KZ | RU | ENG

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экспедиция ұйымдастырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экспедиция ұйымдастырылды
06.12.2017

Тұңғыш Президент күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл» Партиясының Павлодар облысы бойынша филиалының бастамасымен  облыстың киелі жерлеріне экспедиция ұйымдастырылды.  

Экскурсияға филиал төрағасы Е.Н. Байқұрманов, Май ауданы бойынша төраға М.Тілеубаев, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакторы М.Аяғанов, журналистер мен бір топ зерттеушілер  қатысты. Олар туған жерге тағзым етіп, Ақшиман ауылы маңындағы  Қалмаққырылған тауының тарихымен танысты.

«Қалмаққырылған - ғасырларға созылған қазақ пен қалмақ арасындағы шайқастың жаңаша парағы ашылған жер.  Таулары дөңгелене орналасқан. Ортасында 500 әскер сыятындай орын болған деседі. Күн батыс жағынан ғана кіретін жол бар.   Сол орында қалмақтың бес жүз қолы орналасыпты. Қазақтың белгілі батыры Малайсары бастаған қалың қол  сол тауларды қоршап алып, қалмақтарды ешқайда шығармай қояды. Қалмақтар таудың ішінде аштан қырылып өлген деседі. «Қалмаққырылған» деп аталуы осыдан екен».

Экспедицияның негізгі мақсаты – аталмыш орынды жан-жақты зерттеу, болашақта Қазақстанның сакралды орындары тізімінің қатарына енгізу болатын. 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі