KZ | RU | ENG

"Ауылым-алтын тұғырым" әдеби онлайн конкурсына төрелік етуші қазылар алқасының қорытынды мәжілісі өтті.

28.11.2017

Әдеби байқау «Ауыл» ХДПП мен «Әдебиет» порталының ұйымдастырумен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл конкурсқа 213 қаламгер қатысуға өтініш білдіріп, шығармаларын ұсынды. Оның ішінде проза жанрында 83, драматургия 31, поэзия жанры бойынша 99 туынды келіп түскен.

         Қазылар алқысының құрамы елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары мен ақын-жазушылардан жасақталған. ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, әдеби байқаудың рухани тұрғыда маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ, шығармашыл жастарға шабыт бітіретін байқаудың бастамашысы «Ауыл» партиясына ерекше ықыласпен алғыс білдірді.

         Мәжіліс барысында қазылар алқасы әр жанр бойынша  шығармаларға талдау жасап, пікірлерін білдірді.  Олардың айтуынша,  қатысушылар тек ауыл тақырыбын қозғап қана қоймай, оны рухани-адамгершілік құндылықтарымен ұштастыра білген. Қаламгерлер ауылдағы ағайынның тіршілігін, ондағы күрмеулі мәселелерге, жетістіктер жөнінде ой қозғап, жалпы ауыл көрінісін шеберлікпен жеткізген, - дейді қазылар алқасы мүшелері.

         Байқау төрешілері драматургия саласына ерекше тоқталды. Аталған жанр, қазақ әдебиетінің ең күрделі салаларының бірі. Соған қарамастан бұл бағытта қалам тартып жүргендердің ішінде, жастардың да көп екендігі қуантады, - дейді олар. Өткен жылы драма жанры бойынша 18 шығарма тіркелсе, биыл 31 жұмыс қабылданған. Ұсынылған шығармалар арасында терең астарлы тарихи драмаларды, сатиралық бағытта жазылған сапалы еңбектерді кездестіруге болады.

         Мәжіліс қорытындысында байқау төрешілері Алашорданың 100 жылдығына орай, Алаш қайраткерлерінің атына арналған 10 арнайы  жүлде иегерлерін тағайындады. Сонымен қатар, әр жанр бойынша 3 орыннан 9 жүлдегерді және іріктелген үздік авторлар арасынан «Алтын Тұғыр» сыйлығының иегерін белгіледі.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты 12 желтоқсанда, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Шопен» залында өтеді. 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі