KZ | RU | ENG

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ
06.10.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облысы бойынша филиал мүшелері мен Тараз инновациялық–гуманитарлық университетінің «Экономика және құқық» факультетінің студенттері Қарттар күніне орай Тараз қаласындағы №1 қарттар және мүгедектер үйіне барып, қайырымдылық іс – шарасын ұйымдастырды. Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Майханов Жәнібек қарттарды мерекелерімен құттықтап, топ мүшелері жылы лебіздері мен еліміздің өркендеуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.