» » » Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк

Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк

17-04-2018, 18:24

 

Алматыда «Ауыл» ХДПП мен «Rayyan» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк» атты отбасылық және ұжымдық байқау өтті.

       

       Ұлттымыздың рухани және отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға  «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары  Төлеген Сыдықов, «Rayyan» продюсерлік орталығының директоры ҚР Мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулет, Алматы қаласы Орталық мешіттің наиб имамы Қасым Әшімов,  белгілі жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова, Абайтану институтының директоры Жабал Шойбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова және «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек төрелік етті.

 

 

 

         Аталмыш байқауға 14 команда қатысты. Сегіз бөлімнен тұратын сайыста қатысушылар өздерін жан-жақты қырларынан көрсетуге мүмкіндік алды. Ережеге сәйкес әр команда алдымен өздерін таныстырып, өнерлерін паш етті. Қазақтың ұлттық биін билеп, домбыра күмбірімен күй тартып, әуелетіп ән салды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүрлерінен тағылымды қойылымдар көрсетті. Қазақ отбасындағы ата-анаға құрмет, отбасындағы мен әйелдің орны жайлы сұрақтарға жауап беріп, қол күресінен өзара мықтыны анықтады.

 

          Байқау қорытындысында «Дәстүр қасиеті», «Нұрлы жол» және «Жақсылыққа жарысайық» тобы мен Жүсіпбековтер отбасы «Көрермен көзайымы» және «Дәстүр дарыған отбасы» номинациялары бойынша марапатталды.  Жүлделі үшінші орынды «Өнеге» тобы мен «Қазына» тобы иеленді. Екінші орын Елтай әулеті мен «Алаш» тобына бұйырса, бірінші орынды «Мәңгілік ел» тобы мен Тоқтасыновтар отбасы жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

 

          Байқаудың бас жүлдесіне үш бірдей команда лайық деп танылды. «Қарашаңырақ» тобы, Атаевтар отбасы мен Наурызбай ауданының «Ардагерлер» командасы Гран-при иегерлері атанды. Жеңімпаздар Алмалы мейрамханасында Бауыржан Момышұлының келіні, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен бірге құрметті қонақ ретінде келелі отырысқа қатысуға жолдама алды.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

100-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика