KZ | RU | ENG

"Ауыл" ХДПП Сайлауалды бағдарламасы

 

«АУЫЛ»  ПАРТИЯСЫНЫҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

АУЫЛ ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТАМЫЗ!

Құрметті отандастар!

Қоғамның дамуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтар қомақты рөлге ие!

Бұл құндылықтар - біздің ұлттың қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы.

Туған  жер мен ауыл біз үшін киелі ұғым!

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті.

«Ауыл» партиясы үшін, басты мақсат-  халқымыздың  дәстүрлі құндылықтарын дамыту,  Отанымыз-Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, «Мәңгілік Елді» нығайтып, бекіту!

Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері  уақытында және нақты жауап беруді талап етеді.

 Бес институционалды реформа мен оны іс-жүзіне асыратын 100 нақты қадам жаһандық сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге нақты жауап бола алады.

Біз - рухани жасампаздық және адамгершілік прогресс партиясымыз!

Біз әлемдік дағдарыстың зардабынан арылуға бағытталған және еліміздің экономикасын жаңа, сапалық деңгейге көтеруге бағытталған мемлекет стратегиясын қолдаймыз.

Сонымен бірге, соңғы жылдары Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан, экономиканың кейбір бағыттарының дамуы  бәсеңсіп барады.

Нарық қатынастарына өту кезеңінде артықшылық деп есептелген халықтың жалпы білім деңгейі  мен еңбек ресурстарының сапасы, экономика дамуының жаңа  жағдайында  сұраусыз қалып отыр.

Білім, қазақстан қоғамының  рухани жоғары деңгейі қазақ халқының тереңде жатқан адамгершілік құндылықтарын сақтау, еліміз азаматтарының әлеуметтік өсуінің міндетті шарты!

Біз қазақ халқының жаһандану желімен  солғын тартып  бара жатқан ұлттық-мәдени қайнар-көзін қайта жаңғыртуымыз қажет!

Халықтың берік рухани желісі қоғам мен мемлекеттің жасампаздық үдерісінде  ерекше рөл атқарады!

ҰЛЫ МӘДЕНИЕТКЕ - ҰЛЫ БОЛАШАҚ

Қазақстан мәдениеті - біздің ұлттық бірлігімізді сақтаудың негізгі қайнар-көзі!

«АУЫЛ» партиясы ұлттық мәдениетті сақтап, дамыту үшін табандылықпен еңбек ететін болады. Біздің болашағымыз, халықтың, қоғамның өмір сүруі осы жұмыстың нәтижесіне байланысты.

Біз жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.Осы кезең ұлттық мәдениеттің өмір сүруі мен дамуына қауіп-қатер мен сын-тегеуіріндерге толы екендігі анық.

Сонымен бірге, жаһандану адамдарға өзін-өзі таныту, елді толыққанды  жаңғырту, экономикаға және жеке адамның өміріне жаңашыл технологияларды  енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Дәстүрлі құндылықтар- Қазақстан қоғамының  тұрақты рухани дамуының қайнар көзі!

Халықтың тарихы мен мәдениетін есепке алмай, этникалық дамудың түп-тамырын,  қазақы  мәдениеттің рухани, адамгершілік басым құндылықтарын түсінбей  бүгінгі Қазақстанның дамуы мүмкін емес!

Біздің халықтың өткен рухани тарихында, тарихи үдерістің құндылық-мағыналық негізін және нақты этно-әлеуметтік ақиқатын  қалыптастыратын ұлттық сәйкестіктің терең тамыры жатыр.

Біз  ғасырлар бойы күрделі кезеңде және күрделі тарихи жағдайда қалыптасқан қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарынан айрыла бастадық!

Рухани құндылықтар қауіп-қатер мен сын-тегеуріндерге ұшырап отыр!

«Ауыл» партиясы  халықтың рухани –адамгершілік  қағидаларын қайта жаңартудың қайнар көзі!

«Ауыл» партиясы өскелең ұрпақты дәстүрлі құндылықтар рухында тәрбиелеу- еліміздің мығым дамуының күре тамыры деп есептейді!

Біз әлеуметтік оптимизм мен рухани үміт партиясымыз!

Біз өскелең, келер ұрпақ үшін ұлттық игілікті сақтап қаламыз!

АУЫЛЫМ  –АЛТЫН БЕСІГІМ!

Ауыл біздің дәстүрлі құндылықтардың түп тамыры және қайнар көзі!

Бүгінгі күрделі кезеңде ауылды біз мәдени тетікті  сақтап қалуға қабілетті  моральдық және адамгершілік дәстүрдің өзегі деп танимыз!

Ауыл және агроөнеркәсіп кешені елімізді толыққанды  жаңғырту міндетін орындауда ерекше орын алады. Еліміздің  8,0 млн. халқы немесе ел-жұрттың 45%  ауылда тұрады. Аграрлық өндіріс Қазақстан халықшаруашылығының ірі және дәстүрлі саласы болып табылады.

Бүгінде агроөнеркәсіп кешені елімізді индустрияландырудың өзегі болуға қабілетті. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және қайта өңдеумен айналысатын ірі өндіріс кешендерін дамыта отырып, тек қана Қытай мен Ресейге 5 млрд АҚШ долларды құрайтын экспорттық мүмкіндікті қанағаттандыруға болады.

Бидай, мақта, жеміс-жидек өндіру ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге  қабілетті, ол үшін  түбегейлі қолдау қажет. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бірдей болуы шарт.

Соңғы жылдары  ауыл мен ауылшаруашылық саласын қолдауға мемлекет нақты қадамдар жасады.

Дегенмен де, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі, қаржы тапшылығы, қазіргі заманауи технологияларды қолданудың жеткіліксіздігі сияқты  шешімін күтіп отырған мәселелер көп.

Ел асыраушылары- лайықты өмір сүруі қажет!

Кедей және жұмыссыздардың басым бөлігі бүгінде ауылда тұрады. Ауыл мектептері мен ауыл денсаулық сақтау саласында түйінді мәселе жетерлік, көптеген елді мекендер газбен қамтылмаған, таза  ауыз суға зәру.

Біз  өзіміздің азаматтар тұтынатын азық-түліктің шет елдерден әкелуіне  тосқауыл қоюымыз қажет.

 Біз азық-түлік нарқын, бағаны шарықтатуға сылтау іздейтін, алып-сатарлардың билеп-төстеу тәжірибесін тоқтатуымыз қажет.

Халықты азық-түлікпен қамтамассыз ету бағытында,  мемлекет үшін,  бүгінде мүмкіндігі бағаланбай келе  жатқан, жеке қосалқы шаруашылықтар негізгі  қор болып табылады.

 Бүгінде азаматтардың жеке қораларында  ірі қара малдың 65%-ы, қой мен ешкінің 61%-ы, жылқының 54%-ы шоғырланған, мал шаруашылығының жалпы өнімінің 72% жеке меншікті аулада өндіріледі. Дегенмен де, сапасыз  ветеринарлық қызмет, ауылдағы ауылшаруашылық өнімдерін сақтау мен өңдеуге, өткізуге қарапайым жағдайлардың болмауы, жеке аулалардың тиімділігін азайтып, мемлекетті де, ауыл тұрғындарының өзін де қызықтырмайтын жағдайға жеткізіп отыр.

Сарапшылар қауымдастығының зерттеуі бойынша, банк және мемлекеттік сектордың несие ресурстарының  3% ғана ауылға тиесілі.

Біз банкілердің ауылда және ауыл үшін жұмыс істеуіне қол жеткіземіз!

 «Ауыл» ПАРТИЯСЫ ҰСЫНАДЫ:

Ауыл территориясын кешенді дамытуға бағытталған- ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қабілетті «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарламаны дайындап, іс жүзіне асыру (жол және үй салу, бала бақшаларын, мектеп, аурухана, мәдениет мекемелерін,мелиорация, электрмен қамту,сумен қамту, газбен қамту,телефон, интернетпен қамту,т.б.);

  • Аграрлық секторда бүгінгі замауи технологияларды енгізуді ынталандыруға, аграрлық ғылымды, білім мен тәжірибені біріктіру, саланы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету,білімді таратуға арналған аудандардағы орталықтар желісін кеңейту,жаңашылдық тиімділігі жоғары жүйені дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындау.Аграрлық ғылымды қаржыландыруды ауылшаруашылығының жалпы өнімінің  1-% деңгейіне жеткізу;
  • Агро-өнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау,сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін несиелеу және субсидиялау шараларын жетілдіру;
  • Субсидиялау мен жеңілдетілген несиелендіру тәртібіне өзгертулер ашық  түрде енгізілуі қажет;
  • Ауылшаруашылығы жерлерінің  құнарлығын қалпына келтіру және  малдың өнімділігін арттыру;
  • Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және  тасымалдауға арналған, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінесервистік және несиелеу қызметін көрсететін  кооперативтерді  құруды ынталандыру;
  • Адамдардың жеке шаруашылықтарының мол мүмкіндіктерін халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге, өңдеуді дамыту арқылы жұмыспен қамтуға пайдаланатын уақыт жетті;
  • Жыл сайын шаруалар мен үй маңындағы шаруашылықтардың өнімін тұрақты және әділетті бағамен сатып алуға кепіл бола алатын,бюджеттен қаржыландырылатын, азық түлік қорларын қалыптастыру;
  • Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне салық салуды жетілдіру, жаңа құрылған аграрлық мекемелерге салық каникулдарын қарастыру;
  • Ауыл шаруашылығы  мен ауылдағы әлеуметтік мекемелердің   мамандарына үй салуға және  сатып алуға субсидиялар қарастыру;
  • Ауылдағы коммуналдық өтемдердің бір бөлігін субсидияландыруды шешу;
  • Ауылға қажетті мамандықтар үшін(ауыл шаруашылық, педагогика, медицина т.б.) жоғары оқу орындарында мектеп бітірушілерге бюджеттік  квота бөлу. Квота аясында  оқу бітірген әр-бір түлек   ауылға   оралғанда, қала стандарттарына сәйкес өмір сүру жағдайына сенімді болуы қажет;
  • Жоғары білікті дәрігерлердің ауыл елді мекендеріне  үнемі барып тұруын қамтамасыз ете отырып,медицина орталықтарын әрбір елді мекенге бекіту;
  • Ауылшаруашылық жерлерін мақсатты және оңтайлы пайдалануға бақылауды күшейту. Пайдаланбай жатқан жерлерді шаруашылық айналымына енгізуге бағытталған шаралар қолдану. Жерді беру, қайтып алу тетіктерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты және оңтайлы пайдалануға бақылауды күшейту;
  • Шаруа қожалықтарына арналған жанар-жағармай материалдары реттелетін, қажет болғанда субсидияланатын болуы қажет;

АУЫЛДА ӨМІР  ЖАНҒА ЖАЙЛЫ, ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР БОЛАДЫ!

3. ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ РУХАНИ ӨРЛЕУДІҢ НЕГІЗІ!

Біз рухани өрлеу партиясымыз!

Қазақ халқының  рухани-адамгершілік құндылықтары   дамуының  негізгі шарты – тұрақты әлеуметтік даму.

Руханият және әлеуметтік даму тең ұғымдар. 

Осыған байланысты, біз әр өңірдегі, әр саладағы, әрбір әлеуметтік топ арасындағы жалақылардың ара қатынасы өте жоғары екендігін мәлімдейміз. Ол тіпті шегіне жеткелі тұр. Азаматтардың  басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеп кету қаупі бар. Халықтың  басым бөлігінде  жалақы, зейнетақы, жәрдемақы көлемі қысқаруда!

Ауылшаруашылық өндірісі жалақы деңгейі ең төмен  салалардың біріне жатады. Әлеуметтік саясат біріміздің және бәріміздің ортақ дамуымызға қызмет етуі  қажет!

«Ауыл» ПАРТИЯСЫ ҰСЫНАДЫ: 

  • Бюджет және мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбек ақы мен  әлеуметтік кепілдіктер арасындағы айырмашылықты  қысқарту;
  • Сән салтанатқа салық салу. Қымбат көліктер мен қымбат тұрғын үйлердің бағасына сай  1% дан 5% аралығында  салық алу қажет;
  • Жалақы тағайындауда экологиялық, аумақтық, біліктілік ерекшеліктеріне сай, қосымша ақы қосуды бекіту.

Ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған іс шаралар кешенін жүзеге асыру. Ауылдағы ауылшаруашылық саласына жатпайтын өзге де бизнес түрлерін мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру.        

ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Халықтың денсаулығы мемлекет қызметін бағалаудың ең маңызды критерийлерінің бірі. Бұл мәселені шешу үшін денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде жақсартуды және халыққа медициналық көмек көрсетуді жолға қою  қажет.

Ол үшін:

  • Көрсетілетін медициналық көмек қызметі ұлттық стандарттар деңгейінде болы тиіс. Әсіресе медициналық мекеменің материалды-техникалық базасын дамытуға, медициналық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау сапасына көңіл бөлінуі қажет;

Ақылы медицинаны жаппай көбейтуге  жол жоқ!

  • Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясат нақты мақсаттар мен индикаторларға ие болуы  тиіс, олар: өлім жітімнің азаюы, бала туу көрсеткішінің артуы, ауру сырқаулардың азаюы, өмір сүруді ұзарту, өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуда жоғары көрсеткіштерге жету, қоршаған ортаны жақсарту, өмір сүру салтындағы теріс тенденцияларды жою;
  • Ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Шалғай ауыл-аймақтарда стандарттарға сай келетін медициналық мекемелердің ашылуына жағдай жасау;
  • Барлық ауылдық жерлерде мемлекеттік әлеуметтік дәріханалар ашу;
  • Ауылда еңбек еткен дәрігерлерге интернет арқылы қашықтықтан ақпараттық қолдау көрсету.
  • Бүгінгі заман талаптары нашақорлықты алдын-алудың жаңа міндеттерін анықтауды талап етеді. Бұл заман талабы. «Ауыл» ХДПП бүгінгі заманның шырмауығы – нашақорлықпен тұрақты түрде аяусыз күрес жүргізетін болады.

ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

  • Арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлей отырып, білім беру мекемелерін, бірінші кезекте ауылдағы мектептердің материалды-техникалық базасын заман талаптарына сай келтіру;
  • Заңдық тұрғыда әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау арқылы, ауыл мұғалімінің мәртебесін  көтеру;
  • Балабақша қызметі қолжетімді болуы үшін, балалар бақшасына берілетін мемлекеттік қаржыландыру көлемін көбейту.
  • Қазақ халқының тарихын оқытуда жаңа тәсілдерді қарастыру қажет. Қазақстандық ғылым төл тарихымызды зерттеуге, жас өскелең ұрпаққа Қазақ халқы, Қазақстан туралы бірыңғай, толыққан, деректермен дәйекке сүйенген тек шынайы ақпараттар ұсыну үшін, өзінің барлық мүмкіндіктерін, әдістемесін оңтайлы пайдалануы қажет.

Әлеуметтік даму – мемлекеттік  саясаттың күре жолы болуы керек!

Әлеуметтік даму қазақ халқының рухани құндылықтарын кеңейтіп күшейтудің негізі!

БІЗГЕ ӘРБІР АДАМ ҚЫМБАТ!

ЖҮЙЕСІЗ, ЖӨНСІЗ УРБАНИЗАЦИЯҒА ЖОЛ ЖОҚ!

Әлеуметтік даму және рухани құндылықтарды сақтауда басты қауіп  -  бізге жат жерден таңылған урбанизация.

Жыл сайын Қазақстан картасынан ондаған ауыл - аймақтар жоғалып кетіп жатады.

Қазақстандықтардың ішкі көші-қоны бей-берекет, ретсіз жүргізілуде.

Бұл фактор әлеуметтік  үйлеспушілікке алып келеді!

Қалада өзге өңірден көшіп келген отбасына үй және жұмыс беру мәселесі өткір тұр. Ауыл тұрғындарының көп бөлігі үлкен қалаға   тәуекелге бел байлап көшеді, сондықтан да кездейсоқ жалақыға өмір сүреді, ұсақ көше саудасымен айналысып,  қызмет көрсету саласында еңбектенеді. Олардың көпшілігі қаладағы жайсыз, құлағалы тұрған және жалға алынған тұрғын үйлерде тұрады.

Біздің замандастарымыз, біздің аға, әпкелеріміз осылайша  әлеуметтік аутсайдерлердің қатарын толтырып отыр.

Біз мұндай келеңсіз жәйтпен келісе алмаймыз!

Әрбір қазақстандық біз үшін құнды!

Біз әлеуметтік бейберекетсіздік пен рухани тоқырауға алып келетін жүйесіз, жөнсіз  урбанизацияға қарсымыз!

Біз бұл мәселені реттеуге белсенді түрде араласпақшымыз!

Халықтық-шаруашылық және әлеуметтік жоспарлау тәсілі бойынша, ауыл мен қаланың дамуындағы әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға қол жеткіземіз.

Барша Қазақстандықтардың жинаған жоғары материалдық игіліктерін біз қоғамның барлық мүшесі, барлық аудандар мен ауылдар арасында тең тұтыну  процесін кеңейтеміз!

Біз жүйесіз урбанизацияның жағымсыз салдарын бейтараптандырамыз.!

АУЫЛМЕН   БІРГЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ БАСТАЙМЫЗ! 

4.НАҚТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢЫРАҚҚА - НАҚТЫ КӨМЕК!

Халқымыздың рухани және адами, дәстүрлі құндылықтары  әрбір отбасында қалыптасады. Отбасы халықтың ең басты рухани дәстүрлі құндылықтары ошағының бесігі болып табылады!

Мемлекет отбасының амандығы мен отбасы құндылықтарын дамытуға қомақты жағдай жасауда.

Біз әрі қарай да отбасын әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіре түсуіміз қажет.

Көптеген қазақстандық отбасылар қымбатшылық пен баспанасының жоқтығынан, коммуналдық төлемдердің өсуінен қымбат білім жүйесі мен денсаулық сақтау саласынан зардап шегеді.

Замануи Қазақстанның ең өзекті мәселелерінің бірі - отбасы тұрақсыздығы.

Ең алдымен оған әлеуметтік-экономикалық үдерістер, жастардың отбасылық өмірге дайын еместігі, ерлі зайыптылар арасында өзара түсініктің болмауы, дау -  дамайды шешуге икемінің жоқтығы, өз бетімен үй шаруасын жайғастыра алмай, бюджетті өзінше жоспарлай алмауы, жұбайлардың бірінің нашақорлыққа не ішімдікке тәуелді болуы себеп. Осы себептердің барлығы ажырасуға негіз болады.

«Ауыл» партиясы, бұл келеңсіздіктермен барлық қолда бар мүмкіндікті  пайдалана отырып, күресетін болады!

Бұл моральді-әлеуметтік проблема, бірақ дегенмен де халқымыздың генофондына кері әсерін тигізетін мұндай жағдайларға біз қоғам болып әсер етудің оң тетіктерін қалыптастырамыз!

Өкінішке орай, күн санап, қазақтың қаракөз қыздарының шетел азаматтарымен тұрмыс құрып жатқан жағдайлары көбеюде. Әрине шекара ашық, әлем еркін араласып жатқан жаһандану кезеңінде өмір сүріп отырғанымызды біз түсінеміз.

Дегенмен де, бұл үдеріс  қазақ халқының гендік-қорына  кері әсерін тигізетінін қадап айтамыз.

Қоғам бұл проблема туралы  ойлануы қажет!

Біз қазақстандықтар онсызда азбыз!

«Ауыл» партиясы үшін әрбір азаматтың орны ерекше және бағалы.

Осы түйткілді мәселені қоғам арасында  кеңінен талқылауды қажет деп санаймыз.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҰСЫНАДЫ:

  • Қазақстан Республикасын отбасы және балалар үшін қолайлы ел ететін 2025 жылға  дейінгі мемлекеттік отбасылық саясат концепциясын қабылдауды;
  • Бала туғанда берілетін бір реттік және ай сайынғы жәрдемақы көлемін ұлғайту, сонымен қатар бала мектепке барғанда берілетін бір реттік жәрдемақы төлемін енгізуді; 
  • Үш және одан да көп баланы бағып отырған ерлі зайыптының біріне көлемі әлеуметтік тұтыну стандартынан төмен болмайтын, «отбасылық айлық» төлетуге қол жеткізуді;
  • Әр облыста көп балалы отбасыларына арналған жұмыс орындарының қорын құру қажет. Еңбекпен қамту мемлекеттік органдарына үш және одан да көп баласы бар ерлі - зайыптының бірі жұмыстан шығып қалса, 30 күннің ішінде жұмыс тауып беруді міндеттеу керек.

ҮЛКЕН ОТБАСЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАНДАРТ!

6. ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАМЫЗ!

Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы!

Жастарға қазір оңай емес. Ақылы білім, жұмысқа орналасудың қинындықтары, өз баспанасының жоқтығы- жастардың көбі осындай қиындықтарға душар болып отыр.Өмірде өз орнын таба алмау, қабілетін іске асыра алмау, жастарды қылмысқа, ішімдікке не нашақорлыққа, зорлық зомбылыққа итермелейді.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҰСЫНАДЫ:

  • Жастардың білім, тұрғын үй, жұмысқа орналасу тәрізді өзекті проблемаларын шешуге қауқарлы  жастар саясатын жүзеге асыру. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға жастарға нақты әлеуметтік кепілдіктер беретін өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет;
  • Жас отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру;
  • Шәкіртақы көлемін әлеуметтік тұтыну стандарты деңгейіне көтеру;
  • Жоғары оқу орындарында білім алуға қаралған квота мен гранттар қатарын көбейтуге жағдай жасау;
  • Орта кәсіптік және жоғарғы оқу орындарының түлектері арасында бірінші жұмыс орнын квоталау. ЖОО мемлекеттік кәсіпорындар мен агро бірлестіктерден мемлекеттік тапсырыстар алулары қажет;
  • Жоғары, орта, кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлау үдерісін  еңбек нарығындағы соның ішінде ауылдағы жұмыс күшіне қажеттіліктер бойынша жүргізуге қол жеткізу;
  • Ақылы жоғары білім алу үшін жастарға процентсіз несие беру мәселесін шешу. Бұл ретте жастарға қойылатын бір талап, бітірген мамандығы бойынша жұмыс жасап, қарызын қайтару;
  • Біз мәслихат жанындағы жастар парламенті, еріктілер қозғалысын, жас ғалымдар мен мамандар одағының  жасампаздық  қызметін әрдайым қолдаймыз.

Біз жаппай спорттық-дене шынықтыру дәстүрін жаңғыртып, жастарды тұрақты түрде спортпен айналысуға тартуға бар күш-жігерімізді саламыз. Спорт — нашақорлық пен ішімдікке әуестіктікті жоюдың, діни экстремизм мен терроризмге елітпеудің бірден-бір құралы. Біз ауылдық  жерден спорттық кешендер құрылысын, жастардың мәдени, спорттық және экологиялық туризмін дамытуды қолдаймыз.

ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

«АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – бүгінгі заманға сай,Қазақстан Республикасын әлеуметтік салаға бағытталған әділетті мемлекет ретінде  құруды қалайтын заманауи партия.

Біз өз қызметімізде қашанда Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін  арттыруды, аймақтық және әлемдік проблемаларды шешудегі Қазақстанның рөлін арттыруды қолдаймыз. 

Біз Қазақстан қоғамын мәдениеті және дәстүрлі рухани құндылықтарын сақтауды қолдаймыз!

Біз Қазақстан Республикасының келешегі үшін жаны ашыған әрбір азаматты бізбен бірге жүруге  шақырамыз!

Біз қоғамдағы әлеуметтік оптимизм және саяси конструктивизмнің артуына жағдай жасайтын боламыз!

Біз адами даму индексін көтеруге, әлеуметтік жаңғыру және қазақстандық қоғамның жасампаздыққа ұмтылуын нақты іс – әрекеттермен жүзеге асыратын боламыз!

БІЗ АУЫЛДЫҢ ДАМЫП, ГҮЛДЕНУІН ҚОЛДАЙМЫЗ!

БІЗ АГРАРЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫ  ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

БІЗ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

БІЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!

Біз барша Қазақстандықтарға бұл таңдауды бірге жасауға шақырамыз!

АУЫЛ ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТАМЫЗ!