KZ | RU | ENG

Астана қаласында «Ауыл» ХДПП XII кезектен тыс съезі өтті

Астана қаласында «Ауыл» ХДПП XII кезектен тыс съезі өтті
01.02.2016

Астана қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XII кезектен тыс съезі өтті.

Шара Мемлекет басшысының Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы шешіміне  байланысты ұйымдастырылған.

Съезд делегаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. Осыған сәйкес, заңнама талаптарына сай, 19 адамнан тұратын үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. 

Съезд қатысушылары, сонымен қатар «Ауыл» ХДПП-ның «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз» атты сайлауалды бағдарламасын мақұлдады. Одан бөлек мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу туралы шешім қабылданды.    

«Ауыл» ХДПП-ның төрағасы Ә. Бектаев: «....Ел үшін маңызды іс шарадан саяси ұйым ретінде «Ауыл» партиясы да сырт қала алмайды» деп атап өтті. Оның айтуынша, «...съезд барысында сайлауалды кезеңдегі партияның жұмыс стратегиясы мен тактикасы белгіленді. «Ауыл» партиясы қоғамның өзекті мәселелеріне жедел үн қатып, шешіміне үлес қосуға ниетті. 2016 жыл – ірі институционалды реформаларды жүзеге асыру кезеңі. Бұл шараны қарқынды түрде жолға қою үшін заңнамалық база айтарлықтай жаңарды».

Съезд делегаттары «Әлем ғаламдық экономикалық қайта құрудың алдында тұрғанда, геосаяси жағдай барынша қырағылықты, жедел жауап қатуды талап етеді. Осы бағытта еліміз үшін тұрақтылық бен ертеңгі күнге деген нық сенім және үздіксіз жұмыс процесі аса маңызды. Ал сайлаушылар заңнамалық биліктің бар шешімі тиімді орындаларына сенімді болуы керек. Ал еліміз экономикалық дағдарыстан барынша шығынсыз шығуы маңызды», - деп атап өтті.

«Ауыл» партиясы алдағы сайлау науқанын халықты ұйыстыратын, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтайтын, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді бекітетін маңызды құрал деп біледі.