KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП ОҚО бойынша филиалы 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«Ауыл» ХДПП ОҚО бойынша филиалы 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады
28.12.2017

 «Ауыл» ХДПП Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында Саяси кеңес мүшелері және аудан, қала төрағаларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Күн тәртібінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2018 жылдың жоспары бекітілді.

«Ауыл» партиясының ұсынуымен Астанада өткен «Еңбек озаттары»  форумда мемлекеттік және ведомстволық наградалармен  Оңтүстік өңірден 15 адам марапатталған болатын.

Атап айтсақ, «Ауыл» партиясының ОҚО Сайрам ауданы бойынша филиалының төрағасы Есіркеп Жайлаубеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Арыс қаласының төрағасы Жолдасбек Тұрманбетов «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Ибраим» тіс емханасының медициналық статисті Венера Ахатаева, партияның Түркістан қаласы бойынша төрағасы Ергеш Диметов және Мақсұт Мұстакимов «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ бөлім меңгерушісі Серкебай Ережепов, Мырза – Су» шарушылығының су-технигі Бахтияр Ниазамов, «Айт-Күн-Атақоныс» фермерлік қожалығының төрағасы Рахимберді Айтмырзаев, «М.А.Навой» ӨК агрономы Ахмедов Акмалхан «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Нұржан Нұрашов, Мақтарал аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы Жанұзақ Көбеев және Орынбасар Орынтаев «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі төсбелгісімен наградталды.

Сапаралы Серікбаев «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне лайық деп танылса, «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешенінің бас мейірбикесі Роза Тағаеваға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі табысталды. Бахадир Исматуллаев пен Шухрат Курбаналиевқа «Ауыл» партиясының Құрмет грамотасы табысталды.

         Партия филиалының басшылығы барлық озаттарды марапаттарымен құттықтап, беделдерінің арта беруіне тілектестіктерін білдірді. «Ауыл» ХДПП ОҚОФ төрағасының орынбасарлары Қанжігіт Сыздықұлы және Әуесбек Тойбекұлы 2017 жылы атқарылған жұмыстарға алғыстарын білдіріп, 2018 жылды партия жұмысын одан әрі жандандыруға шақырды.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі