KZ | RU | ENG

Тұңғыш Президент күніне орай дебат турнирі өтті

Тұңғыш Президент күніне орай дебат турнирі өтті
30.11.2017

Тұңғыш Президент күніне орай Қостанай инжинерлік-экономикалық университетінде «Елбасы жолы» атты дебат турнирі өтті. «Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалы мен «Эверест» жастар Қоғамдық бірлестігі мұрындық болған шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инжинерлік-экономикалық университетінің студенттері және «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары қатысты.

Пікір-талас турнирі барысында, қатысушылар Елбасы саясатын қолдай отырып, еліміздің жетістіктері жайлы, бүгінгі қоғамдағы рухани жаңғыру мәселелері, жастардың жай-күйі туралы пікір алмасты.

Шара қорытындысында, үздік топ, үздік төреші және турнирдің үздік спикері анықталды. 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі