» » » «Көркейе бер, Қостанай!» бағдарламасы аясындағы игі шара

«Көркейе бер, Қостанай!» бағдарламасы аясындағы игі шара

20-04-2018, 18:14

 

 

«Көркейе бер, Қостанай!» бағдарламысы аясында Қостанай қаласының басшылығы барша қалалықтарды екі айлық тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Осыған орай М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті жанындағы «Ауыл» партиясының бастапқы партия ұйымы қаланы абаттандыру шарасына қатысты. Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталған 60 адам қолына күрек, сыпыртқы алып игі шараға бір адамдай атсалысты. Қаладағы Целинная көшесіндегі алаңқай айналасы екі сағаттың ішінде тып-тинақтай тазартылды. Ағаштар ағартылып, гүлзарлар қалпына келтірілді. Партия мүшелері мұндай шараларды алдағы уақыттарда жалғастырмақ ниетте.

 

      Айта кетейік, «Ауыл» ХДПП Қостанай қалалық филиалы 2018 жылдың 5 мамырында «Өз талыңды отырғыз!» республикалық экологиялық акциясын өткізеді.

 «Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

83-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика