тұрған органдары мен оның филиалдарының құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелерді шешу.

115. Аумақтық партия ұйымы Төрағасының өкілеттігі оның партияға мүшелігі тоқтатылған, өкілеттігін өз еркімен доғарған, Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы оны Аумақтық партия ұйымы Төрағасының міндеттерінен босату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

116. Аумақтық партия ұйымы Төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы Өңірлік партия филиалы Төрағасының ұсынысы бойынша Аумақтық партия ұйымының жаңа Төрағасын тағайындаған сәтке дейін Аумақтық партия ұйымы Төрағасының өкілеттігін Аумақтық партия ұйымы Саяси кеңесі мүшелерінің біріне жүктеу туралы шешім қабылдайды.

117. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы не оның орнындағы адам өз қызметін Партия Өңірлік филиалының Төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

 

4.5. Бастауыш партия ұйымдары

118. Бастауыш партия ұйымдары – Партия негізі.

119. Бастауыш партия ұйымдары Партия мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде құрылады.

120. Бастауыш партия ұйымын құру үшін Партия мүшелерінің бастамашыл тобы Аумақтық партия ұйымының Төрағасына өтініш жасайды. 

121. Аумақтық партия ұйымының Төрағасы Партия Өңірлік филиалы Саяси кеңесінің Президиумына бастауыш партия ұйымын құру туралы ұсыныс енгізеді. 

122. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы бастауыш партия ұйымын құру туралы шешім қабылдайды. Кейбір жағдайларда бастауыш партия ұйымдары Партия Төрағасының немесе Партия Саяси Кеңесі Президиумының шешімдерімен құрылады.

123. Бастауыш партия ұйымдары партияның кемінде үш мүшесі болған кезде құрылады.

124. Бастауыш партия ұйымының жоғарғы органы – жиналыс.

125. Бастауыш партия ұйымы жиналысының құзыретіне мыналар кіреді:

125.1. бастауыш партия ұйымы қызметінің мәселелерін шешу;

125.2. бастауыш партия ұйымы төрағасының есептерін тыңдау;

125.3. бастауыш партия ұйымының Төрағасын сайлау және оны қызметтен, оның ішінде Аумақтық партия ұйымы Төрағасының ұсынысы бойынша босату;

125.4. әкімдерге, мәслихат депутаттарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

125.5. Партия мүшелігіне қабылдау және партиядан шығару;

125.6. Партия мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету бойынша жаппай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

125.7. Партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

126. Бастауыш партия ұйымының жиналысы бастауыш партия ұйымы Төрағасының шешімі бойынша шақырылады. Кейбір жағдайларда бастауыш партия ұйымының жиналысын Партия Төрағасы, Партия Аймақтық филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы немесе Аумақтық партия ұйымының Саяси Кеңесі шақыра алады.

127. Бастауыш партия ұйымының жиналысы оның жұмысына бастауыш партия ұйымы мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып саналады.

128. Бастауыш партия ұйымы жиналысының шешімдері қатысып отырған бастауыш партия ұйымы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

 

4.5.1. Бастауыш партия ұйымының төрағасы

129. Бастауыш партия ұйымының басшысы – бастауыш партия ұйымының Төрағасы.

130. Бастауыш партия ұйымының Төрағасын бастауыш партия ұйымының Жиналысы сайлайды. 

131. Бастауыш партия ұйымы Төрағасының өкілеттігі Партияға мүшелігі тоқтатылған, өкілеттігін өз еркімен доғарған, бастауыш партия ұйымының Жиналысы бастауыш партия ұйымы Төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

132. Бастауыш партия ұйымы Төрағасының құзыретіне мыналар кіреді:

132.1. бастауыш партия ұйымының қызметіне басшылық жасау;

132.2. жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін орындау;

132.3. партия мүшелерінің тиісті есебін қамтамасыз ету;

132.4. Партияның жоғары тұрған органдарына есептер мен ақпараттар беру;

132.5. партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерді шешу.

 

4.6. Партияның Ревизиялық комиссиясы

133. Партияның бақылау органы – Партияның Ревизиялық комиссиясы.

134. Партияның Ревизиялық комиссиясын Партия съезі сайлайды.

135. Партияның Ревизиялық комиссиясы 3-7 адамнан сайланады.

136. Ревизиялық комиссияның Төрағасы Ревизиялық комиссияның бірінші отырысында Ревизиялық комиссия мүшелері арасынан Ревизиялық комиссиясының өкілеттік мерзіміне сайланады.

137. Партия Ревизиялық комиссиясының Құзыретіне мынадай тексерулер кіреді:

137.1. Съездің және Партия басшы органдарының шешімдерін тиісінше орындау;

137.2. істердің өтуінің белгіленген тәртібі және құжат айналымының жай-күйі;

137.3. Партия органдарына, Өңірлік филиалдар мен Аумақтық партия ұйымдарына азаматтардан түскен хаттар, өтініштер мен шағымдарды қарау бойынша жұмыс жүргізу;

137.4. Партия бюджетінің атқарылуы;

137.5. Партияның қаржы-шаруашылық қызметі, сондай-ақ партия қаражаты есебінен құрылатын еншілес және еншілес тәуелді ұйымдар қызметі;

137.6. бухгалтерлік және статистикалық есепке алуды жүргізудің қолданыстағы стандарттар мен нормаларға сәйкестігі.

138. Ревизиялық комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Ревизиялық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңды болып саналады.

139. Партия Ревизиялық комиссиясының шешімдері, тексеру актілері отырысқа қатысып отырған Ревизиялық комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және оны Партияның барлық органы, құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдары орындауға міндетті.

140. Ревизиялық комиссия өз қызметінде Партия Съезіне есеп береді.

 

4.7. Партияның орталық аппараты

141. Партияның Орталық аппараты – Партия қызметін қамтамасыз ету үшін құрылатын Партияның жұмыс органы.

142. Партияның орталық аппараты Партия Саяси Кеңесінің Президиумы бекіткен Ереже негізінде әрекет етеді.

143. Партияның Орталық аппараты Партияның, оның органдары мен құрылымдық бөлімшелері қызметін ақпараттық, талдамалық, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

144. Партияның Орталық аппараты Партия Съезінің, Партия Саяси кеңесінің және Партия Саяси Кеңесі Президиумының, Партия Саяси Кеңесі Президиумы Бюросы шешімдерінің, Партия Төрағасының, оның орынбасарларының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

145. Партияның Орталық аппаратын қаржыландыру партия бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

 

 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ, ДЕПУТАТТАР, ӘКІМДЕР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ САЙЛАНБАЛЫ ЛАУАЗЫМДАРҒА ПАРТИЯДАН КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ ТӘРТІБІ.

ОЛАРДЫ КЕРІ ШАҚЫРТУ ЖӘНЕ РОТАЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ

 

146. Партиядан Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімдері мен мүшелеріне кандидаттар ұсыну, сайланбалы органдар құрамында өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ оларды кері шақыртып алу немесе ротациялау негіздері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, осы Жарғыда және Партияның басқа да құжаттарында айқындалады.

147. Партиялық тізім бойынша немесе бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Парламент, мәслихаттар депутаттары, әкім немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайланған партия мүшесінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы мерзімінен бұрын кері шақыртып алудан партиядан шығарғанға дейінге әкеп соғады.

148. Партиялық тізім бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақыртып алу туралы шешімді Партия Саяси Кеңесінің Президиумы қабылдайды, партиялық тізім бойынша сайланған мәслихат депутатын, әкімді кері қайтарып алу туралы шешімді Партия Саяси кеңесінің Президиумымен алдын ала келісілгеннен кейін Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы қабылдайды.

149. Депутатты немесе әкімді кері шақыртып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

149.1. соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

149.2. Партияның беделін түсіретін және Партияға зиян келтіретін әрекеттер (әрекетсіздіктер) болса;

149.3. Партия Жарғысын, бағдарламалық құжаттарды, Партия органдарының шешімдерін сақтамаса;

149.4. ол Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе;

149.5. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылса; 

149.6. оны заңнамаға сәйкес депутаттың немесе әкімнің міндеттерін орындаумен үйлеспейтін лауазымға сайласа немесе тағайындаса;

149.7. денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар және басқа да себептер бойынша отставкаға кету туралы жеке өтінішпен жүгінсе. 

149.8. оны партиядан шығарса немесе ол партиядан шықса;

149.9. Партия қызметін тоқтатса;

149.10. соттың оны әрекетке қабілетсіз, әрекет ету қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда және Конституцияда көзделген өзге де жағдайларда;

149.11. партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында ротация жүргізуде;

149.12. және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүзеге асырылады. 

150. Мәслихат депутатын кері шақыртып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 

150.1. мәслихат өкілеттігі тоқтатылса;

150.2. ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс тұрақты тұруға кетсе;

150.3. оның өз міндеттерін жүйелі түрде орындамауына, оның ішінде өзі сайланған мәслихат отырыстарында дәлелсіз себептермен жүйелі түрде болмауына байланысты. 

151. Депутатты кері шақыртып алу туралы шешім қабылданған жағдайда Партияның басшы органы Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына депутатты кері шақыртып алу туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

152. Депутатты ротациялау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

152.1. оны заңнамаға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен үйлеспейтін лауазымға сайласа немесе тағайындаса;

152.2. денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар және басқа да себептер бойынша ротация туралы жеке өтінішпен жүгінсе;

152.3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе;

152.4. Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын кері шақыртып алу жөнінде, оның ішінде ротациялау жолымен партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында шешім қабылдаса;

152.5. Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы мәслихат депутатын кері шақыртып алу жөнінде, оның ішінде ротациялау жолымен партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат үшін мәслихат жұмысына қатысу бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында шешім қабылдаса.

153. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын ротациялау туралы шешім қабылданған жағдайда Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Орталық сайлау комиссиясына депутатты ротациялау туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

154. Мәслихат депутатын ротациялау туралы шешім қабылданған жағдайда Партия Өңірлік филиалы Саяси Кеңесінің Президиумы Аумақтық сайлау комиссиясына депутатты ротациялау туралы негіздемелері бар өтінішхат жібереді.

155. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Партия тізіміне енгізілген кандидатуралар қатарынан келесі кандидатураны айқындайды және Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының қарауына енгізеді.

 

6. ПАРТИЯНЫҢ ӨКІЛДІ 

ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

 

156. Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, олардың депутаттық бірлестіктерінің қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

7. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

ЖӘНЕ ПАРТИЯ МЕНШІГІ

157. Партия қаражаты мыналардан құралады: 

157.1. мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының жәрдемдері, егер олар құжатталған және олардың түсім көзі көрсетілген болса;

157.2. Партияның кәсіпкерлік қызметінен түсетін кірістер; 

157.3. бюджет қаражаты.

158. Жәрдемге жол берілмейді:

158.1. шет мемлекеттерден, шетелдік заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан;

158.2. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан; 

158.3. шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардан;

158.4. мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардан;

158.5. діни бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдардан;

158.6. анонимді жәрдемдерден;

158.7. халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан гранттар мен өзге де қаражат алатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе мемлекеттік емес ұйымдардан.

159. Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы Жарғыда көзделген қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажет мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған объектілерді қоспағанда, өз қаражаты есебінен құрылған ұйымдарды  меншігінде ұстай алады.

160. Партияның Өңірлік филиалдары мен Аумақтық партия ұйымдары партияға тиесілі мүлікті пайдалануға құқылы, ал олардың басшылары партия алдында оның сақталуына жауапты болады. 

161. Партияның қаржы қаражаты мен өзге де мүлкі Партия мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалады.

162. Партия мүшелері Партияның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ Партия да өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Партия мүшелерінің Партия мүлкіне қатысты құқықтары жоқ. 

163. Партияның лауазымды тұлғалары Партияның ақшалай қаражаты мен мүлкінің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына жауап береді. 

164. Партияның жылдық қаржылық есептілігі жыл сайын республикалық мерзімді басылымдарда жарияланады.

 

8. ПАРТИЯ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ

 

165. Партия Саяси кеңесі, Партия Саяси Кеңесінің Президиумы Партия съезінің қарауына Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені енгізеді.

165.1. Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар егер оларға Партия Съезіне қатысқан делегаттардың кемінде жартысы дауыс берсе, енгізіледі.

165.2. Партия Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс.

 

 

9. ПАРТИЯНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

166. Партияны қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, айыру, қайта құру) Партия Съезінің шешімі бойынша жүргізіледі.

166.1. Партия таратылуы мүмкін:

- Партия Съезінің шешімі бойынша;

- сот шешімі бойынша;

- өңірлердің кемі жартысының атынан өкілдік ететін оның мүшелерінің кемінде елу бір пайызының ұсынысы бойынша.

166.2. Партияның құрылымдық бөлімшелері таратылуы мүмкін:

- Партия Съезінің шешімі бойынша;

- сот шешімі бойынша.

167. Партия таратылған жағдайда Тарату комиссиясы тағайындалады.

168. Партияны тарату заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне тиісті жазба енгізілгеннен кейін аяқталды, ал Партия өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

 

10. ПАРТИЯ СИМВОЛИКАСЫ

169. Партияның символика түрінде өз туы, әнұраны, танымбелгісі, белгішесі бар.

170. Партия танымбелгісінің мөрлерде, бланкілерде, партия мүшесінің куәлігінде және басқа да атрибуттарда болуы міндетті.

171. Партия танымбелгісі осы Жарғының №1 қосымшасына сәйкес:

171.1. логотиптің графикалық бөлігінің негізі – ортасында шаңырақ пен киіз үй жанында орналасқан партия атауы бейнеленген киіз үйдің стильденген бейнесі.

171.2. Танымбелгіде екі үйлесімді түс – градиент қолданылған алтын және жасыл түс бар.

172. Осы Жарғының №2 қосымшасына сәйкес партия туы – ортасында партия танымбелгісі бейнеленген, ені мен ұзындығының арақатынасы бір де екі ақ түсті тікбұрышты мата.

173. Осы Жарғының №3 қосымшасына сәйкес белгіше партия танымбелгісінің кескіні пішініндегі нысанда болады. 

174. Моральдық көтермелеу атрибуттарының үлгілерін Партия Саяси Кеңесінің Президиумы бекітеді.

 

 

 

    «ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ, ГҮЛДЕНЕДІ ЕЛІМІЗ» САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ

     ПРЕАМБУЛА

    ХХІ ғасыр басы қазақстандықтар үшін жасампаз еңбек, тарихи кемелденген мемлекет пен демократиялық белсенді қоғам құру кезеңіне айналды. Біз осы уақыт аралығында халқымыздың даналығы мен төзімділігі арқасында қазіргі заманның сын-қатерлеріне ұтымды жауап бере білдік. Қазақстандықтардың ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтаған, сонымен бірге сенімді түрде заманауи инновацияларды пайдаланатын дамудың жоғарғы сатысындағы гүлденген мемлекет құруға қажетті әлеуеті бар. Халқымыздың тарихи құндылықтары, мүмкіндіктері мен әлеуеті Қазақстан келешегін бүгіннің өзінде айқындап отыр. Мұндай ұстаным «Ауыл» партиясынан өз қызмет ету механизмдері мен тәсілдерін ұдайы жетілдіруді, ақпараттық кеңістікте мейлінше белсенді жұмыс істеуді талап етеді.

    Біздің партияның миссиясы – әрбір қазақстандыққа лайықты өмір сүруге мүмкіндік жасау. Біз еліміздің гүлденуіне, Қазақстанның әрбір азаматының әлауқатының артуына өз үлесімізді қосып келеміз, қоса да береміз. Біз тұрақты келешек қалыптастыру жауапкершілігін өз мойнымызға алуға, осы жолда жетістікке жету үшін тер төгуге дайынбыз. Біз отандастарымыздың мүдделері үшін жауапты шешімдер қабылдауда өзге саяси күштермен диалогқа ашықпыз.

    БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

    Көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеретін қазіргі кезеңде жылдам әрі ұтымды дамуды қамтамасыз етудің негізгі факторы – қоғамымыздың құндылықтары. Біз еліміздің іргелі құндылықтарын қолдаймыз. Олар – тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Бұл құндылықтар біздің қоғамдық құрылыстың берік әрі мықты іргетасын қалыптастырады.

     Оларға қосымша ретінде біз өз құндылықтарымызды тек бағыттаушы жұлдыз емес, сонымен қатар салауатты және гүлденген қоғам қалыптастырудың негізі ретінде басшылыққа аламыз. Өзгерістер уақыты инновацияларды талап етуі мүмкін, бірақ сақталған құндылықтар келешекте өз жемісін беретін мүмкіндіктердің түптамыры болуы тиіс.

    Дәстүрге құрмет

    Біз ата-бабаларымыздан қалған мұраның құндылығын және ұлттық бірегейлігіміздің қалыптасуындағы дәстүрдің рөлін мойындаймыз. Біз өзіміздің ұлттық санамызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды зайырлылық қағидаларына негізделген қазіргі мәдени нормалармен үйлесімді түрде біріктіруге тиіспіз.

    Отбасы қоғамның негізі ретінде

    Отбасы қоғамның маңызды әрі іргелі бөлшегі. Біздің бастамалар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдауға, дені сау және тұрақты отбасылар санының өсуіне жайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Мәдени мұраны сақтау

    Қазақстанның мәдени әралуандығын көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу қажет. Алға сеніммен қадам басу үшін біз өз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеп, кең ауқымда танытуымыз керек.

    Шынайы отаншылдықты дамыту

    Отаншылдық – жалаң ұран емес, ол – жүрек тереңінен бастау алатын сезім. Отаншылдық адамның өз ауылындағы, үйі, ауласы мен қаласындағы тазалық пен тәртіпті бақылаудан, қоғамдық кеңістікке жауапкершілікпен қараудан басталады. Біз еліміздің келбетін жақсартуға, оның дамуына нақты істерімен өз үлесін қосатын шынайы отаншыл азаматтарды тәрбиелейміз.

    Қоғам негізі – адал азамат

    Адал азамат дегеніміз – өз еңбегімен лайықты жетістікке қол жеткізген, адалдық пен әділеттілікті барлығынан жоғары қоятын адал адам. Біз прогрессивті ұлтқа айналу үшін өзіміздің бар

    1-БӨЛІМ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯ

         «Ауыл» партиясының экономикалық стратегиясы Қазақстанды аграрлық державаға айналдыруға және деурбанизацияға негізделген.

          Қазақстанның аграрлық державаға айналуы агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтар әлеуетін толық ашатын жағдайды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің ақша-несие, салық және кедендік-тарифтік саясаты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталатын болады.

         Деурбанизация біз үшін тек қалалықтардың ауылды жерге көшуі емес. Біз қала мен ауылдың өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қысқарту арқылы ауылдық жердің өмір сүру мен еңбек етуге ыңғайлы орта ретіндегі маңызын арттырамыз. Ол үшін біз заманауи технологияларға, білімге, медициналық қызмет пен инфрақұрылымға ауылда қол жеткізуге жағдай жасаймыз. Бұл өз кезегінде ауылдық аймақтың сақталуына, ауыл шаруашылығының дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына ықпал етеді.

        1.1. Экономикалық саясат қағидалары

        Партия экономикалық саясатының басты мақсаты – халықтың әлауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету. Ол үшін біздің экономикалық саясатымыз келесі ұстанымдарға негізделеді:

        1) экономиканы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын негізге ала отырып, жоспарлы дамыту қағидаты. Жоспарлау мемлекетке тұрақты экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық және табыстың әділетті бөлінуі сияқты ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық үдерістер мен экономиканың түрлі секторларының қызметін тиімді басқаруға мүмкіндік береді;

        2) агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамыту басымдығы. Бұл – ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылда өмір сүру мен жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылып, айрықша ресурстар жұмсалады деген сөз. Аталған қағидат ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар, фермерлер мен ауыл кәсіпкерлерін қолдау, ауыл инфрақұрылымына, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын инвестициялау, сонымен бірге ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашып, мүмкіндік жасау сияқты қадамдарды қамтиды;

        3) жер қатынастарын жетілдіру. Жер тек халыққа тиесілі – бұл біз үшін аксиома. Жерге иелік ету құқығы Қазақстан азаматтарынан өзге ешкімге берілмеуі тиіс.  Сонымен бірге Қазақстан азаматтығынан шығу автоматты түрде жерді пайдалану құқығынан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалану құқығынан айыруды білдіруі тиіс;

        4) ауылдық жердегі кооперацияға тірек болу. Кооперация ресурстарды пайдалану тиімділігіне, шағын және орта бизнестің дамуына, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздіктің қысқаруы мен әлеуметтік ынтымақтастың нығаюына ықпал етеді. Біз бизнесті ұйымдастырудың кооперативтік формаларын қолдау үшін Конституцияға тиісті түзетудің енгізілуіне бастамашылық етеміз;

        5) экономиканың аграрлық секторының экологиялығы. Бұл қағидат экологиялық тұрақты технологиялардың өндіріске енгізілуін, ауыл шаруашылығын жүргізудің органикалық әдістерін, су ресурстары мен агрохимикаттарды тиімді пайдалануды бақылауды білдіреді. Аграрлық сектордың экологиялығы биологиялық әралуандықтың сақталуына, халық денсаулығы мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына ықпал етпек.

        1.2. Кәсіпорындар мен инновацияларды қолдау

        Біздің партия кәсіпорындардың дамуы мен инновацияларды ынталандыру үшін жайлы орта қалыптастыруды жақтайды. Бұл үшін біз еліміздің жаһандық экономикада бәсекелестікке қабілеттілігін жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз.

        Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлік тауарлары мен терең өңдеу кәсіпорындарын ынталандыратын салық саясатына, оның ішінде қосымша құн салығына тыйым салуға қол жеткізетін боламыз. Сонымен қатар партия ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ішкі квотаны енгізу механизмі бойынша шара қабылдайды. Біз бұл қадамдардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жергілікті өндірушіні қолдауда, бағаны реттеуде, инвестицияларды ынталандыру мен импортқа тәуелділікті азайтуда айтарлықтай басымдықтар беретініне сенімдіміз.

        Отандық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан аумағындағы жаңа инновациялық өндірістерді қолдау да маңызды мәселелердің бірі саналады. Сондықтан біз коммуналдық тарифтерді бекіту мен жаңа инновациялық жобалар, әсіресе әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өндіру үшін белгілі уақытқа дейін жеке салық салу бойынша мемлекеттік кепілдікті енгізуге бастамашылық жасаймыз.

        1.3. Еңбек қатынастары

        Біздің экономикалық стратегиямызда әділетті еңбек қатынастарының маңызы зор. Біз әділетті жалақының, қауіпсіз еңбек шарты мен кәсіби өсу үшін қажетті мүмкіндіктердің жасалуына қол жеткіземіз. Жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақ қозғалысы – партияның басты әлеуметтік серіктесі. Біз үшін негізгі басымдық – отандастарымыздың еңбек құқықтарын қорғау және кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықта әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету.

        2-БӨЛІМ: АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ

        Біздің партия ауылды аумақтардың теңдестірілген дамуын қамтамасыз ету үшін заманауи және тұрақты тәсілдерді енгізу арқылы ауыл экожүйесін даярлауды қолдау бойынша шаралар қабылдайды. Аталған жұмыстың соңғы нәтижесі шаруашылықты тиімдірек жүргізуге қажетті жағдайды жасау арқылы өз мүшелерінің әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатын кооперация болуы мүмкін.

        2.1. Ауылды аймақтарда тұрақты инфрақұрылым құру

    Ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында біздің партия тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған бағдарламалардың даярлануы мен ұсынылуына қол жеткізеді. Бұл жұмыс үш бағытта жүзеге асырылады:

        – әлеуметтік инфрақұрылым. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы білім беру жүйесіне, медициналық қызметке, мәдени демалыс мүмкіндіктеріне қол жеткізуін білдіреді;

        – инженерлік инфрақұрылым. Бұл аумақтық коммуналдық және жол шаруашылықтары тұтас жүйесінің қалпына келтірілуін білдіреді;

        – өндірістік инфрақұрылым. Осы мақсатта ауылдық аумақтардың дамуын қолдауға (заманауи өндіріс объектілері мен инфрақұрылымның салынуын қоса алғанда) арналған бағдарламалар мен инвестициялық жобалар іске қосылады.

        Бұдан бөлек, «Ауыл» партиясы шекара маңы аумақтарының маңыздылығын есепке ала отырып, әскери қызмет зейнеткерлері мен балалар үйлерінің түлектері үшін ауылдық аумақтарда оларды ауыл шаруашылығы мен аралас салаларда жұмыспен қамтитын шағын әрі жинақы елді мекендердің салынуына бастамашылық етеді.

        2.2. Экологиялық тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау

        Біз тиімділікті қоршаған ортаны қорғаумен үйлестіретін ауыл шаруашылығының маңыздылығын жете түсінеміз. Партия ауыл шаруашылығындағы экологиялық тұрақты өндірісті ынталандыруға бағытталған субсидия жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдайды.

        Сонымен бірге, біз, азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған, айналымнан шығарылған жерді барынша пайдалануға қол жеткіземіз.

        2.3. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуды қолдау

        Біз ауылда кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсу мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына ғана емес, сонымен бірге жергілікті қоғамдастықтар тұрақтылығын қамтамасыз етуге, олардың тауар мен түрлі қызметке қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға әрі ауылды жерлердің әлеуметтік дамуына ықпал ететініне нық сенімдіміз. Бұл үшін ауыл тұрғындарының кәсіби машықтарын арттыратын және олардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытатын оқыту бағдарламаларын енгізуге қол жеткіземіз.

        Біз жасыл және цифрлық трансформацияға бағытталған модельді фермаларды құру шараларын қолға аламыз. Жергілікті жердегі кәсіпкерліктің дамуына қуатты катализатор болатын жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бағдарламасын ілгерілетумен айналысамыз. Біз «Бір ауыл – бір өнім» қағидатының мұнда өз өміршеңдігін көрсетіп, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты табыс әкеліп қана қоймай, нарық назарын аударатын бірегей және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасауға ықпал ететініне сенімдіміз.

        2.4. Ауыл туризмі мен экомәдени бастамаларды қолдау

    Біз ауылдық қауымның ерекше табиғаты мен мәдениетін мойындаймыз. Ауыл экожүйесін қолдау мақсатында, біз, ауыл туризмін дамытып, экомәдени бастамаларды қолдау арқылы биологиялық әралуандық пен ауыл өмірінің дәстүрлерін сақтауға және оларды үнемі назарда ұстауға қолдау көрсетеміз. 

    3-БӨЛІМ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

        Партияның әлеуметтік саясаты әлеуметтік топтардың, бастысы, адамның дамуына бағытталған. Әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау мен білім беру салалары, сонымен бірге отбасы мәселелері ерекше назарда болады. 

        3.1. Зейнетақы жүйесін реформалау

        Біз қарттарымыздың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында отандық зейнетақы жүйесін үздік әлемдік тәжірибелер негізінде реформалауға алғашқылар қатарында қол жеткіземіз. Мұндағы біз үшін ең басты қағидат – адам өз активтерінің қожайыны және оларды өзі басқаруы тиіс.

