KZ | RU | ENG

"АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ"

23.10.2017

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні Алматы қаласында «АгроСоюз» ауыл шаруашылығы кооперативтері мен Республикалық қауымдастығы  және Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымдарының даму бағдарламасы (БұұДБ) бірлесе отырып, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Алматы облысы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, аудандар әкімдіктерінің, Алматы облысы ауыл шаруашылық кооперативтер басшыларының, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті және Ғылыми-зерттеу институты ғалымдары, халықаралық жобалар мен бағдарламалар сарапшылары, үкіметтің емес ұйымдар және басқа да ұйым өкілдерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы кооперативтерін тиімді ұйымдастыру мәселелері» тақырыбы төңірегінде дөңгелек үстел өткізді. «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясының атынан партия Төрағасының орынбасары Т.С. Сыдыхов қатысты.

Өз сөзінде партия төрағасының орынбасары Т.Сыдыхов осы тақырыптың агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы дамуына аса қатты әсер ететін маңызды факторы ретінде өзектілігі мен маңызын атап өтті. Ол АӨК және ауыл шаруашылығы бойынша  бұл сұрақтар бүгінгі таңда партия қызметінің басты мәселеселерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл тақырып партия саяси кеңесінің, Президиумының назарында. Сондай-ақ, партия филиалдары аймақтарда «Кооперация туралы» Заңды жүзеге асыру барысында жұмсалған шығындарды анықтап,  сонымен қатар оны жүзеге асыруды шешу жөнінде тиісті жұмыс жүргізілетіні айтылды. Бұдан әрі Т.Сыдыхов дөңгелек үстелдің қатысушыларын «Ауыл» партиясымен бірге, Агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді бірігіп шешуге, ауылды жерлердегі және олардың ішкі құрылымдарының дамуына үлес қосуға шақырды.