KZ | RU | ENG

Семейде Абай үйі-мұражайында «Ауыл» ХДПП «Ауылға арнау» патриоттық- шығармашылық акциясын өткізді

Семейде Абай үйі-мұражайында «Ауыл» ХДПП «Ауылға арнау» патриоттық- шығармашылық акциясын өткізді
20.02.2016

А. Бектаев: «Ауыл біздің дәстүрлі құндылықтарымыздың қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы!»

20 ақпанда Семей қаласы Абай үйі-мұражайында «Ауыл» Халықтық-демократиялық, патриоттық партиясы сайлауалды штабы ақын, жазушы, өнер өкілдері қатысуымен «Ауылға арнау» патриоттық- творчестволық акциясын өткізді.

«Ауыл партиясы Төрағасы Ә. Бектаев: «Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті. Осы тұрғыда біз  ауылды біз мәдени тетікті  сақтап қалуға қабілетті  моральдық және адамгершілік дәстүрдің өзегі деп танимыз! Ауыл біздің дәстүрлі құндылықтарымыздың   қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы!» деп атап өтті.

«Туған  жер мен ауыл біз үшін киелі ұғым!» деп атап өтті әс-шараға қатысушылар.

«Ауыл» партиясы үшін, басты мақсат -  халқымыздың  дәстүрлі құндылықтарын дамыту,  Отанымыз - Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, «Мәңгілік Елді» нығайтып, бекіту!» деп атап өтті Ауыл партиясы мүшесі, белгілі жазушы Әлібек Асқаров.

Семей өңірінің өнер майталмандары ауыл тақырыбына арналған сан-алуан жыр- өлеңдерін шашу етті.

Жиылысқа қатысушылар еліміздің рухани әлемінің түп тамыры ауылда екендігін, сол ауылды көркейту оның рухани әлемін түсінуде, деп атап көрсетті.

 «Ауыл» партиясы мүшелері мен жақтастары бүгінгі ауылшаруашылығының өзекті мәселелерін де атап өтті.

«Бүгінде агроөнеркәсіп кешені елімізді индустрияландырудың өзегі болуға қабілетті.

Бидай, мақта, жеміс-жидек өндіру ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге  қабілетті, ол үшін  түбегейлі қолдау қажет. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бірдей болуы шарт» деп баса айтты әс-шараға қатысушылар.