        Партия зейнетке шығу жасына өзгеріс енгізу, зейнетақыны есептеудің формуласын қайта қарау, зейнетақы жинақтары тетіктерін жақсарту, сонымен қатар халықтың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыратын бағдарлама даярлау сияқты бірқатар шараға бастамашы болады.

        3.2. Білім беруге қатысты тәсіл

        Біз білім беру жүйесінің қоғамның болашағы үшін маңызы зор екенін мойындаймыз. Біздің бар күшіміз халықтың барлық тобы үшін жоғары сапалы білімге жол ашатын білім беру бағдарламаларын қолдауға бағытталады. Сондай-ақ өңірлердің мамандануын ескере отырып, ауылдық жерлерде заманауи, технологиялық тұрғыдан жабдықталған мектептер мен агроколледждердің салынуына қол жеткіземіз.

        Біз ауыл мектептерінің түлектері үшін негізгі міндеті әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын «Ауылдан диплом үшін!» жобасын іске қосамыз. Ауылды жерде еңбек еткісі келетін жас мамандар үшін жекешелендіру құқығы берілген тұрғын-үй салу бағдарламасын іске қосуға бастамашы боламыз.

        Ауылдардағы маман тапшылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы мамандары мен әлеуметтік сала қызметкерлері үшін еңбек өтілін бір жарым еселік мөлшерде есептеуге қол жеткіземіз. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын шаруашылық жүргізу машықтарына оқытатын білім таратудың Ұлттық жүйесін құруға бағытталған шараларды қолға аламыз.

        Үкімет пен қоғам тарапынан кешенді ұстаным мен қолдауды талап ететін маңызды мәселенің бірі – күштік құрылым зейнеткерлерін, спортшылар мен қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды азаматтық өмірге бейімдеу. «Ауыл» партиясы тиісті білім беру бағдарламасын даярлауға қол жеткізеді.

        3.3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру

        Біз сапалы медициналық қызметке қолжетімдікті қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесіне үлкен мән береміз. Ол үшін біз ауылдық аймақтардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға ықпал ететін «Ауыл дәрігері» жобасына бастамашыл боламыз. Біз аталған жобаның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға сеп боларына, медициналық көмекке қол жеткізудегі қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

        Жағдайлары тым төмен жандарға арналған әлеуметтік бағдарламалар да басты назарымызда болады.

        3.4. Отбасылық саясат

        Отбасы құндылықтарын қолдау – әлеуметтік саясатымыздың негізі. Біз отбасыларға қолайлы орта қалыптастыратын (тұрғын үй бағдарламаларын, балалар жәрдемақысы мен қолдаудың өзге де формаларын қоса алғанда) шаралардың жүзеге асырылуына қол жеткіземіз.

        Осы мақсатта, біз, Қазақстанда жоғары төлемдерді жүзеге асыратын «ана капиталы» жобасын іске қосуды, балалы әйелдерге айлық төлемдерін бірнеше есе ұлғайтуды, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шарттары түсінікті әрі нәтижелі бағдарламаларды енгізуді қолға аламыз. 

    4-БӨЛІМ: ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА САПАЛЫҚ ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

    БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ

        Жастардың, ең алдымен, көшпелілер дәстүрі мен құндылықтарының мұрагерлері ретінде партиямыз үшін рөлі өте зор. Олар бүкіл елдің дамуына ықпал ететін инновациялар мен қуат әкеледі.

        Біз жастардың жаңа сапалық қасиеттерін қалыптастыру мен олардың бастамаларын қолдау заманауи қоғамдағы табысты әрі креативті өмір сүруге қабілетті, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары буынды қалыптастыруға бағытталған басты қадам деп есептейміз.

        4.1. Жастар арасында еңбекке құрметті насихаттау

        Еңбекқорлық, іскерлік пен жауапкершілік, білім алу мен өзін-өзі дамытуға ұдайы ұмтылыс – үйлесімді тұлғаның бұл аталған қасиеттерінің барлығы да еңбек адамына тән. Ыждағатты еңбек әрдайым жетістіктерге жетелеп, ал жоғары санатты мамандар барлық саланың дамуын қамтамасыз етеді.

        Біз өз ісінің мамандары ғана қоғамның басты назарында болуы, ал жастардың оларға еліктеуі тиіс екеніне сенімдіміз. «Еңбек адамды, ал адам өз дәуірін көрікті етеді» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан біз қоғамда, әсіресе жастар арасында еңбек адамдарын дәріптеумен белсенді түрде айналысамыз.

        4.2. Тұлғалық дамуға қажетті білім ортасын қалыптастыру

        Біз жастардың жаңа қасиеттері мен тұлғалық дамуын арттыруға бағытталған арнайы мамандандырылған білім беру алаңын қалыптастыруға күш саламыз. Көшбасшылық саласын, креативтілік пен әлеуметтік жауапкершілікті қамтитын аталған орта жастарды жан-жақты интеллектуалды дамытуға бағытталады.

        4.3. Жастардың инновациялық бастамаларын қолдау

        Біздің партия жастардың инновациялық бастамаларын белсенді қолдауға бағытталған шараларды қабылдайды. Бұған, соның ішінде жас көшбасшылардың шығармашылық көзқарасын ынталандыру және өмірдің әртүрлі саласында инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында олар ұсынған жобаларды қаржыландыру үшін қор құру кіреді.

        5-БӨЛІМ: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

        Біз мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі реформалау ашық әрі тиімді қоғамға апарар жолдағы, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуындағы маңызды қадам деп есептейміз. Сол үшін біз негізгі институттардың қалыптасуына азаматтардың қатысуын қамтасыз етуді жақтаймыз. Біз оның өз кезегінде, азаматтарға өз қаласы мен қоғамдастығының болашағын айқындауға белсенді қатысу мүмкіндігін беретініне сенімдіміз.

        5.1. Әкімдерді сайлау: шынайы өзін-өзі басқаруды дамыту

        «Ауыл» партиясы Президенттің аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайланбалығын дамыту идеясын қолдайды. Себебі тікелей сайлау демократиялануға бағытталған нақты векторды көрсетеді.

        Сайлау тұрғындардың өз сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін көшбасшыларды таңдау арқылы аумақтарын басқаруға тікелей мүмкіндік береді. Бұл әкімдерді тиімдірек әрі ашық жұмыс істеуге ынталандырады.

        Әкімдерді сайлау азаматтық қоғамның дамуына ықпал ететін болады. Бұл қоғамның тұрақты дамуына негіз болатын саяси ақпарат алу мен азаматтық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді.

        Әкімдердің сайлануы билікке деген сенімнің артуына ықпал етеді. Азаматтар өз қалалары мен аудандары басшыларының сайлануына тікелей ықпал ете алатынын көргенде олардың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады. Бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына және жалпы климаттың жақсаруына әсер етеді.

        5.2. Сот жүйесі: ашықтық және сайланбалық

        Біз сот жүйесінің ашықтығы мен тәуелсіздігін жақтаймыз. Ол үшін біз аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде азаматтардың алқа билерге дауыс беру тетігін енгізуді ұсынамыз.

        Біз сот корпусы құрамын дауыс беру арқылы айқындауға халықтың белсенді қатысуы сот жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ететініне сенімдіміз.

        5.3. Қоғамдық қауіпсіздікті жетілдіру

       Біз қоғамдағы қауіпсіздік пен сенімнің маңыздылығын мойындаймыз. Сондықтан біздің партия құқық қорғау органдарын кәсібилендіруге, әдептілікке және жауапкершілікке бағытталған полиция реформасын жүргізуді жақтайды.

        Осыған байланысты, біз қалалық және аудандық полиция бөлімдері басшыларын, сондай-ақ жергілікті полиция қызметтері бастықтарын халықтың сайлауын енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздік жүйесін реформалайтын боламыз.

       ҚОРЫТЫНДЫ

        Біздің бағдарлама – қоғамды дамытудың кешенді ұстанымы. Біздің партия қазақстандықтарды теңдестірілген, тұрақты және орнықты қоғам құру үшін құндылықтарымыз бен мұраттарымыз айналасында бірігуге шақырады. Біз еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету үшін азаматтармен және басқа да саяси күштермен жұмыс істеуге дайынбыз. 

      Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарды сайлаудағы "Ауыл" партиясының бағдарламасы

       ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ДАМУ КУРСЫ

      Урбанизация деп аталатын үдеріске шамадан тыс жəне негізсіз құштарлық ауыл тұрғындарының кедейленуіне əкеліп соқтырды жəне оларды жаппай қалаларға қоныс аударуға итермеледі. Бүгінде қазақстандықтар, əсіресе жастар « ауыл» сөзін келешексіз, қалыпты өмір сүруге мүмкіндігі жоқ жермен байланыстырады. Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан əлі де импортқа, ал халық азық – түлік бағасының өсуіне тəуелді.

      Ал əлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады!

      Ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, біз əрбір қазақстандықтың лайықты өмірін қамтамасыз етеміз. Мұның бəрін шындыққа айналдыратын уақыт келді!

      «Ауыл»  партиясы  ұлттық  əл-ауқатты  арттырудың түбегейлі жаңа саясатын ұсынады жəне оны жүзеге асыруға дайын.

      Біз – елімізді индустриалды - аграрлық державаға айналдыру жəне сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі өте жоғары мемлекет құрамыз!

      Біз – бақуатты ауыл, дамыған қала мен қуатты мемлекет қалыптастырамыз!

      Біз – еңбек адамына деген құрметті қайтару, ауылда сапалы медицина мен білімді қолжетімді етеміз!

      Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешені эконо- миканы дамыту үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де маңызды стратегиялық мəнге ие. «Ауыл» партиясы ауыл проблемаларын біледі жəне оларды шешу бойынша нақты көзқарасы бар.

      Біздің саяси платформамызда жалпы ауылдық аумақтарды жəне əрбір ауылдық елді мекенді дамытуға, атап айтқанда, олардың өткір тұрған экономикасы, əлеуметтік, инженерлік жəне өндірістік инфрақұрылымы мəселелеріне маңызды рөл берілген. Ауылдарды дамыта отырып, біз қалаларды да дамытамыз, қала тұрғындарының игілігін арттырамыз.

      «Ауыл» партиясы өткен сайлау нəтижелеріне қарамастан, осы ұстанымдарды одан əрі қорғап, қолда бар барлық ықпал ету тетіктері мен ресурстарды пайдалана отырып, өз бағдарлама лық құжаттарын іске асыратын болады.

      Біз үшін Ауыл əрқашан басымдық пен құрметке ие!

       

       1. АУЫЛ МЕН АӨК-тің ЗАҢ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ КЕПІЛДІКТЕРІ!

      «Ауыл» партиясы еліміздің жоғарғы заң шыға- рушы органында өз сайлаушыларының мүдделерін қорғай отырып:

      - ауылдық аумақтар мен аграрлық салаға қатысты заңнамалық актілерге ревизия жүргізу, оның негізінде Қазақстанды индустриялық – аграрлық державаға айналдыру үшін тиімді құқықтық жағдайлар туғызатын оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;

      - ауыл халқын сапалы жəне тұрақты əлеуметтік қамтамасыз етуге, ауыл инфрақұрылымын тұрақты бюджеттік қаржыландыруға, аграрийлер мен отандық азық- түлік өндірушілерін сөзсіз мемлекеттік қолдауға берік кепілдіктер беретін «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң қабылдауға;

      - ауыл шаруашылығы жерлерін латифундистердің емес, халықтың пайдасына əділ түрде қайта бөлу мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексін қайта қарауға;

      - еңбек адамына ерекше құқықтық мəртебе беруге қол жеткізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері ретінде оларға қажетті артықшылықтар бере отырып, «елдің асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыруға;

      - əкімдер мен мəслихат депутаттарының халық алдындағы дербес жауапкершілігін күшейту үшін жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түбегейлі қайта қарауға, сондай-ақ олар халық қойған міндеттерді орындамаған кезде ең қатаң жазалау шараларын қолдануға ниетті.

       

      2. ИНДУСТРИАЛДЫ - АГРАРЛЫҚ ЕЛГЕ ЛАЙЫҚТЫ РЕФОРМАЛАР!

      Қазақстанды мықты индустриалды - аграрлық мемлекетке айналдыру саланы басқаруға мүлдем жаңа көзқарастарды қолдануды жəне жылдам даму үшін ең қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді. Сондықтан

      «Ауыл» партиясы:

      - барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін, шаруа жəне фермер қожалықтарын борыштық кредиттік жүктемеден, ал олардың активтерін кепіл ауыртпалығынан босату үшін қаржылық сауықтыруға;

      - 100% мемлекеттік жарғылық капиталмен Агробанк құруға;

      - екінші деңгейдегі банктер алдында аграрлық саланы қаржыландыру бойынша олардың пайда нормасын (пайыздық мөлшерлемені) мемлекеттік реттей отырып заңнамалық негізде міндеттемелерді белгілеуге;

      - ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын жəне азық- түлік тауарларын өндірушілер, сондай-ақ бастапқы жəне терең қайта өңдеу кəсіпорындары үшін салықтардың барлық түрлерін (əлеуметтік аударымдардан басқа) толық жоюға;

      - коммуналдық тарифтерді барлық АӨК нысандары, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен, сақтаумен жəне көтерме сатумен айналысатын шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары үшін өзіндік құн деңгейіне дейін субсиди- ялауды енгізуге;

      - агробизнес тиімділігінің төмендеуіне жəне экспорттың дамуына тікелей немесе жанама қатер төндіретін мемлекеттік органдар тарапынан шектеу немесе өзге де реттеу шараларын қолдануға тыйым салуды белгілеуге;

      - отандық бизнесті импорт қысымынан қорғау үшін жаңа кедендік-тарифтік саясатты əзірлеуге;

      - кооперативтерді атаулы қолдау жəне квазимем- лекеттік сектор ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу жəне өткізу жүйесін құруға ҰМТЫЛАДЫ.

