» » » Алматылықтар экологиялық акцияға үн қосты

Алматылықтар экологиялық акцияға үн қосты

29-03-2018, 15:25

 
       «Ауыл» ХДПП Алматы қалалық филиалы «Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС аумағына тал отырғызу шарасын ұйымдастырды. Оған «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов, партия белсенділері мен жастар қатысты.

 

       Төлеген Сыдықовтың атап өткеніндей, «Ауыл» партиясының игі бастамасы бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Мұндай шаралар елді-мекендерді көгалдандырып, ауаның тазаруына ықпал етеді. Жалпы алғанда еліміздің экологиялық ахуалының жақсаруына септігін тигізеді,  - деді партия Төрағасының орынбасары.

 

      Акция аясында «Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» маңына 80 түп арша мен 110 қайың көшеттері егілді.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

72-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика