KZ | RU | ENG

«ЕҢБЕК КҮНІ» МЕРЕКЕСІ

«ЕҢБЕК КҮНІ» МЕРЕКЕСІ
09.10.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының аудандық саяси кеңес мүшелері «Еңбек күні» мерекесіне арналған конференцияға қатысты. Аталмыш мереке қоғамда еңбеккердің беделін көтеруге, өнімді жұмысты ынталандыруға, жастар арасында кәсіптік мамандықтарды насихаттауға және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»  туралы идеясының аясында жұмысшы мамандықтарды ­насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. «Ауыл» партиясының Өскемен қаласы бойынша филиал төрағасы Н.И.Козлов кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны үшін, ШҚО «Кәсіподақ орталығының» басшысы алғыс хатпен марапаттады.