       

      3. АУЫЛҒА ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС!

      Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын айтарлықтай əлеуметтік алшақтық бар. Ол экономиканың нақты секторына жəне ауылдың демографиялық əлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, əсіресе əйелдер мен жастар үшін қалаға бару «барса келмеске» айналды. «Ауыл» партиясы мұндай жағдайға төзбейді жəне ауылға ерекше назар аударуды талап етеді.

      Сондықтан «Ауыл» партиясы:

      - ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру жəне дамыту мəселелерінде кешенді жəне жүйелі тəсілді қолдануды;

      - ауыл əйелдерінің əлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасауды;

      - ауылдық елді мекендерді газдандыруды ұлғайтуды жəне оларды жоғары сапалы интернетпен қамтуды;

      - ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды КӨЗДЕЙДІ.

       

       4. УАТТЫ АУЫЛ – ЕЛДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ!

      Гүлденген ауыл жəне тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтан-дырады, урбанизацияға байланысты өткір əлеуметтік проблемаларды азайтады.

      «Ауыл» партиясы осы мақсатқа жету үшін:

      - қала тұрғындарын ауыл кəсіпкерлігін инвестиция- лауға тарту бағдарламасын ұсынады;

      - қажетті экономикалық ынталандырулар мен құқықтық кепілдіктер бере отырып, «қалалық» бизнесті ауылдарға көшіру жөніндегі бағдарламаны əзірлейді;

      - ауылдық жерде кемінде 20 жыл (жиынтығында) жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны ұлғайту туралы мəселеге бастамашы болады;

      - мерзімді жəне келісімшарттық əскери қызметтен демобилизацияланған ауыл тұрғындары үшін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарында тегін оқу жəне тұру мəселесін шешуге ұмтылатын болады;

      - ауылдық жерлерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа (мүгедектерге) əлеуметтік жəрдем- ақыларды ұлғайту туралы мəселеге бастамашы болады;

      - аз қамтылғандар мен əлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізуге бастама- шылық жасайды.

      - Азық–түлік сөрелерде өспейді, сөрелерде баға өседі!

      - Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды заңнамалық негізде ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген жəне қайта өңдеу кəсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Қосылған құн сол кезде ғана делдал емес, шаруалардың өздерінде қалады. Салалық  мемлекеттік

      органдар мен жалпы үкімет үшін негізгі жəне бірінші кезектегі міндет өндіріс көлемін, əсіресе экологиялық таза өнім көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қайта өңдеу мен логистикалық инфрақұрылымды жолға қою болуы тиіс.

      Қазақстанға өзгеріс қажет. Біз еліміздің шын мəнінде индустриалды - аграрлық, яғни, өзін – өзі қамтамасыз ететін, гүлденген жəне қауіпсіз болғанын қалаймыз!

      Біз Қазақстанның аграрлы болашағына сенеміз! Біз ауылда тұратын адамдарға сенеміз!

      Біз жарқын болашаққа деген үмітті шындыққа бірге айналдырамыз!

       

        “Ауыл жастары”

        Төраға: Рахымбек Дәурен Берікбайұлы

        "Ауыл жастары" жастар қанатының жұмысы туралы ақпарат

        "Ауыл жастары" жастар қанатына 20 облыстық филиал, 137 қалалық және аудандық өкілдіктер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша университеттер мен колледждер жанынан кіреді.

        Облыстық филиалдарда жастар бойынша 20 координатор жұмыс істейді

        2019 жылдан бастап "Ауыл жастары" жастар қанатының 5 республикалық форумы ұйымдастырылды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін 3 негізгі бағыт айқындалды:

        1. Ауылдық жерлерде 01 жастар кәсіпкерлігін дамыту жобасы. 2023 жылы Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 500-ден астам ауыл жастарын қамтитын семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Оқыту барысында 2,5% жеңілдікті кредиттер, өтеусіз гранттар, қаржылық көмек емес сияқты бизнес-идеяларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті филиалдар агро хакатонды қолдау бойынша консультациялар, кәсіпкерлік жобалар, жастар бастамалары конкурстарын өткізді.

        2. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аграрлық университеттер мен колледждердің студенттерін тарта отырып, мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жобасы бүгінде жастар ортасында ауыл шаруашылығы мамандықтарына сұраныс төмен. Аграрлық кәсіптің имиджін арттыру мақсатында "Ауыл жастары" қанатының өңірлік филиалдары оқушылардың шаруа қожалықтарына таныстыру сапарлары, агроуниверситеттердің Ашық есік күндері, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша көшпелі консультациялар сияқты іс-шараларды үнемі өткізеді.

        3. Ұлттық ат спорты ойындары, волейбол және футболдан жергілікті лигалар құрылды, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде тұрақты турнирлер өткізіледі.

        Рахымбек Дәурен Берікбайұлы

        “Ауыл” жастары партиясының төрағасы

        «Ауыл» партиясы жанындағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

        Төраға: Таңсауле Серіков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

        «Ауыл» партиясы жанындағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

        "Ауыл" ХДПП жанындағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия "Ауыл" партиясы Саяси Кеңесі Төралқасының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №32 шешімімен құрылды. Бұл Комиссия партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

         

        Комиссияның негізгі міндеттері:

        1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық өміріндегі проблемалық мәселелерді шешу жолдарын анықтау және көмек көрсету;

        2. "Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар" және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған 2006 жылғы 13 желтоқсандағы Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенция контексінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басымдықтарды айқындау жөніндегі ұсынымдарды, ұсыныстарды әзірлеу Қазақстан болып табылады;

        3. Мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар лшицтердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

        4. Мүгедектігі бар адамдар жағдайының мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

        5. Жәрдемдесу:

        - Экономикалық салада мүгедек адамдардың мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу;

        - Мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;

        - Мүгедек адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;

        - Мүгедек адамдардың нақты жағдайын, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі мүгедек адамдардың мүмкіндіктерінің теңдігін талдау мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру;

         

        6. Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар бойынша Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдар дайындау;

        7. Мүгедек адамдардың тыныс-тіршілігін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

        8. Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдар жағдайының аспектілерін неғұрлым толық көрсету мақсатында БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау;

        9. Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.

        10. Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және қарауға қатысу және т. б.

        Қазіргі уақытта 17 облыс орталығында және Республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік комиссиялар құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Өңірлік Саяси кеңестердің шешімі бойынша комиссиялардың төрағалары мен мүшелері тағайындалды, сондай-ақ іс-шаралар жоспарлары бекітілді.  

        "Ауыл" ХДПП жанындағы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы болып т.ж. Серіков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты тағайындалды.

        Таңсауле Серіков

        Комиссия төрағасы

        "Мейірім құшағы" әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі республикалық комиссиясы

        Төраға: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

        "Мейірім құшағы" әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі республикалық комиссиясы туралы ақпарат

        "Мейірім құшағы" әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі Комиссия "Ауыл" партиясы Саяси Кеңесі Төралқасының шешімімен 2023 жылғы 30 маусымда құрылды және "Ауыл"халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты әбден Қарақат Жақсылыққызы басқарады.

        Комиссияның негізгі міндеттері:

        • әйелдердің саяси көшбасшылығында көмек көрсету және шешу жолдарын айқындау;
        • әйелдердің, балалар мен отбасының мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
        • әйелдердің, балалар мен отбасының жай-күйі мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасының негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

        20 өңірде "Ауыл" партиясының өңірлік филиалдары жанынан Әйелдер, Балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиялар құрылды, комиссиялардың төрағалары, оның ішінде облыстық мәслихаттардың 8 әйел депутаты және аудандық мәслихаттың 1 депутаты тағайындалды. Комиссиялардың құрамына белсенді қоғамдық қызметпен айналысатын, өңірде үлкен тәжірибесі мен құрметі бар әйелдер кірді.  Қызмет басталғаннан бері комиссия мүшелері әр өңірде 200-ден астам тақырыптық және мерекелік іс-шаралар өткізді.

        АБДЕН ҚАРАҚАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

        Төрайымы

        «АУЫЛ НАҚЫШТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫ

        «АУЫЛ НАҚЫШТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫ

        «Ауыл» партиясы жыл сайын «Ауыл нақыштары» атты дәстүрлі республикалық фотобайқауын өткізеді.

        Жылдан жылға бұл байқау фотосуретшелерді қызықтырады да, мотивация береді. 2023 жылы осы байқауға 122 фотосуретші қатысты.

        Байқаудың негізгі мақсаты – ауылдардың шынайы көріністері, әсем табиғаты арқылы ұлт бесігі – ауылға, оның тұрмыс-тіршілігіне көпшілік назарын аудару, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру.Ұйымдастырушылар әуесқой фотографтарға да, өз ісінің кәсіби мамандарына да бірдей шарт қойды. Осы уақытқа дейін онлайн форматта, еліміздің барлық өңірлерінен партияның сайты арқылы 500 жуық жұмыс келіп түсті. Әр қатысушының 3 фотодан жіберу мүмкіндігі болды. Құрамына партия басшылығы мен тәжірибелі фотографтар енген кәсіби қазылар алқасы туындылардың тақырыпқа сәйкестілігі, жұмысты бере білудің жаңашылығы, көңіл-күй және т.б. критерий арқылы іріктеу жүргізді. Қазылар өз отырысы нәтижесінде «Әлеуметтік желідегі жүлдегер» сынды арнайы сыйлық тағайындаужөнінде шешім қабылдап, іріктеу партияның Telegram каналында ашық дауыс беру арқылы жүргізілді. Ауыл еңбеккерінің қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында тағайындалған «Ауыл еңбеккерінің бейнесі» арнайы сыйлығы жүлдегері аталмыш тақырыптағы фотолар арасынан таңдап алынды.

        Қазіргі таңда байқауға қатысқан суреттер көшпелі фотокөрме ретінде республикамыздың барлық өңірінде көрсетілген. Ауыл тақырыбының пейзаждары, репортаждық түсірілімдер, документалды фотографиялар, портрет суреттері барлық көрермендерді қызықтырады.

        «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

        «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

         «Ауыл» партиясы Орталық аппараты Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз  мерекесі қарсаңында ұлтымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан бата беру дәстүрін дәріптеу мақсатында «БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕР!» атты республикалық батагөйлер байқауын жыл сайын ұйымдастырады

        Бата мазмұны төмендегідей маңызды тақырыптарды қамтыды:

        • Ұлыстың ұлы күні, береке, бірлік, татулық, ұрпақ тәрбиесі, отбасылық және ұлттық құндылықтар;

        • Әділетті қоғам, «адал азамат», отаншылдық, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық;

        • Жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу мәселелері;

        • рухани болмысымызды кескіндейтін дәстүрлі өмір салты

        Байқаудың өту форматы: арнайы түсірілген бейне-таспа.

        Байқаудың жеңімпаздарына ақшалай сыйлақтармен марапатталады.

         

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        СТУДЕНТТІК ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

        33 жылдан кейін Қазақстанда жастар Студенттік отрядтары қайта жанданды. Олардың қалыптасуы қазір су тасқынынан зардап шеккен басқа аймақтарда да жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі " Ауыл "ХДПП-мен бірлесіп осы жобаға бастамашылық жасады. Бей-жай қарамайтын студенттер су тасқыны салдарын жоюға қатысады. Атап айтқанда, элементтерге байланысты баспанасыз қалғандар үшін жаңа шағын аудан құрылысына қатысады.

        Жасақ мүшелерінің арасында жазғы кезеңде жеке секторды дамытуда баға жетпес тәжірибе алатын болашақ құрылысшылар ғана емес. Бірақ су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккендерге көмектескен басқа мамандықтардың студенттері.

         

        “КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

        “КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

         “КІТАПҚА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

        Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев «оқу мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс» деп атап өтті. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек қазақстандық оқушылардың 36% - ы оқу сауаттылығы жағынан ең төменгі деңгейге түскен.  Кітапханалардың да кітап қоры жаңармаған, көп кітапхана жабылып қалған.  «Ауыл» партиясы осыған орай ұйым төрағасы Серік Егізбаевтың бастамасымен  ауылдық кітапханалардың кітап қорын ұлғайту, қоғамның білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру бағытында шаралар ұйымдастыруды қолға алды.

        Аталған партия «Кітапқа екінші өмір сыйла!» жалпыреспубликалық акциясы аясында ел тұрғындарынан 18 мыңнан астам  кітап жинады. «Кітапқа екінші өмір сыйла!» атты Жалпы республикалық акциясы аясында 20 799 кітап жиналды. Бұл кітап қоры 20 облыстың 25 ауданына қарасты 59 ауылдық кітапханаларға салтанатты түрде тапсырылды.

         

        «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

        «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

         «КОМПЬЮТЕРГЕ ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!»

        «Ауыл» партиясының Жастар қанаты мен «+1» қоғамдық қоры бірлесіп, «Компьютерге екінші өмір сыйла!» атты акция ұйымдастыруда.

        Акцияның басты мақсаты – ауыл балаларының жан-жақты дамуына ықпал болу, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету. Статистикаға сүйенсек, компьютерлік техникаға 700 000 қазақстандық мұқтаж, оның 21% оқушылар.

        Қазіргі таңда волонтерлар істен шыққан, қолданыста болған компьютерлік техникаларды жинау жұмыстарын ұйымдастырып, қайта қалпына келтіріп, ауылдардағы мұқтаж балаларға тегін таратуда.

        Акция бүгінде дәстүрлі сипат алуда. «+1» қоғамдық қоры тарапынан өткен жылы Қазақстанның 11 өңірінде ауылдық жерлердегі балаларға 170 тарта ноутбук табысталған.