“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен
«Ақкөл ауданының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 20 тұрғынына материалдық көмек беру» акциясы (eng)
IT динамикалық әлемінде жаңа идеяларды жүзеге асырып, бірлесе жұмыс істеу және озық шешімдерді жасау үшін, бізге қосыл. (eng)
Subscribe to our social media pages
Мекен-жайы және уақыты
Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Мәдениет үйі алаңы, Сағадат Нұрмағамбетов, 71.(en)
Сағат 11:00-де (en)
30 Мамыр, 2024 жыл (en)
Іс-шара мақсаты
ENG | Су тасқыны орын алған өңірлерге «Ауыл» партиясы тарапынан 168 миллион теңге қаржыға 213 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
Апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету әліде жалғасуын табуда. Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы филиалындағы партия меценаттары 20 000 бас тауық балапандарын зардап шеккен отбасыларға таратып берді.
Осы жоба бүгін Ақкөл ауданының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 20 тұрғынына материалдық көмек берумен жалғасады. 20 жанұяның әрқайсысына 20 қаз балапаны және оларды асырауға 600 кг жем-азығы тегін таратылады. Таратумен қатар, тұрғындарға қаз балапандарын өсіру технологияларын үйретіп, болашақта өз аула-бизнестерін ашуға жәрдем беретін болады.
Алдымыздағы айларда жеке үйде тұратын Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын шаруашылығы бар 135 отбасыға 2700 қаз балапанын және оларды бағуға 81 тонна жемін таратып, осы істі әрі қарай кәсіпке айналдыру үшін көмек көрсететін болады. Партия осы арқылы тұрғындарға тек көмек көрсетіп қана қоймай, ауладағы шағын шаруашылықтарды дамытуға да қолғабыс етеді.
Сонымен қатар, Ауыл партиясы ауладағы шағын шаруашылықтарды дамытуға «Ауладан дастарханға» арнайы жобасын әзірленіп, пилоттық үлгіде Ақкөл ауданынан бастау алды. Жобаның мақсаты - ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, аула шаруашылықтарын экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып дамытуды әртараптандыру. Жоба аясында Ақкөл ауданының 30-дан астам тұрғындарына 2000 аса етті тауық пен қаз балапандарын, оларды өсіруге қажетті жем-шөбімен қоса тарату, жобаға қатысушыларды ветеринарлық және санитарлық нормаларды сақтай отырып, құс өсірудің заманауи технологияларына үйрету, болашақта бизнес ашуға жол көрсету жоспарланған. Осы жоба бойынша бүгінде аудан тұрғындарына 600 тауық балапандары таратылған, жоба жалғасуда. Алдағы уақытта аудан тұрғындарына құс өсіруден басқа, жеміс-жидек өсіру, бал арасын тиімді асырау сияқты шағын бизнес көзін ашу жолдарын үйретуге ат салысатын болады.
Contacts
Сұрақтарыңыз болған жағдайда төмендегі сілтемелер арқылы бізге хабарласыңыз!
Phone number:
+7 (7172) 79 78 88Email:
auyl-patriot@mail.ruSocial network: