Алғыс айту күні

1-03-2018, 00:04

АЛҒЫС АЙТУ – МӘДЕНИЕТТІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

      Халқымыз жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айта білген жұрт. Риясыз көңілмен алғыс білдірудің маңызын жете түсінген бабаларымыз «Қарғыс алма, алғыс ал» деп ұрпағына ұлағатты өсиет қалдырған. 
     Алғыс айтудың түпкі мақсаты жақсылық жасаған адамға ризашылық білдіру. Себебі, біреудің шынайы рахметіне бөлену адамға рухани әсер береді. Адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді. Қарым-қатынасты нығайтып, сыйластықты арттыра түседі. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны ешқашан сұрап алмайды.
Қазіргі таңда жақсылық істеген адамға «рахмет» айтып жатамыз. Бұл сөз «сізге Алланың рахымы жаусын!» деген тіркестен шыққан. Өткенімізге зер салсақ, көпшілік арасында қайырым жасаған жанға «Құдай жарылқасын», «Алла разы болсын», «Жолың болсын!», «Жағың түспей жамандық көрме» деген сияқты ізгі тілекер айтылып жатады. «Жақсы сөз жанға дауа деген» халық даналығы осындайда айтылса керек.
     Исламда да алғыс айтудың маңыздылығы жайлы тағылымды хадистер бар. Қасиетті Құран Кәрімдегі Рахман сүресінің 60-аятында: «Сендерге жасалған жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарыңдар!», - делінген және Лұқман сүресінде: «Ей, құлым! Шүкір ет, ата-анаңа алғыс айт», - деген ғибратты сөздерді кездестуріге болады. 
     Бір сөзбен айтқанда алғыс айту үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Қуантарлығы сол бабалардан қалған бұл үрдіс бүгінде өз жалғасын табуда.
2016 жылы Елбасы Н.Назарбаев 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді. Содан бері көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күні аталып өтілуде. Бұл жаңа замандағы қазақ халқының тектілігін, асыл қасиеттерін сақтап, рухани құндылықтарының қайта жаңғыруы бағытында жасалған айшықты бастама екендігі даусыз. Адамдардың кішіпейіл әрі бауырмал болып, шын ниетпен алғыс айтуы көпұлтты еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты бекіте түсері анық. 
Достар, бүгінгі 1 - Наурыз «Алғыс айту» күнінде жақындарыңызға біз ауыз жылы лебіздеріңізді білдірсеңіздер артық етпейді.

скачать dle 11.3

84-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика