» » » «Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы ауысты

«Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы ауысты

9-04-2018, 11:00

 

       Маңғыстау облысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев, партия мүшелері, ауыл шаруашылық саласының өкілдері қатысты.

 

         Күн тәртібінде партияның облыстық  филиалының Саяси кеңесінің құрамын өзгерту, партия филиалының төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

         Партия филиалының бұрынғы төрағасы Түменбай Қалжанов өз еркімен қызметінен кету жөніндегі өтініші бойынша,  конференцияның Қаулысымен қызметінен босатылды. Жиын барысында көпшілік қауымның бірауыздан дауыс беруімен «Ауыл» партиясының Маңғыстау облысы бойынша төрайымы болып Нұрсәуле Жайынбаева сайланып, филиалдың Саяси кеңесінің құрамына енгізілді.

         Нұрсәуле Айсағалиқызы Жайынбаева еңбек жолын 18 жасында Ералиев ауданының статистика басқармасының маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары аудандық, обыстық басқармаларда есепшінің көмекшісі, бас есепші қызметтерін атқарды. 2001 жылы «Агророст» шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылық кооперативтері фермерлер ассоциациясын құрып, бүгінгі күнге дейін жемісті еңбек етіп келеді. Айта кету керек, Нұрсәуле Айсағалиқызы Маңғыстаудағы ауыл шаруашылығымен кәсіби түрде айналысатын бірден-бір әйел.

         «Ауыл» партиясының Төрағасы Әли Бектаев жаңа төрағаның партия филиалы жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

       "Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

105-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика