KZ | RU | ENG

ПАРТИЯ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

         «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясымен Қазақстан патриоттар  партиясының бірігуі нәтижесінде құрылды. «Ауыл» ХДПП Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев болып табылады. «Саяси партиялар туралы» Заңға сәйкес, партияның барлық облыстарда және Республикалық  маңызы бар  Астана мен Алматы қалаларында филиалдары бар.

Біріккеннен кейінгі уақыттың тығыздығына қарамастан, Партия парламенттік және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты. 2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» ХДПП-нан барлық деңгейдегі мәслихаттарға 38 депутат сайланды.

«Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласындағы кең ғылыми әлеуетті біріктіреді. Соның ішінде 13 мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары және олардың басшылары, ғылым кандидаттары мен докторлары, ғылыми қызметкерлер бар. Сондықтан, партия, ауыл шаруашылығын дамытуға әрекет жасаған мемлекеттік органдарға көмек көрсетуді өзінің міндеті деп санайды.  

Ауыл тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы,  ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерін шешу Партия қызметінің негізгі бағыты  болды және болып қала бермек. Бүгінгі күні шамамен 8 млн адам, немесе халықтың 45% ауылдық жерлерде өмір сүруде. Сондықтан ауыл және Агроөнеркәсіптік кешен, елдің толық ауқымды жаңғыртуын жүзеге асыруда ерекше орын алады.

Партия азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуды, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды және экономиканың барлық секторларында ақылға қонымды іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруға қолдау көрсетуді, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауды, мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығы секторын қолдауды, сондай-ақ халықтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруды өз жұмысының басты бағыттары ретінде қарастырады.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын бүгінгі таңда алаңдатып отырған мәселелер: жерді тиімді  пайдалану мәселесі; қазіргі заманғы инновациялық технологияларды аз қолдану; мал шаруашылығындағы жаңа тұқымды ойлап тауып, дамыту; аграрлық секторды дамытуға ғылыми ақпарат және ғылыми жетістіктерді толық деңгейде пайдалану мәселелері.

Ауылдың ең өзекті мәселелерін кешенді түрде шешу үшін Партия, «Ауыл инфрақұрылымы» атты ауылдық жерлерді кешенді дамыту және ауылдық елді-мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз етуді қарастыратын мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, іске асыру қажет деп санайды.

 

«Ауыл» партиясы өзге саяси күштер секілді, қоғамда болып жатқан түрлі дау жанжалдарды өзіне арзан саяси ұпай жинау үшін пайдаланбайды, партияны мазалайтын басты мәселе – тұрақты табыс, сапалы медициналық қызмет көрсету, қолайлы пәтер, азаматтардың құқық мен бостандықтарының қорғалуы, және жеке қауіпсіздігінің қамтасыз етілуі. Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, еңбекпен қамту мемлекеттік бағдарламаларына тұрмысы төмен, жұмыссыз адамдарды көбірек тарту мәселесі партия үшін өте өзекті болып табылады.     

Партияның басты құндылықтары - руханилық, адалдық, теңдік, ынтымақтастық. Партияның мақсаты- жахандану жолына түсіп, барлық жаңа технологияларға есігін айқара ашқан, сөйте тұра өзінің ұлттық рухын, мәдени-рухани әлеуетін, дәстүрін, тілін, дінін сақтап қалған, сонымен қатар әрбір азаматы жоғары дәрежеде өмір сүріп жатқан еркін, мықты, дамыған Қазақстанды тұрғызуға атсалысу.

Әрбір саяси партия үшін бір жерде шабандап қалмай, әрбір аймақта, ортада, өз қолдауына ие болу маңызды. Сондықтан қазіргі таңда партияда өз әлеуетін арттыру, өз мүшелерінің және жақтастарының қатарын көбейту процессі жүріп жатыр. Осы мақсатта халықтың барлық топтары арасында, қоғам үшін өзекті тақырыптарды қозғау арқылы жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр.

Жуырда партия «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелері», «Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру бағытында ауылшаруашылық өндірісін дамыту», «Жер ресурстарын тиімді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін дамыту негізі», «Дипломмен ауылға» және т.б. тақырыптарға дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.