» » » Бекіре балығының қорын молайту - ортақ парыз

Бекіре балығының қорын молайту - ортақ парыз

4-04-2018, 15:50

 

 
      «Ауыл» ХДПП Орталық аппаратының аймақтық инспекторы Айдар Саттаров Атырау қаласындағы «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауытында болып, жұмысымен танысты. Партия өкілін жайдары жүзбен қарсы алған зауыт қызметкерлері бекіре балығының қорын молайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. 

         Аталған кәсіпорын 1998 жылы «Орал-Атырау бекіре балық өсіру» зауыты атауымен іске қосылған. 2011 жылы Үкімет Қаулысымен «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауыты болып қайта құрылды.  Мұнда қорытпа, бекіре, шоқыр, пілмай, сүйрік сынды бекіре тұқымдас балықтардың 5 түрі өсіріледі.

 

         18 жасанды су қоймасы бар зауыттың жалпы аумағы 46 гектарды құрайды. Мұнда жылына шамамен 3,5 млн.дана бекіре шабақтары өсіріледі. Зауыт басшысы Гилман Сарсемалиевтың айтуынша, аналық бекіренің уылдырығынан жасанды әдіспен алынған шабақтар тиісті салмақ жинағанша жасанды қоймаларда дамып, жетіледі. Салмағы 10-15 граммға жеткенде табиғи ортасына жіберіледі.

 

         Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытында бүгінде 100-ге жуық адам еңбек етеді. Барлығы да тәжірибелі мамандар. Зауыт басшысының атап өткеніндей, мұндағы негізгі мәселелердің бірі - жас ихтиологтардың тапшылығы. Қазіргі таңда Каспий теңізіндегі бекіре балықтарының тұқымы 90 пайызға дейін кемігенін ескерсек, болашақта арқаратын шаралар аз емес. Сол себепті, елімізде балық шаруашылығы мамандандарын даярлауға баса көңіл бөлінуі тиіс, - деді Гилман Сарсемалиев.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі

скачать dle 11.3

97-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика