KZ | RU | ENG

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛІПБИДІ ЛАТЫН ҚАРІПІНЕ КӨШІРУ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛІПБИДІ ЛАТЫН ҚАРІПІНЕ КӨШІРУ
25.09.2017

Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Мемлекеттік әліпбиді латын қаріпіне көшіру және әліпбидің бірыңғай стандартарын талқылау туралы» Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» Жамбыл облыстық коалициясы отырысы өтті. Коалиция отырысында мемлекеттік әліпбидің латын әліпбиіне көшу мәселесінің маңыздылығы туралы айтылды, жиынға қатысушылар өз пікір-ұсыныстарын білдірді.

Отырысқа үкіметтік емес ұйымдар, партиялар басшылары, ғалымдар қатысып баяндамалар жасады. «Ауыл» Халықтық – демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бегалы Нүржігітпен, Тараз қаласы филиалының төрағасы Байжанов Қайрат қатысты.