Фракция
«Ауыл» партиясының фракциясы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің регламентіне, «Ауыл» партиясының Жарғысына және фракцияның Ережесіне сәйкес құрылған депутаттық бірлестік болып табылады.
Депутатты таңданыз:
ЕГІЗБАЕВ СЕРІК РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақДепутат Сауалдары
АБДЕН ҚАРАҚАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақДепутат Сауалдары
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақДепутат Сауалдары
БАҚҚОЖАЕВ АНАС АХАТҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақДепутат Сауалдары
ДАЙРАБАЕВ ЖИГУЛИ МОЛДАҚАЛЫҚҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақЗЕЙНУЛЛИН АЯН ТАЛҒАТҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақДепутат Сауалдары
САУРЫҚОВ ЕРБОЛАТ БАЙҰЗАҚҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақСЕРІКОВ ТАҢСАУЛЕ ҒАБДЫМАНАПҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты
ТолығырақФРАКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1 Заң шығармашылық және басқа да қызметте Партияның басшылық органдарының бағдарламалық міндеттемелері мен Партия Төрағасының шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Фракция туралы ережеге сәйкес жүзеге асыру.
2 Парламент мәжілісінде партияның және партия Төрағасының елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі ұстанымын көрсететін саясат жүргізу, оның негізгі ережелері сайлау алдындағы бағдарламада бекітілген.
3 Фракция жиналысы қабылдаған шешімге сәйкес Парламент пен Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында фракция мүшелерінің ортақ дауыс беруін қамтамасыз ету
4 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері шегінде партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.
ФРАКЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Фракцияны фракция мүшелері сайлайтын фракция жетекшісі басқарады.
Фракцияның жоғарғы органы-фракция жиналысы (фракция отырысы).
ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Фракцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында Парламент Мәжілісі қарайтын мәселелер бойынша фракцияның келісілген ұстанымын ұсынады.
Фракция отырысының күн тәртібін ұсынады, оларға төрағалық етеді, фракция отырысының хаттамасына қол қояды.
Фракция мүшелеріне тапсырмалар береді.
Фракция басшысы Парламент Мәжілісі бюросының құрамына кіреді.
Депутаттық сауалдар