KZ | RU | ENG

«ЗЫЛИХА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«ЗЫЛИХА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
26.09.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бегалы Нұржігітпен партия мүшелері Жуалы ауданындағы «Зылиха» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, егін жинау барысымен танысты. Аталған шаруа қожалығында техникалық жабдықталу жоғары деңгейде,  қажетті техника, элиталық тұқым, көкөніс қоймасы бар. Әігіме барысында шаруа қожалық басшысы картоп тұқымдарын алуға, бидай өсіруге, жанар-жағармай алуға берілетін мемлекеттік субсидиялардың көмегі мол екенін атап өтті. Сұхбаттасушылардың айтуынша, келешекте ауылшаруашылық саласының дамуы үшін, ауылдың инфрақұрылымына көбірек қаржы-қаражат жұмсау қажет. Сонда ауыл тұрғындары жақсы өмір сүру жолын іздеп, туған жерлерінен кетпейтін болады. Партия белсенділері айтылған ой-пікірлермен келіседі және партияның жұмыс істеу кезеңдерінде жүзеге асыру жолдарын қарастырады, билік органдарына жеткізеді.