KZ | RU | ENG

Ресей нарығындағы Түркия тауарының орнын Қазақстан толтыруға дайын.

Ресей нарығындағы Түркия тауарының орнын  Қазақстан толтыруға дайын.
02.12.2015

 

 Ресей нарығындағы Түркия тауарының орнын  Қазақстан толтыруға дайын. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осындай күтпеген мәлімдеме жасады. Еліміздің бас  агрономы Анкарамен  дипломатиялық байланысын үзіп жатқан Мәскеуге отандық шаруалар жеміс-жидек және көкөніс экспорттауға дайын дейді.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, қазір біздің диқандар өнімін өткізе алмай отыр екен. Яғни Ресей нарығы отандық фермерлер үшін  үлкен мүмкіндік болмақ. Ресми Мәскеу 1 қаңтардан  бастап Түркиядан тасымалданатын құс етімен қатар көптеген көкөніс пен жеміс-жидекке тыйым салды. Айта кетсек, Түркия әуе кеңістігін бұзған  Ресейге тиесілі ұшақты атып түсірген соң  екі елдің қарым-қатынасы шиелінісіп кетті. Осының кесірінен Ресей арқылы Орталық Азияға өтетін жүк көліктері де зардап шегіп отыр. Қазақстанға тиесілі 80-ге жуық көлік көрші ел шекарасынан  өте алмай  қаңтарылып тұр.