» » » Таразда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Таразда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

28-03-2018, 15:20

 

       Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты» ЖШС-нің бас ғылыми қызметкері, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңесі Президиумының мүшесі, ауылшаруашылық ғ.д., профессор Қарынбаев Аманбай Қамбарбекұылының 60 жасқа толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

       «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалы мұрындық болған шараға облыс әкімінің орынбасары М.Т. Мұсаев, партия филиалының төрағасы Е.Б. Саурықов, еліміздің және Ресейлік ауылшаруашылық саласының белді ғалымдары, еңбек ардагерлері, партия мүшелері және  студенттер қатысты.

 

     Аманбай Қарынбаев Қазақстанның Қаратау сырты-Мойынқұм аймағындағы қаракөл қойларының генетикалық топтарының өсіп-жетілуін зерттеп, оның өнімділігін арттыру мен  селекциялау, асылданыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарған.Конференция барысында оның  еңбек жолы мен еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі жайлы баяндалды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаевтың және Ұлттық ғылым академиясының құрмет грамоталары табысталды. Ресейден келген қонақтар ауыл шаруашылығына қосқан үлесі үшін арнайы медалімен марапаттады.

 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

444-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика