KZ | RU | ENG

Партия белсенділерімен кездесу өтті.

Партия белсенділерімен кездесу өтті.
26.12.2017

«Ауыл» ХДПП Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов партияның Алматы қалалық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді. Салтанатты жиында ол Тәуелсіздік күні қарсаңында партия ұсынысымен марапатталғандарды Төраға Әли Бектаевтың атынан құттықтап, Министрліктер тағайындаған наградаларды табыстады.  

         Төлеген Сейдомарұлы, марапатталған партияластардың алдағы уақыттарда еліміздің экономикасына, білім, ғылым саласының дамуына үлес қосып, еліміздегі ұлттар бірлігінің нығаюына және «Ауыл» партиясының саяси-қоғамдық қызметін жандануына күш салатындықтарына сенімділік білдірді.

         Марапатқа ие болған партия өкілдері өз тараптарынан наградаға ұсынған партия басшылығына алғысын білдірді. Сондай-ақ, партия жұмысына белсене араласып, бағдарламалық нұсқауларды насихаттау арқылы қоғамда «Ауыл» партиясының танылу деңгейін арттыруға барынша атсалысатындықтарын жеткізді. 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі