Жасау беру дәстүрі

6-04-2018, 00:15

 

...ЖАСАУДЫ ЖЕТІ ЖАСТАН ЖИНАСАҢ ЖЕТЕДІ

     Қызына жасау беру – ата-ананың перзент алдындағы парызы. Халқымыздың игі дәстүрі жат жерге келін болып түскен қыздың тұрмыстық қажеттілігін өтеп, барған жерінде абыройлы болсын деген мақсаттан туған. Шаңырақ көтерген екі жастың игілігіне берілген жасау олардың өз күндерін өздері көріп, аяқтан тұруына септігін тигізеді. 
     Жалпы қазақ халқы қыз жасауын дайындауға ерте қамданған. «Жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген мақал соны растайды. Қазақ үшін бұл өте жауапты іс. 
     «Жасау жақсы келмесе, әулетке сын келеді» деп жасауды апармас бұрын ауыл болып жиналып, сыннан өткізіп, тыңғылықты дайындық жасайды. Жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажетті дүниелер кірген. Оның мөлшері ағайын-туыстың береке-бірлігі, әр үйдің мал-дәулеті, хәл-ахуалына байланысты әртүрлі болады. Бұрындары ата-анасы алақанында аялап өсірген қызына шебердің қолынан шыққан әдемі зергерлік бұйымдар, төсек орын жабдықтары, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, камзол, сәукеле, сауын мал, салт ат апарған. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзату тойын жасаған.
     Қазіргі таңда заманның ағымына қарай жасау дайындаудың да сипаты өзгерді. Заманауи құрал-жабдықтар көп заттардың орнын алмастырғандығы жасырын емес. Қызым баған жерінде кіріптар болмасын деп ата - ана барын салып жасау дайындайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қыздың жасауын дайындауда ауызбіршілік танытып, әулет болып атсалысқан абзал. Жасауы жақсы қыздың маңдайы ашық, жүзі жарқын жүретіні айтпаса да түсінікті. 
Қыз жасауы қандай болуы керек? Замануи «қыз жасауы» жайлы сіздің пікіріңіз қандай?

скачать dle 11.3

102-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика