» » » Экологиялық акция жалғасуда

Экологиялық акция жалғасуда

24-03-2018, 10:38

 «Өз талыңды отырғыз!» республикалық экологиялық акциясы Талғар қаласының агробизнес және менеджмент колледжінде ұйымдастырылды. Шараға «Ауыл» ХДПП Хатшысы Бөрібай Жексембин, облыстық филиал төрағасы Қанат Бекиев, партия белсенділері, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.

Акцияның ашылуы барысында партия Хатшысы Бөрібай Жексембин жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс етті. Сондай-ақ, колледж өнерпаздары шағын концертін ұсынып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Бұл жолғы шараға 200-ге тарта адам қатысты. Нәтижесінде Талғар қаласының агробизнес және менеджмент колледжі маңына 300 түп ағаш көшеттері отырғызылды. «Ауыл» партияның игі бастамасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, оқу орны маңына 1000-нан астам тал егу көзделіп отыр.  

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

 

скачать dle 11.3

49-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика