KZ | RU | ENG

«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездесу

«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездесу
28.11.2017

«Ауыл» ХДПП Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Камал Арынханов, партияның қалалық филиалының төрағасы Н.Козлов және саяси кеңес мүшесі Ж.Садвакасова бастаған партия белсенділері, 325 адам еңбек ететін «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездесті.  

         Кәсіпорын өкілдері партия мүшелерін мекеменің құрылымымен таныстыры. Мәселен, кәсіпорындағы шаруашылық алқабы – 9991, ал жайылым аңдарының көлемі 6560 гектарды құрайды. Сонымен қатар шаруашылықта 2726 бас ірі қара бар. 1 сиырдың орташа сүт өнімділігі - 7890 кг. Орташа жалақы көлемі айына 110850 теңге.

         Партия белсенділері кәсіпорынның сиыр саууға арналған замануи кешенінде болды. Мұнда сауу процестерін автоматтандыруға арналған швециялық «DeLaval» компаниясының жоғары технологиялық құрылғылары қойылған.

         Кешенде сауу машиналарының 6-дәрежелі операторлары, жоғары білікті мамандар, «Ауыл» партиясының мүшелері Толқын Сарсембаева мен Айгүл Бейсенова еңбек етеді. Ұжымда еңбекқорлығымен ерекшеленетін олар, аймақ бойынша еңбек өнімділігінің ең жоғары нәтижесін көрсетті. Яғни, 1 сиырдың сүт өнімділігін 8 600 кг-ға жеткізді.

         Партияның облыстық филиалдың өкілдері ет және сүт фабрикасында болып, «Ауыл» партиясының мүшесі, еңбек озаты Медет Әбдіхалықовпен кездесті. Ардагер жас төлдердің тәуліктік салмақ өсімін жіті қадағалап, оларды нәрлі заттармен қоректендіру шараларымен айналысады. Сонымен қатар, механикаландыру және автоматтандыру жабдықтарын жетік меңгерген. Атап, өтерлігі фабрикаға аустриялық FANSEPARATOR компаниясының жабдықтары орнатылған. Бұл құрылғылар қора жайлардың температурасын қалыпты сақтайды, - дейді еңбек ардагері.

          

Ұрықтандыру бөлімінің жұмысымен партияның белсенді мүшесі  Жанна Томилова таныстырды. Ол бүкіл облыс бойынша өз саласында ең  білікті маман болып есептеледі. Канадалық «голштейн» тұқымымен ұрықтандыру нәтижесінде асыл тұқымды 100 бас сиырдан 91 төл алған.

         Кездесу соңында шаруашылық қызметкерлері партия жұмысына қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.