KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы «Ауылдың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Ауыл» партиясы «Ауылдың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
27.11.2015

«Ауыл» партиясы Астанада 2015 жылы 27 қараша күні «Ауылдың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға  шаруалар, аграрлық сектордағы ғалымдар, мемлекеттік орган және ұлттық холдинг қызметкерлері, сонымен қатар осы саладағы азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаевтың айтуынша, «Партияның негізгі құраушы әрі қолдаушы күші ауылдағы қарапайым тұрғындар. Сондықтан Партия өзінің барлық күш-жігерін ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдауға, ауылдың мұң-мұқтажын кешенді түрде шешуге жұмсамақ ниетті».

Соңғы он жылда ауыл шаруашылық саласындағы өндіріс көлемі 4 есе өскен. Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау 3 есеге артқан. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4 есеге артқан. Мысалы: 2004 жылы 44 млрд. теңге болса, 2014 жылы 166,4 млрд. теңгеге тең келді. Деректер мен статистика көңілге қонымды.

Шараға қатысушылар, ауыл шаруашылық саласы және әлеуметтік құрылымда қолданылмаған әлеует пен ескерілмеген мүмкіндіктер көп екенін айтты.

Ауыл халқы денсаулығының мықты болғанын және тұрақты, материалды, мүліктік мүмкіндігінің болғанын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін қалайды.

Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, тұрмысы аз қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі еңбекпен қамтыған халықтың тобын арнайы бағдарламаларға белсенді қатысуына жағдай жасау ауыл-аймақ үшін аса маңызды шара болып табылады.   

«Ауыл тұрғындарының қоғамдық санасында жұмыспен қамту, жұмыссыздық, және қызметке орналастыру мәселелері әсіресе  өткір тұр», деп атап өтті өз баяндамасында «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары             Т. Ғабділәшімов.

Дөңгелек үстел қатысушыларының пікірінше, ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында оң өзгерістер бар. Бүгінде ауыл тұрғындарының көпшілігі электр энергиясымен қамту, стационарлы телефон жүргізу, Ұялы байланыс операторлары және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жоғары бағалайды.

«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында нақты әрі ауыз толтырып айтарлықтай жобалар жүзеге асырылуда, мемлекет ауыл шаруашылығын тиісті көмексіз қалдырмайды.

Дөңгелек үстел қатысушыларының айтуынша, «Ауыл партиясы аграрлы саясаттың инновациялық әлеуетін арттыруға және ауыл халқының адами капиталын көтеруге ықыласты».