KZ | RU | ENG

«ҚАРТТАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІ

«ҚАРТТАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІ
05.10.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан сайланған Қостанай қалалық мәслихатының депутаты С.Б. Исмуратов, жыл сайын өзі тұратын «Батыс» шағынауданының қарияларын «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтауды дәстүрге айналдырды. Ауданның тұрғылықты дана қарттарының саны 40 шақты. Аталмыш мереке күнін үлкен буын өкілдері өзара «Даналар күні» деп те атайды.

   Шақырылғандардың әрқайсысы өз жерінің дамуына, тарихына үлестерін қосты, олар әлі күнге дейін белсенді азаматтық ұстанымға ие және ҚР Президенті Н. Н. Назарбаевтың «Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға үлес қосып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ат салысуда. Қарттарға қамқорлық көрсету әрбір азаматтың адамгершілік парызы болып табылады. Кеш барысында «Мирас» мәдениет сарайының  әншілері мен бишілері сахнада өнер көрсетіп, мереке иелеріне керемет көңіл-күй сыйлады.  

   Кеш соңында келген ардагерлерге мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Қарттар аталған мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін білдірді. Келер жылғы мейрамда кездесеміз деген жақсы үмітпен тарқасты.