» » » Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

10-04-2018, 16:29

     «Ауыл» ХДПП Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты  Әли Бектаев Маңғыстау облысындағы іссапары барысында облыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған бірқатар шаруашылық нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты.

 

 

     

 

     Партия Төрағасы алдымен бекіре тұқымдас балық өсіру фермасында болды.  Балық етін өндірумен айналысатын кәсіпорын 2014 жылы құрылған. Өндіріс қуаттылығы жылына 60 тонна. Бүгінде фермада орыс және сібір бекіресі, қорытпа, шоқыр, пілмай сынды бекіренің 5 түрі өсіріледі. Мұндағы тоғандарда 25-мыңнан астам бекіре балықтары бар. Ферма қызметкерлерінің сөзінше, осыған дейін мұнда дайын шабақтар өсіріп келсе, енді өз балықтарынан уылдырық алынып, өнімділікті арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, экспорттау жұмыстарын жетілдіру көзделген.

    Бұдан кейін Әли Бектаев Маңғыстаудағы түйе сүтін өңдейтін «Ағарған» ЖШС-нің жұмысына қанықты. Кәсіпорын өңірдегі сүт бағытындағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Көршілес аудандардан тәулігіне шамамен 8 тонна түйе сүтін қабылдап, шұбат шығарады. Мұнда тек түйе сүті ғана емес, сиыр мен жылқы сүтінің өнімдері де дайындалады. Пастерлеу технологиясымен айран, иогурт, қаймақ өнімдері және Голландиялық технология әдісімен ірімшік өнімі әзірленеді.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

 

 

скачать dle 11.3

180-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика