KZ | RU | ENG

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
27.09.2017

Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дастан Айтөленов пен Меркі аудандық мәслихатының депутаты Ақан Алтынбаев «Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Ниет» шаруақожалығының қызметкерлерімен кездесті.

         Бүгінде елімізде Елбасының тікелей бастамасымен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда. Меркі ауданында кәсіпкерлер үшін ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті барлық жағдай жасалған. «Меркі өнімдері өндірістік кооперациясы» да соның жемісі. Кооперацияны құруға «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 60-қадамында сүт кластерін дамыту бастамасы себеп болды. Ауданда сүт өндейтін арнайы зауыт та бар. Осыны ескере келе бірнеше шаруа қожалықтары бірігіп, осындай кооперация құруды жөн деп тауыпты. Қазіргі таңда «Меркі өнімдері кооперациясына» 47 шаруа қожалығы мүше. Кооперацияға облыстық деңгейде және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта да шаруашылық аясын кеңейту жоспарда бар. Өнімдердің барлығы тек таза, табиғи сүттен жасалады. Оларды бүгінде Жамбыл облысынан бөлек, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындары да тұтынуда. Партия белсенділері ауылшаруашылық қызметкерлерімен осындай кездесулер ұйымдастыруды жалғастыратын болады.