KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды!

«Ауыл» партиясы барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды!
30.11.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Сіздерді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды.

         Ұлт Көшбасшысының сындарлы саясатының арқасында, еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, болашаққа нық сенімен қадам басты. 26 жылдың ішінде халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, экономикамыздың барлық саласы қарқынды  дамыды. Қазақстан әлемдік қауымдастықта зор абыройға ие болды. 

         Ел басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыра білген Елбасы елімізде ұлттық құндылықтар мен салт-сананы жаңғыртып, рухани кемелдену жолына бастады. Аталған игі істердің барлығы Тұңғыш Президентіміздің көреген саясатының, жасампаздығының айқын көрінісі.

         Бейбітшілік үстемдік құрған Тәуелсіз елміздің іргесі берік болғай! Баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақ пен береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

 

         «Ауыл» ХДПП саяси кеңесі Президиумы