» » » «Өз талыңды отырғыз!» акциясы Шымкент қаласында жалғасты

«Өз талыңды отырғыз!» акциясы Шымкент қаласында жалғасты

20-03-2018, 15:30

 
«Өз талыңды отырғыз!» республикалық экологиялық акциясы бүгін Шымкент қаласында жалғасты. «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаевтың қатысуымен өткен игі шараға партия филиалының белсенділері және жастар қатысты.

 
    Шараның   ашылуы барысында, партия Төрағасы экологиялық акциянының маңыздылығына тоқталып, жасыл желектің қоршаған ортаға берер пайдасы мол екендігін атап өтті. «Егілген ағаш ауаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, күн ыстықта пана, боранды күндері қорған болады. Сондықтан, өзіміздің туған өлкемізді  абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын келтіруге баршамыз үлес қосуымыз керек. Себебі, «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген нақылды берік ұстанған халқымыз үшін – тал егу сауапты іс. Бұл  акцияны отбасы мүшелерімен, ұжыммен немесе көрші-қолаңмен бірлесіп атқарсақ, игі мақсатымызға жетеріміз анық.», - деді партия Төрағасы.

 

 
  Тал егу жұмыстары Шымкент қаласының Асар мөлтек ауданындағы саябақта жүргізілді. «Ауыл» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған акцияға 300-ден астам адам қатысты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Орталық саябақ әп-сәтте 500-ге тарта шырша көшеттерімен толықты. 

 
        «Өз талыңды отырғыз!» экологиялық акциясы 24-наурыз күні Алматы облысында, Талғар қаласының агробизнес және менеджмент колледжінде жалғасатын болады. 


 "Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

82-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика