KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді.

«Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді.
27.12.2017

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді. Басқосуда осы жылы атқарған жұмыстар қорытындыланды.

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиал төрағасы Сәбит Есмұратов «Ауыл» партиясының ұсынуымен мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған партия өкілдерін құттықтады.        Есеріңізге салсақ, «Ауыл» ХДПП ұйымдастырған Еңбек озаттары форумында Қостанай облысынан 11 адам марапатталған болатын. Атап айтсақ, «Ауыл» партиясының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы Сәбит Есмұратов «Құрмет» орденінің иегері атанды. Сонымен қатар, «Құмшық» ШҚ басшысы Қ.Ш.Жанділдин «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, «Агротехсервис-12» ЖШС директоры А.С.Борзенков, «Сингента Казахстан» ЖШС аймақтық менеджері  С.Б.Дұрыскелдинов, ауыл шаруашылық ардагері А.У.Қосшығұлов және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің профессоры Ж.М.Құжыкеев «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен ҚИнЭУ колледжінің оқытушысы С.Н.Поликарпов, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен «РАДУГА» мүгедек балалар аналары ҚБ президенті Н.Н.Колоскова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» грамотасымен «Тас-Фарм» ЖШС Бас директоры Г.А. Әбілғазина, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің проректоры Р.Б.Есмұратова және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің факультет деканы Г.К.Дамбаулова марапатталды.

Бұл жетістіктер Тәуелсіз мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосқан адамдардың қалтқысыз еңбегінің жемісі. Сәбит Есмұратовтың айтуынша, партиясының мүшелерінің басты міндеті - халқымыздың бірлігін нығайту және елімізің саяси-әлеуметтік өміріне белсенді араласып,  қоғамдық, рухани сана-сезімді жаңғыртуға атсалысу. осы міндеттердің барлығы «Ауыл» партиясының мүшелерінің өмірлік ұстанымы болуы керек, - деді филиал төрағасы.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі