KZ | RU | ENG

Қазақстанның патриоттар партиясының тарихы

Қазақстан Патриоттары Партиясы - Қазақстанның саяси партиясы. 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу.

2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2015 жылдың 29  тамыз айында XIV Патриоттар партиясының кезектен тыс съезінде Ғани Есенгелдіұлы Қасымов партия төрағасы қызметінен кетті. Осы съезде партияның жаңа төрағасы болып Толымбек Ғабділәшімов сайланды.

2015 жылдың 5 қыркүйегінде XV Патриоттар партиясының кезектен тыс съезінде партияның Ауыл ҚСДП-мен бірігуі туралы шешім қабылданды.