Қайын жұрт

8-02-2018, 23:40

«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» АЙДАРЫНДА ЕР АЗАМАТТЫҢ ҮШ ЖҰРТЫНЫҢ БІРІ – ҚАЙЫН ЖҰРТ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ ӨРБІТЕМІЗ.

   Әйелінің төркіні жігіт үшін қайын жұрт саналады. Ер азамат өз келіншегі шыққан шаңырақтың адамдарын «қайыным» деп қадір тұтады. Олардың қатарында қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын бике, балдыздар бар. Ата мен ененің орны жігіт үшін айтпасада түсінікті. Ал қайын аға мен қайын бикенің дәрежесі тең. Сондықтан үлкенді сыйлау дәстүрі бойынша жігіт оларды әрқашан да қадір тұтып, өзінің туған ағасы мен әпкесіндей құрметтейді. Жігіттің әйелінен жасы кіші ұлдар мен қыздар балдыз, ал олар үшін әпкесінің күйеуі жезде саналады. 
    Қазақ дәстүрі бойынша, қайынысы мен жеңгесі сияқты, балдыздар мен жезденің емін-еркін ойнауына ерік берілген. Олар не істесе де жезденің ашулануға хақысы жоқ. Мұндайда жезде де қол қусырып қарап отырмай, балдыздарын сөзбен шымшып, жанды жеріне тиюге тырысады. Дегенмен, осының бәрі ойын-күлкі шегінен аспай, жезде мен балдыз арасындағы сыйластық ретінде қабылданады. Қазіргі кезде кейбір жезделер бұл дәстүрдің өзіндік ерекшелігіне мән бермей, балдыздарды сәл өктемдік жасай бастаса қызарандап шығатыны бар. Балдыздардың еркелігін көтеріп, әзілдесе білу де зор ғанибет. Үлкен адамгершіліктің нышаны. 
   Халық дәстүрінде күйеу де, келін де қайын ата үйінің төріне шықпайды. Тіпті ата-енесінің орындығына отырып, төсегіне жатуға болмайы. Баса-көктеп төрге шығуы әбестік. Себебі төр үлкендердікі, сыйлы қонақтардікі. Төрді сыйлау әдептіліктің белгісі.
     Қайын жұрт үшін күйеу баланың орны бөлек. Қызын мәпелеп өсірген ата-ана күйеу баласын да өз балам деп есептеп, оған жарқын қабақ танытады. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деген даналық осыған байланысты айтылса керек.
    Фейсбук желісін қолданушылардың бірі - Әбдірейім Өміров осы даналық сөзге қатысты мынадай мысал келтіреді: 
Бір күні бір кісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан :
- Күйеу балаңызды не үшін құрметтейсіз?-деп сұрады.
- Сен оны шынымен білгің келеме?
- Иə,о Расулл.
- Сен жақсылап ойланып, анық білгің келсе ертең кел. Əлгі кісі ертесіне айтылған уақытта келді.
- Əліде білгің келеді ме?
- Дəл солай.
- Ендеше қапқа көтергеніңше құм салып алып кел. Пайғамбар(с.ғ.с.) айтқан соң əлгі кіс қапқа аямай құм толтырып алып келеді.
- Енді осы қапты иығыңа қойып мен келіп түсір дегенімше көтеріп тұрасың. Қапты жерге түсіруіңе болмайды. Басқа біреу көтерсе болады. Тек жерге түспеуі тиіс.
- Жəрайды, - деп əлгі кісі қапты көтеріп тұра берді. Түс болды пайғамбар жоқ. Кеш болды жоқ. Өзі құлауға айналған соң өтіп бара жатқан бір жігітке:
- Інім мына қапты көтеріп тұршы.
- Оны не үшін көтеруге тиіспін?
- Ақысын төлеймін.
- Ақысына не бересің?
- Не сұрасаңда беремін. Сонымен қапты жас жігіт көтеріп тұрған кезде пайғамбар(с.ғс.) келді.
- Дұрыс қап жерге түспепті. Сен мына жігітке қапты көтергені үшін ақысына не беретін болдың?
- Не сұрасада беретін болдым.
-Дұрыс. Сен мына жігітке қапты бір мезгіл көтергені үшін не сұрасада беремін дедің.Солай ғой?
- Солай,солай.
-Ал мен, бар жағдайын жасап, яғни менің мойнымда мен бағып қағып отырған қызымды менің мойнымнан түсіріп өз мойнына алған жанды неге құрметтемеймін? - деген екен Мұхаммед(с.ғ.с).
#ауылпартиясы #отбасықұндылығы #руханижаңғыру #мәдениет#салтдәстүр #қайынжұрт #пайғамбардакүйеубаласынсыйлаған

скачать dle 11.3

117-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика