KZ | RU | ENG

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАКАРОН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАКАРОН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ
20.09.2017

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына  Жолдауында Астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесіне» айналуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз», деген болатын. Бұл мәселе «Ауыл» партиясының мүшелерімен өткен кездесулер мен дөңгелек үстелдерде талқыланды.

         «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Ақмола облысы Аршалы ауданында ашылған «Аян» макарон өнімдерін өндіретін комбинаттың ашылу салтанатына қатысып, қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысының қойған тапсырмасын орындауға ат салысып, зауыт құрылысына қатысқандардың барлығына алғысын жеткізді. Итальяндық құрылғымен жабдықталған фабрикада макарон өнімдерінің 11 түрі өндіріледі. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 200 тонна ұн өнімдерін құрайды. Дайын өнімдер экспортқа шығарылады. Комбинатта 100 қызметкер еңбек етеді.