KZ | RU | ENG

Жаңа, 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа, 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
30.12.2017

«Ауыл» Халықтық-Демократиялық патритоттық партиясы барша қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтайды! Табалдырықты аттағалы отырған 2018 жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Отбасыларыңыз қуаныш пен шаттыққа толып, шаңырақтарыңызға бақ пен береке ұяласын!

         Руханияттың қайнар көзі, бірлік пен берекенің бастауы – ауылдарымыз көркейе берсін. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға қажымас қайрат, мықты денсаулық, еңбекте жемісті жетістіктер тілейміз!

         Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған елімізден ынтымақ пен ырыс арылмасын! Тәуелсіздігіміздің ғұмыры мәңгі, тұғыры мәнді болғай.

        

         Құрметпен,

         «Ауыл» ХДПП Саяси кеңесінің Президиумы