» » » Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды

19-03-2018, 20:08

   

Жамбыл облысында «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаевтың қатысуымен Елбасы жариялаған 5 әлеуметтік бастаманы талқылауға арналған жиын өтті. «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалы мұрындық болған келелі отырыстың мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастаманың тиімдігін егжей-тегжейлі түсіндіру.


 Отырысты партияның облыстық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов ашып, филиалдың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралары жайлы баяндады. Жиында сөз алған «Ауыл» партиясының Төрағасы Әли Бектаев қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, бірқатар партия мүшелерін «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, партия қатарына қабылданған жаңа мүшелерге партия билеттерін табыс етті.

    Отырыс барысында  партия Төрағасы әлеуметтік жаңғыруға бағытталған 5 бастама ел тұрғындарына, әсіресе ауыл халқына деген қамқорлық екендігін ерекше  атап өтті. «Біздің халқымыздың 42 пайызға жуығы әлі де ауыл тұрғындары болып есептеледі. Міне, сол халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауда айрықша қамқорлық жасалғалы отыр. Оларға жеңілдетілген өсім пайызымен жылына 14 мыңға дейін несие берілетін болды. Кемінде 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді деген сөз. Өйткені бір отбасының қарамағында 3-4 адамы болады ғой. Сөйтіп, ауыл тұрғындары серпіліп, өздерінің материалдық жағдайын арттыруға қол жет­кі­зетін болады», - деді Әли Бектаев. 

    Сонымен қатар, партия Төрағасы бастамада көрсетілген өзге де міндеттерге кеңінен тоқталып, пікірін білдірді.
    Айта кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмыс­шылардың еңбекақысын көбейту үшін олар­дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақ­ханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.


«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

95-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика