KZ | RU | ENG

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
16.12.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы барша қазақстандықтарды еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

Тәуелсіздік – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл күні, азаттықты аңсаған  елдің  түпкі мақсаты орындалып, еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екендігі сөзсіз.

Тәуелсіздігіміздің әр жылы елеулі оқиғаларға, толағай табыстарға толы. Қазіргі таңда халқымыздың әл-ауқаты артып, еліміздің барлық саласы қарқынды  дамыды. “Қазақ“ деген өресі мықты,  өрісі кең халық екендігін бүкіл әлем мойындады. Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтпеуге болмас.

            Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

            Елдігіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

 «Ауыл» ХДПП Саяси кеңес Президиумы