KZ | RU | ENG

Көкшетау қаласында «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабы сайлаушылармен кездесу өткізді

Көкшетау қаласында «Ауыл» партиясының  Республикалық қоғамдық штабы сайлаушылармен кездесу өткізді
24.02.2016

Аспаздық кондитерлік өнім шығаратын өндіріс орнындағы еңбек ұжымымен партия белсенділері салиқалы әңгіме құрды.

Цехтың дайындайтын өнімі жергілікті халық арасында сұранысқа ие, көпке танымал. Бүгінгі таңда кәсіпорын басшылығы өндіріс көлемін арттырып, цехты үлкейтуді жоспарлап отыр.

«Ауыл» партиясының мүшелері кәсіпорын қызметкерлеріне «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, оның негізгі басым бағыттарына тоқталды.

Партия белсенділерінің айтуынша, бағдарламада көрініс тапқан барлық міндеттер орындалады. Бұл ауыл шаруашылық өндіріс саласын және оған қатысты өзге де қосалқы салаларды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет бизнесті дамыту бағытында ауқымды шаралар атқарып келеді. Соның арқасында шағын кәсіпкерлер ісін дамытып, дөңгелентіп отыр.  Сондай қолдауды көріп, қанат жайған кәсіпорындардың бірі де осы «Ленев» еке кәсіпкерлігі. Жергілікті әсіресе ауылдық жерлерде бизнестің қарқынды дамығанын қалаймыз. Себебі бұл аймақ халқын жұмыспен қамтып қана қоймай, нарықтағы отандық өнім көлемін арттырады» дейді ол.  

«Ауыл» партиясының өкілдері «табыстың көзін таба білген, мемлекет берген мүмкіндікті қалт жібермей пайдаланып бүгінде нарықтан өз орнын тапқан кәсіпкерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар отандық агро өнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бағдарламаның негізгі міндеттерін жақын келешекте жүзеге асыруға тырысатынын айтты. «Біздің партиямыз ірі бизнес иелерімен кездесіп, ірі шаруа қожалықтарын аралап қана қоймай, бүгінгідей, шағын кәсіпкерлердің де мұң-мұқтажын тыңдап, олардың қажеттіліктерін өтеуге тырысады. Бізге шаруаның, кәсіпкердің үлкен, кішісі жоқ, барлығының көздегені өз бизнесін дамыта отырып, ауылшаруашылық саласын жоғары деңгейге көтеру. Сонымен қатар кәсібін көркейтіп, көбірек жұмыс орындарын ашу. Мұндай кәсіп иелеріне біздің көмек көрсетуіміз маңызды, деп атап өтті партия мүшелері