KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП-ның белсенділері «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі ұжымымен кездесті

«Ауыл» ХДПП-ның белсенділері «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі ұжымымен кездесті
02.03.2016

2 наурызда Қарағанды қаласында «Ауыл» ХДПП-ның белсенділері «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-ның еңбек ұжымымен ғылыми-өндірістік базада кездесті. «Фитохимия» холдингі құрамында химия, фармакология, биология және фармацевтика салаларына бағытталған 12 ғылыми-зерттеу бөлімдері бар ірі ғылыми-өндірістік кешен болып табылады.

«Фитохимия» холдингі өсімдік шикізатын фитохимиялық тұрғыдан зерттеу және олардың негізінде дәрілік препараттарды жасауда, сондай-ақ отандық фармацевтикалық саланың дамуын ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Республикамыздағы алдыңғы қатардағы ғылыми орталықтың бірі болып табылады.

Партия өкілдері кәсіпорынның жабдықталу деңгейі, жаңа технологиялары және холдинг қызметкерлерінің жұмыс жасау жағдайлары, өнімнің шығарылуы мен олардың отандық және шет елдер нарығында іске асырылуы барысымен танысты.

Кездесу барысында партияның ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізуге баса назар аударылған «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаевтың айтуынша: «Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында аграрлық ғылымның қаржыландыру көлемін ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 1% кем түспейтін деңгейге жеткізуді ұсынады. Сондықтан да біз, осындай бастамаларды ғылыми қызметкерлердің ынтасын әрқашан қолдаймыз»- деді ол

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасына айтарлықтай мультипликативті әсер береді. Ол үшін ең алдымен ауылшаруашылық саласына және онымен байланысты өзге де салаларға инновацияны алып келу керек»- деп атап өтті партия белсенділері.