» » » «Өз талыңды отырғыз!» акциясы жалауын көтерді

«Өз талыңды отырғыз!» акциясы жалауын көтерді

19-03-2018, 11:22

 

Бүгін Тараз қаласында «Өз талыңды отырғыз!» атты республикалық экологиялық акция жалауын көтерді. «Ауыл» ХДПП бастамасымен биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған игі шараның мақсаты - ел азаматтарын табиғатты аялауға шақыру, туған өлкесін көгалдандырып, оның экологиялық ахуалының жақсаруына үлес қосу. «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев арнайы Тараз қаласына ат басын бұрып, акцияның ашылу салтанатына қатысты.  

  «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырған игі шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, партияның облыстық саяси Кеңес Президиумының мүшелері, аудандық филиал төрағалары, ғылыми зерттеу институттарының басшылары, ардагерлер, оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, жалпы жиыны  300-ден астам адам қатысты.

 

 «Ауыл» партиясының Төрағасы жалауын көтерген «Өз талыңды отырғыз!» экологиялық акциясы ел көлемінде жемісті өтетіндігіне сенім білдірді. «Тал егіп, көшет отырғызу - игілікті іс. Туған өлкесін абаттандырып, ажарлы болуына үлес қосу әркімнің азаматтық парызы», - деді Әли Бектаев.

  

  Жас көшеттерді егу жұмыстары «Тараз» қонақ үйі және 13-ықшам аудан мен облыстық және қалалық балалар ауруханаларының алдына өтті. Игі шара аясында 500-ге тарта шырша ағаштарының көшеттерін отырғызылды. Шара аясында партия Төрағасы да қолына күрек алып, көпшілікпен бірге көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті. 

   Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында бастау алған акция ертең Шымкент және Қызылорда қалаларында өтеді. Алдағы уақыттa игілікті шара республикамыздың барлық өңірлерінде ұйымдастырылмақ.

   Естеріңізге салсақ, өткен жылы экологиялық акцияға ел көлемінде 5000 адам қатысып, 10 мыңнан астам көшет отырғызылған еді. Игі шараға өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар, білім беру, әлеуметтік және медицина мекемелері қолдау көрсетіп, жоғары деңгейінде өтуіне атсалысты. Биыл да «Ауыл» партиясының игі бастамасы туған өлкесінің экологиясына бей-жәй қарамайтын ел азаматтары тарапынан зор қолдау табатынына сеніміміз мол.

 «Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

51-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика