KZ | RU | ENG

Армандар орындалғанда...

Армандар орындалғанда...
04.01.2018

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ауыл» партиясының Қостанай облысы бойынша филиалының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ертеңгілік өтті. Меркелік шараны «Радуга» мүгедек балалар аналарының қоғамдық бірлестігі және Қостанай Инженерлік-экономикалық университеті мен колледж студенттері бастаған «Жас ауыл» жастар қанаты ұйымдастырды.

Жаңа жыл әсіресе балалар асыға күтетін ерекше мереке. Сондықтан әр жаңа жылдың есте қаларлықтай өтуіне айрықша көңіл бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған биылғы мерекелік шара да өз деңгейінде өтті. Ертеңгілік барысында балалар назарына Мыстан кемпір, Скоморох, Кикимора, Карлсон сынды мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Сондай-ақ, көңілді сауықтыру ойындары, жаңа жылдық киімдер байқауы, ән, тақпақ айту сайыстары жүргізілді. «Ауыл» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Геннадий Власов пен үйлестірушісі Алма Қойшинова балалармен бірге шыршаны айналып жаңа жыл әнін орындады.

Балалар үшін жаңа жыл сыйлықтарымен де қызықты. Мерекелік шара соңында Аяз ата мен Ақшақар балаларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтарын таратты. Жаңа жылдық мереке осылайша мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.  

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі