» » » Көктем мен жаңару мерекесі

Көктем мен жаңару мерекесі

27-03-2018, 19:51

 «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалы «Болашағы бірыңғай ұлт» атты қалалық байқауға қатысты. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Наурыз мейрамына орайластырылып өткізілді.

 

«Міржақып Дулатов ауылы» атты Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің этно-үлгіде құрылған киіз үйі маңында мерекелік бағдарлама ертемен басталды. «Ауыл» партиясының жастар қанаты жиналғандар назарына «Қош келдің, Наурыз!» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Арнайы ұйымдастырылған шоу-бағдарламада ұлттық киім үлгілері, ұлттық ойындар, ән және спорттық ойындардан сайыс өткізілді. Киіз үй ішінде қонақтар наурыз көже, бауырсақ, шығыс халықтарының тәтті өнімдері мен ыстық шайдан дәм татты. Өзбек халқының ұлттық киімін киген қыздар, қонақтарға мерекенің басты тағамы ретінде қой етінен дайындалған өзбек палауын ұсынды. «Міржақып Дулатов ауылы» өзбек халқының салты мен ас мәзірін ұсынуы кездейсоқ емес. 2018 жыл елімізде Өзбекстан жылы деп жарияланған болатын.

Қалалық байқау қорытындысында «Ауыл» партиясының филиалы жүлделі екінші орынды иеленді.

 

 "Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

 

скачать dle 11.3

109-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика