KZ | RU | ENG

Төрағаға хат жолдау

Төрағаға хат жолдау

  • Шілтер Жанбақыт Дастанұлы
    10.10.2017
    Сұрақ: Құрметті Әли Әбдікәрімұлы! Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және ауылдағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жасалынып жатқан жобам бар еді. Соны сізге көрсетіп, ақыл-кеңес алсам деген ниетім бар еді. Мүмкіндік болса, қабылдауыңызда болсам деп едім. Жұмыс кестесі бойынша қай күні және сағат нешеде қабылдай аласыз? Жауабыңызды асыға күтемін! Алдын-ала рахмет!
  • Жуманов Бауыржан Калдыбайулы
    14.08.2017
    Сұрақ: Курметтi Али Бектаев мырза. Мен коп жылдан бери кок онic осipyмен айналысамы.жылы жай салуга несие алайындесем мекеменiн барлыгы ауреге салып жатыр.маган сол жагынан комек берсенiз нур устiнен нур болар едi
  • Данагул Утебаева
    08.07.2017
    Сұрақ: Құрметті Али Бектаев мырза.Мен Утебаева Данагул Түркістан қаласынанмын Мен 2012 ден бері 1 топ мүгедегімін.11 жаста ұлым бар.Жолдасым 2013 жылы қайтыс болған еді.Мен 2013 ж бері уй кезегінде тұрамын.Қəзір жағдайымыз нашар мемлекет берген 40 мыннан аса теңгеге пəтер жалдап тұрамыз.25 мын тенгеміз соған кетіп отыр.Бұл жақтағы əкімшілік жəне атқарушы органдармен Нұротаннан еш көмек болмады.Мені көп сандалтты.Өзім коляскада отырамын.Уйден шығу мен үшін улкен мəселе.Ең болмаса өз уйім болса мұншалықты қиналмас едік.Мен жардемақыдан бөлек қала əкімдігінен не басқа жақтан көмек алған емеспін.Өтінем сізден менің уй алуыма қала əкімдігіне ықпал жасанызшы.Өзім онкологиялық аурумын.Мен шаршадым шарасыз күйде қалдым.Қазіргі бар үмітім сізде.Осылай жүре беруге менің денсаулығым жетпейді ау деп қорқамын.Ұлым ең болмаса өзінің төрт қабырғасында отырса екен деймін.Пəтер ақыға бар ақшаны береміз.Ең болмаса ұлымның тамағын дұрыстар едім.Көмектесінізші.Жауабынызды күтемін.
  • Айнур
    18.05.2017
    Сұрақ: Салеметсізбе. Сыбаға бағдарламасы мен несие алып,кара малмен айналыссақ деген ой бар. Жаңадан бастап.Биыл ауылшаруашылығына көптеген өзгерістер енгізіліпті сол жайлы кайдан білуге. Қала тұрғынымыз.
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    30.06.2017
    Жауап: Айнұр сұрағыңызға рахмет. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша айта кететін болсам: Қарыз мақсаты: заңды және жеке тұлғалар үшін (қожа шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер) – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың аналық басын және бұқа-өндірушілерін сатып алуға; негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру, қарыздың жалпы көлемінің 15% аспайтын сомада беріледі. Қарыз беру шарттары: Қарыз сомасы – 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін; Несие желісінің мерзімі – 84 айға дейін; Қарыз/транш беру мерзімі: - ірі қара малдың аналық басын сатып алуға - 84 айға дейін; - асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға - 24 айға дейін; - айналымдағы қаражаттарды толықтыруға - 24 айға дейін; - негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге - 84 айға дейін. Сыйақы ставкасы – жылдық 6%. Тиімді сыйақы ставкасы – жылдық 6,7% дейін. Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар: Төлеу қабілеті және қаржылық тұрақтылық; Несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса); малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы; азықтық қормен қамтамасыз ету; жайылымдық жерлердің болуы, сондай-ақ бірлескен шаруашылық туралы келісім-шарт бойынша; шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы; жалпы ірі қара малдың (өз және сатып алынатын ІҚМ) ішінде 25%-ы көлемінде өз ірі қара малының болуы. Өз ІҚМ болмауы жағдайында, қарыз алушы сатып алынатын ІҚМ саны құнынан 25% қаражат түрінде тең қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс. Толығырақ ақпаратты тұрғылықты қалаңыздың Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына барып біле аласыз.
  • Болтаев Сагынтаи
    08.05.2017
    Сұрақ: Төраға Аға мен жамбыл обыл Баиак ауданы тургын Болтаев Сагынтаи осындаи ауыл шаруашылык неси алгым келет сизден отинип сураимын тек сиздин тикели арласуымен комектесиниш меним ешкимим жок колдаитын өтиниш Ага
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    30.06.2017
    Жауап: Сәлеметсіз бе, Сағынтай! Хабарласқаныңызға алғыс білдіремін. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы - бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы компания болып табылады. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіріп, соның тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарып отыр. Жамбыл облысы бойынша филиалға барып «СЫБАҒА» кредиттеу бағдарламасы. «Агробизнес» бағдарламасы, ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін әрі қарай несиелеу үшін шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын несиелеу бағдарламасы, ауылды жерлерде шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламалары бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап алсаңыз болады. Мекен –жайы :Тараз қ, Сүлейманов көшесі 17 ("Атшабар" ТК жанында) анықтама тел.: 8 (7262) 999-000, 999-001, 999-002, 999-898, 999-873
  • Махамбетова Айман
    02.05.2017
    Сұрақ: Алла разы болсын сізге Әли аға. Жәрменкеде қолөнерімді бағалап, қолұшын созып, көңіл бөлгеніңізге рахмет. Мен үшін ол үлкен мәртебе. Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін Сізге...
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    13.06.2017
    Жауап: Құрметті Айман, жылы лебізіңізге көп рахмет. «Хан Шатыр» сауда үйінде өткен «Жақсыдан Шарапат» қайырымдылық көрме-жәрмеңкесінде қойылған сіздің қолөнер бұйымдарыңыз маған ұнады. Қолынан келетін әдемі өнерімен шұғылданып жүрген сіздей жанға жақсылық тілеймін. Еңбегіңіз елене берсін.
  • Ральянова Любовь Андреевна
    01.05.2017
    Сұрақ: Здравствуйте! Меня зовут Любовь. Пишу вам от имени всего нашего дома! Обращаемся к Вам с просьбой о помощи! Дело в том что, нас выселяют, возможно это грубо и бестактно прозвучит, но нас буквально «выгоняют» из наших домов. Мы проживаем в г. Астана не далеко от старого центра города, в тихом, уютном районе (ул. Сарыбулакская). Наш дом довольно старый, но далеко не аварийный, но по постановлению наш дом сносят. Нам дают новые квартиры НА БОЛОТЕ, в буквальном смысле этого слова (вид из окна – болото! И наверняка сам дом стоит на болоте…). Так же в 70-е годы на этом месте был скотомогильник, причем скот был не здоровый, а больной. Нам даже не дали возможность выбрать определенную квартиру, а просто поставили перед фактом, что за каждым закреплена квартира. Поехав туда мы замерили расстояние от асфальтированной дороги до дома куда нас переселяют, вышло 1.2 км! И это не до остановки общественного транспорта, а до дороги. Эти 1.2 км дороги как таковой вообще нет, если пройдут дожди, то там не проехать и не пройти. Нам якобы меняют «квадрат на квадрат», но после того как мы самостоятельно перемерили площадь квартиры, получилось что нам дают и по квадратуре в чистом виде меньше, чем у нас с отделкой и коробами. (перемеряли квартиру, которую закрепили за нами), У нас естественно, как наверное и во всех старых домах, не большие санузлы и кухни, зато приемлемые комнаты. Нам же предлагают вместо 2-х комнатных – 1 комнатные, вместо 3-х комнатных – 2-х комнатные. Сами комнаты не большие, но кухня и санузел больше. Комнаты по размерам практически не отличаются от наших, но в добавок ко всему практически квадратные, и ужасно не удобные в плане размещения в них. С этим мы категорически не согласны, поскольку жить мы будем не на кухне, а все же в комнатах)) Если сравнивать квартиры, те что у нас, и те что нам дают по квадратуре выходит такая картина: У нас в среднем 43кв. жилой площади и 16 нежилой, а нам предоставляют(повторюсь, без вариантов) жилой 30-32 кв, а остальное нежилая. Предполагается что мы будем жить в коридоре? Мы просим Вас помочь! В наш дом заселяли первоцелинников, тех кто внес свой вклад, тех кто помогал встать нашей стране на ноги, те кто осваивал целину. Неужели мы, прожившие здесь всю жизнь, те кто заслужил квартиры в нашем доме (имеется ввиду дом который сносят), могут претендовать только на квартиру на болоте. Почему наше государство, правительство не может выдать нам такие-же квартиры? Мы не претендуем на центр города, но и не хотим жить на окраине в болоте. Почему нам не могут выдать квартиры той же комнатности и квадратуры в нормальном районе (в нашем районе так же есть новостройки) Ведь мы живем большими семьями, и терять на ровном месте комнату – не хочется. Надеемся на Ваше участие, и что вы не останетесь равнодушным к нашим бедам!
  • Галым Баймырза.
    30.04.2017
    Сұрақ: Ассалаумагалейкум,Али коке.Мен ауыл тургынымын,сiзге арнайы жолыгуга менде мумкiндiк барма.Ауылга катысты бизнес.жобамды сiзбен болicceм деймiн.....
  • Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев
    20.04.2017
    Сұрақ: Құрметті Әли Әбдікерімұлы! Сізді мерейлі мерекеңізбен барша түркістандықтар атынан құттықтаймын! Түркістан қаласының тұрғындары үшін Сіз бөгде жан емессіз. Бұл тұрғыда өңір халқы өзіңізді киелі шаһардың төл перзенті деп мақтан тұтады. Ендеше, бүгінгі мерейлі күніңіз игі істеріңіздің жаңа бастауы бола берсін деген тілегімді қабыл алыңыз. Халық қалаулысы ретіндегі әрбір қадамыңыз Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге септігін тигізіп келді. Бұған қоса, ел сенімін арқалаған «Ауыл» партиясына жетекшілік жасап, атқарған қызметіңізді тек қасиетті топырақ тұрғындары ғана емес, сондай-ақ барша қазақстандықтар партия жұмысына жаңа тыныс әкелгеніңізге шынайы ризалықтарын білдіруде. Осылайша «Ауыл» партиясы өміршеңдігін, жаңа кезеңге бейімдігін дәлелдеп келеді. Ал, алдағы кезеңде бұл партия халықты ынтымақ пен бірлікке жетелеуде, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен әлеуметтік-экономикалық мәселелердің түйінін ағыту барысында тың бастамалардың ұйытқысы бола алатындығы белгілі. Осы орайда, Сіздің ұлт мұраты жолында аянбай еңбек ететініңізге сенімдіміз. Сондықтан, ұлт келешегінің баяндылығын көздеген партия жетекшілігінде қарымды қадам жасап, елеулі еңбек етуіңізге тілектеспіз. Шаңырағыңыз бақыт пен берекеге толы болсын. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін! Барша жұрттың арқа сүйер тірегі болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін! Ізгі ниетпен, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    14.06.2017
    Жауап: Құрметті, Әліпбек Шәріпбекұлы! Құттықтауыңызға көп рахмет. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Түркілердің төл мекені. Еліміздің рухани астанасы - ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті қалада қызмет еткен жылдарымды, онда бірге қызмет еткен әріптестерімді жиі еске алып, мақтан тұтамын. Бүгiнгi Түркiстанда заманға сай тұрғын үйлер мен оқу орындары, мәдени демалу орындары мен саябақтары және т.б. әдемі ғимараттары бой көтерген. Сіздің жұмысыңызға табыс тілеймін, мерейіңіз үстем болсын. Түркістан өңірін көркейте беріңіз. Қасиетті мекеннің халқына тек жақсылық тілеймін.
  • Борашбаев Самат Әбдіқайымұлы
    30.03.2017
    Сұрақ: Құрметті Әли Әбдікәрімұлы!Наурыз мейрамы кұтты болсын!Еңбегіңзге табыс тілеимін !Ауылшаруашылығымыз өркендей берсін ! Талдықорған қаласында филиалдарыңыз қай жерде ? "АУЫЛ" партиясының мүшесі болғым келеді .
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    13.06.2017
    Жауап: Құрметті, Самат Әбдіқайымұлы! Құттықтауыңызға көп рахмет! «Ауыл» партиясына мүше болғыңыз келгеніне қуаныштымын. Толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс телефонына қоңырау шалыңыз. 87172 543266, эл. почта: auyl-patriot@mail.ru
  • Тулеева Асель
    07.03.2017
    Сұрақ: Здравствуйте, Али Абдыкаримович! Прошу Вас рассмотреть возможность изменения ситуации с детской смертностью в нашей стране. Ситуация просто шокирует в последнее время, столько брошенных новорожденных детей, столько брошенных родителями из-за финансовых проблем. Наши дети недостаточно хорошо питаются, вследствие этого подвержены вирусным заболеваниям и во многих случаях приводит к хронической болезни и даже летальным исходам. Родители молодые и взрослые не выдерживают давление финансовых проблем и даже не хотят заботиться о своих детях, опускают руки и либо срываются на детях, либо попросту их бросают. Особенно это касается людей из регионов и аулов. В процессе развала колхозов многие люди потеряли себя в настоящих реалиях, они малограмотны и подвержены негативным влияниям, вследствие финансовых проблем ( попросту нечего есть). Они не склонны изучать новые программы, недооценивают свои возможности и уровень грамотности ( берут кредиты) и как вследствие теряют традиции и сложившиеся культурные отношения (либо пьют, либо удаляются в религию с головой, забывая о своих детях). Прошу Вас рассмотреть возможность предоставления таким людям продолжить традиционные сельскохозяйственные работы по выращиванию КРС, МРС в личном подсобном хозяйстве с обязательным планом в 20% выработки для социальных учреждений (школ, больниц, детских садов, спортивных школ и секций). Это позволит возродить вековые традиции по выращиванию КРС и МРС, вывести новые виды, развить отрасль и возмещать потребности бюджетных организаций для детей и юношества в нашей стране, а также уменьшить детскую смертность, привить воспитание к труду и спорту. Возможности и механизмы внедрения могут быть разные, но важным аспектом является не дарение, а доверительное пользование с определенными ( специфическими) требованиями с заключением договоров и/ или предоставление в аренду земельных участков на ЛПХ не более 40 соток. Это будет вносить мультипликативный эффект в развитие детского спорта, развитие и выведение новых видов КРС, МРС , а также в развитии новых технологий и рабочих мест. С уважением, Гражданка Республики Казахстан Тулеева Асель
  • Джумабекова Роза Адилбековна
    24.02.2017
    Сұрақ: Салеметсізбе Али Әбдікаримович! Мен Джумабекова Роза Адилбек қызы,2010-2013 жылдары Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінде қурметті Елші Бөрибай Биқожаевич қолында жумыс істедім. 2016 жылы жазда Шымкент қаласына турақты туруға отбасыммен көшіп келдік. Қазіргі танда Оралмандар орталығында турып жатырмыз. Мен Шымкенттегі "Қос Ана" деген бала бақшада ағылшын тілі муғалимы болып жумыс істеп жатырмын. Бөрибай Биқожаевич сол уақытта өте көп саяси қыйыншылықтарды басымнан откізгенімді біледі. Шымкент қаласы Әкімі Ж.Қ.Туймебаевтың халыққа есебінде қатыстым. Оралмандарға деген жеңілдіктермен қуқықтар барлығыны білемін,менің отінішім уй-жай мәселесінде көмек беруіңізді сурап қаламын!!!!!
  • Смагулова Аяулым Болаткызы
    01.12.2016
    Сұрақ: Сəлеметсіз бе, құрметті Əли аға! Ұйымдастырылып отырған "Ауылым -алтын тұғырым" атты шығармалар байқауындағы менің сіздерге жіберген шығармамды мұқият қарап шықсаңыз екен деген тілегім бар. Сіздерге келіп түсетін толассыз хатттардан шығармам елеусіз қалып қалар ма екен деген қорқынышым бар. Алдын ала рахмет сізге!
  • Мақсат Қарғабай
    29.09.2016
    Сұрақ: Құрметті Әли аға! Сіз ОҚО жастар комитетін басқарып тұрғанда мен Созақ ауданы жастар, спрт, туризм басқармасында төраға болдым. Сіздің атыңызға жылы сөз естілгенде әркез марқайып жүремін. Кім бастығының (бұрынғы болсын) жаман болғанын қалайды? Сізге сұрақ кезінде академик Рахманқұл Бердібай Созақтың бұрынғы әкімі Айтахановқа хат жазып ауыл ақсақалдары алқасы, алқа билер тобы мәселесін көтеріп еді. Сол уақытта ауылдарда барлық ағайын арасындағы дау-дамай, ажырасуды табыстыру тек бітісу жолымен аяқталатын. Осы мәселеде "Ауыл-ынтымақ бесігі" тақырыбында ауылдардың түрлі салалар бойынша жақсы жақтарымен ерекшеленетін жылдық байқау өткізілсе, ары қарай ауыл халқы жақсы іске қалыптасып кетер ме екен деген ұсыныс еді!
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    13.10.2016
    Жауап: Құрметті Мақсат! Жылы лебізіңізге көп рахмет! Ұсынысыңыз көңілге қонымды. Ақсақалдар алқасы дәстүріміздің озығы екені сөзсіз. Ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі десек те болады. Ел ішіндегі мәселеге төрелігін айтып, ренжіскендерді табыстырып, тура жолдан тайғандарды жөнге салып отыратын мұндай қоғамдық институттар барша ауыл-аймақтарда болғаны жөн деп санаймын. Ал «Ауыл-ынтымақ бесігі» тақырыбындағы жыл сайынғы ауылдар байқауына келер болсақ, бұл өте өміршең бастама деп ойлаймын. Ауыл-ауыл өзара жетістіктерімен, ерекшеліктерін, белсенді тұрғындарының білімдерімен, біліктерін паш ететін байқауға жаппай қатысар болса, және мұны жыл сайын дәстүрге айналдырса құба-құп. Егер байқауға ауыл-аймақтар белсенді қатысатын болса, шараны мемлекеттік деңгейде ұйымдастыруға да болар еді. Сондықтан «Ауыл» партиясы өз тарапынан тиісті республикалық құзырлы органдарға ұсыныс енгізетін болады.
  • Тимур
    15.09.2016
    Сұрақ: Добрый день! Прошу подсказать как стать активным членом партии Ауыл?
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    21.09.2016
    Жауап: Добрый день, Тимур! Благодарю за вашу гражданскую позицию. Чтобы вступить в партию «Ауыл» вы должны придти в центральный аппарат партии (если вы в регионе, то в филиал партии "Ауыл"), написать заявление, либо заполнить бланк заявление для вступления в партию электронно (юридический отдел вам на почту выслал образец заявления). Мы рассмотрим ваше заявление и начнем с вами работать. Если у вас есть хорошие идеи мы попытаемся помочь в их реализации. С Уважением, Председатель партии А. Бектаев
  • Нияз Сатыбалдыұлы
    23.07.2016
    Сұрақ: Құрметті Әли аға! Сізге жеткізгім келген мәселе несиелеуге қатысты. Ауылшаруашылығын несиелендіру бағытында телерарна беттерінде айтылып жүрген есеп дұрыс емес. Парламентке келген министрлер баяндамасында да ешбір қиындық жоқ секілді. Несиені рәсімде де кәсібіңді көркейте бер дейді.Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша. Ауылда несие алу өте қиын. Осы мәселені көтеріп, «Ауыл» партиясы шешіп берсе деген тілек бар
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    19.09.2016
    Жауап: Құрметті Нияз Сатыбалдыұлы! Көтеріп отырған мәселеңіздің жаны бар. Ауылдық жердегі несиелендіру мәселесінің көлеңкелі тұстарынан хабардармыз. «Агробизнес-2020» бағдарламасы арқылы төменгі пайыздық мөлшермен бөлініп жатқан бюджеттік несиелердің шаруаларға жетуі қиын. 1-3%-дың деңгейінде бөлінген несиелер түрлі холдингтер, қорлар және екінші деңгейдегі банктер арқылы ауыл тұрғындарына жетемін дегенше 8-12%-ды құрайды. Несие алудың механизмдері, оларға қойылған талаптар өте қиын, рәсімделетін құжаттар өте көп. Несиелердің түрі де көп. Бағыты да көп. Оны беретін мекемелердің саны да көп. Солардың бәрін ықшамдап бір арнаға түсіру керек. Түрлі қорлар арқылы берілетін несиелердің пайыздық мөлшерін төмендетуге болады. Ол үшін ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан нақты қадамдар жасалынады деп ойлаймын. Өз ұсыныстарымызды бергенбіз.
  • Назым
    08.07.2016
    Сұрақ: Әли аға, қоғаммен байланыстың осындай түрін қолданып отырғаныңыз үшін ризалығымды білдіремін. Мен Сізді тек билік басындағы қайраткер ғана емес, белгілі әншілердің шырқап жүрген өлеңдері мен әнін жазған ақын әрі сазгер ретінде білем. Рамазан Стамғазиевтің орындауындағы «Қызыма» әнін қызыңыз ұзатылғанда шығарды деп естідім, одан бөлек Жұбаныш Жексенұлы орындап жүрген «Ауылым» әні өзіңіздікі. Бүгінде Сенат пен партия жұмысынан ән шығаруға уақыт артылады ма? Қандай ән жазып жатырсыз?
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    12.07.2016
    Жауап: Назым,Менің шығармашылығымнан хабарың бар екен. Оған ризалығымды білдіремін. Әрине қызмет бабында бос уақыттың сирек болатыны рас. Дегенмен ән жазу, өлең шығару бос уақытты күтпейді екен. Шабыт кез келген уақытта келіп қалғанда, түртіп алатыным бар. Сондықтан шығармашылықтан қол үзбеймін деп ойлаймын.
  • Айдос Мұсабек
    08.07.2016
    Сұрақ: Әли Әбдікәрімұлы! Сәлеметсізбе! Бүгінде жерді сату сатпау мәселесі талқыланып жатыр. Егер жерді қазақстандықтарға сатуға болады деген шешім қабылданса, қарапайым шаруаның оны сатып алуға қаражаты жете ме? Жердің кадастрлық құны өзгеруі мүмкін бе?
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    23.07.2016
    Жауап: Жердің кадастрлық шекті құны 2003 жылы кабылданған Қаулы негізінде бекітілген. Бұл баға одан кейін 2006 жылы 2007 жылы өзгерді. Ол кезден бері он жылдай уақыт өтті. Жердің кадастрлық құнын қайта қарайтын уақыт келді. Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында бұл мәселеге қатысты ұсыныстар айтылып жатыр. Тиісті мамандардың сараптамасынан кейін қандай да бір шешім қабылданады. Оның құны қымбаттай ма жоқ арзандай ма, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі: жердің кадастрлық құны жер жағдайы, климаты, географиялық сипаты, өнім беру мүмкіндіктеріне қарай белгіленетін болады.
  • Нұрлан
    05.07.2016
    Сұрақ: Әли аға Астана күні құтты болсын! Әрқашан абыройлы, беделді болыңыз! Оңтүстік өңірде басшылық қызметте жүргеніңізде, игі істердің ұйытқысы болып, ел үшін маңызды бірталай жобаларды жүзеге асыруға себепші болдыңыз. Оған халық куә. Қазір «Ауыл» партиясында да біраз елдің мәдени-рухани дамуына, ауылшаруашылық саласының өркендеуіне сеп боларлық бастамалар көтеріп жүрсіз. Әрдайым табысты болыңыз! Өзіңізге көрсетсем деген бір жобам бар еді. Ұлттық өнімдерді ұлықтап дәріптеу бағытында. Өзіңізге жолығу мүмкіндіктерін жазсаңыз.
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    07.07.2016
    Жауап: Нұрлан көп рахмет, жылы лебізіңе. Әрине жобаңды көріп, бірге талқылап, ой бөлісуге дайынмын. Ол үшін «Ауыл» партиясының кеңсесіне келуіңе болады. Әрбір аптаның жұма күні сағ: 15:00-19:00 аралығында азаматтарды қабылдаймын
  • Рамазан
    30.06.2016
    Сұрақ: Әли Әбдікәрімұлы, осыдан 2-3 жыл бұрын ірі қара мал басын шетелден алып келу сәнге айналып кетті. Жалпы мал бағып көрген адам ретінде менің айтпағым, шетелден сиыр алып келіп, малдың тұқымын асылдандыру далбаса. Шетелге қаржы шашқанша, неге осы жердегі ғалымдар жұмыс жасамайды?
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    05.07.2016
    Жауап: Рамазан сұрағыңызға рахмет. Аграрлық сектордағы отандық мал тұқымдарын көбейту және оны жетілдіру шараларына дұрыс көңіл бөлінбей отырғаны шындық. Шет елден алынатын малдар Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайын шешуге қауқарсыз. Себебі, бұл едәуір қаржыны талап етеді және шет елден әкелінген малдар біздің табиғи, жергілікті және жемшөп жағдайларына бейімсіз. Сондықтан Отандық аграрлық ғылым саласы жаңа мал тұқымдарын тауып қана қоймай, оларды өндіріске кеңінен енгізулері қажет. Мамандардың пікірінше отандық мал тұқымдары шетелден әкелініп жатқан малдардың қайсысымен болса да бәсекелесе алады. Айталық, Шығыс Қазақстан облысындағы сүтті сиырдың қара ала тұқымын өсіретін «Майлы дақылдар» ЖШС-де 1 бас сиырдан 6 000 кг сүт өнімін алып, шет елдік ең үздік көрсеткішпен теңескен. Ең бастысы ақ басты ірі қара малдың етті тұқымдарын жыл бойы жайылымда бағуға болады. Біз бұл мәселені түбегейлі зерттеген болатынбыз. Мен өзім Үкімет басшысына осы ұсыныстарымды айтып, депутаттық сауалымды да жолдаған болатынмын.
  • Лашын Әнуарбек
    28.06.2016
    Сұрақ: Құрметті Әли Әбдікәрімұлы! Мен ауылшаруашылық саласында өз кәсібімді бастағым келеді. Қысы жазы өнім беретін жылыжай ашуды жоспарлап жүрм. Бірақ бастапқы капиталым жоқ. Осы бағытта мемлекеттен көмек бар ма, немесе инвестор табуға көмек көрсете аласыз ба?
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    30.06.2016
    Жауап: Лашын, ойыңыз өте жақсы екен. Әлі күнге дейін елімізде отандық көкөніс өнімдерінің жетіспейтіні байқалады. Бұған әрине біздің климаттық жағдайымыз да әсер етеді. Қазақстандық көкөніс, жеміс-жидек өнімдері сауда сөрелеріне негізінен жаздың ортасынан ауа шыға бастайды. Ал бұған дейінгі уақытта Өзбекстан мен Қытайдың өніміне тәуелдіміз. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы жылыжайлар көбейту. Бүгінгі таңда жылыжайлар құрылысы басымдықты бағыттардың бірі. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру саласы ретінде «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 7% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік бар. Бұл несиені алу үшін кепілдіктің де қажеті жоқ. Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіз тұрып жатқан аймақтағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығынан кеңес алуға, немесе «Даму» қорының филиалына барып, кеңесуге болады. Іске сәт!
  • Бақберген Мауенов
    27.06.2016
    Сұрақ: Ассалаумағалейкум, Әли Әбдікәрімұлы! Сізге Оңтүстік Қазақстан өңірінің бір топ тұрғындарының атынан хат жазып отырмыз. Барлығымыздың күн көрісіміз есік алдында баққан малымыз. Сүтін сатып, етін сатып ақша қылып отырмыз. Әрқайсымызда 10-15 шақты бас малымыз бар. Бүгін бізге кедергі болып отырған үлкен мәселе жайылым. 3-4 жыл болды, малымызды жайлауға емін еркін жібере алмаймыз. Себебі ондаған жыл бойы емін еркін шөбін жеп суын ішкен жерлердің енді иесі бар. Кейбіреулер қоршап та қойған жерлерін. Біз енді қой ешкі, сиырымызды есік алдына байлап ұстай алмаймыз ғой. Бұл мәселені айтып әкімдікке талай бардық. Бұдан шығатын қандай жол бар.
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    28.06.2016
    Жауап: Сұрағыңыз орынды. Көп рахмет. Бұл мәселемен етене жақын таныспын. «Ауыл» партиясы атынан да күрмеулі мәселені бірнеше рет көтеріп келеміз. Соңғы 10 жыл көлемінде экономиканың оңалуына байланысты халықтың тұрмысы жақсарып, жұрт қолындағы мал басы да күрт өсіп отыр. Бұл әрине қуанарлық жайт. Осы ретте бұрынғы нормативтерге сәйкес, ортақ пайдалануға берілген жайылымдар тарлық етіп, мал жаюға, өріске шығаруға кедергілер кездесіп жатыр. Сондықтан да, ертеректе кейбіреулердің иелігіне кеткен, жалға берілген жайылымның бәрі ревизиядан өткізілуі тиіс. Бүгінгі таңда оның жобасы қаралып жатыр. Сіздер айтқан мәселелер көп ауылдарда орын алып отыр. Сол заң жобасында мүмкіндігінше ескерілетін болады
  • Қуаныш Сексенұлы
    24.06.2016
    Сұрақ: Халықпен онлайн жүйеде байланысудың осы бір тетігін пайдаланып отырғаныңыз дұрыс екен. Өзім Ақмола облысынан болам. Жер болса, үй салатын күшім жетеді. Кең жерімізден біз сияқты жас семьяға 10 сотық жерді қалай алуға болады.
  • Бектаев Әли Әбдікәрімұлы
    28.06.2016
    Жауап: Қуаныш, сұрағыңызға көп рахмет! Өзіңіз тұрып жатқан аудан әкімшілігіне арыз жазып, үй салу үшін 10 сотық жер алуға кезекке тұруыңыз қажет. Аудан әкімшілігі үй салуға қажетті жерлерге тиісті инфрақұрылым жүргізгеннен кейін, кезектегі тізімге сәйкес жер бөлуі керек. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, Сіз 10 сотық жерді тегін алуыңызға болады.