KZ | RU | ENG

"МЕЙІРІМДІ ЖАСТАР"-ДЫҢ ИГІ ІСТЕРІ

15.09.2017

Бүгін "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиевтың бастамасымен құрылған "Мейірімді жастар" ерікті жастар тобы Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуді бастады. Қала сенбілігіне сәйкес келген күнде жастар аулаларын тазалап, үй шаруларына көмек көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жанға пандус орнатып берді.
         Бұл бастама осымен тоқтамайды, келешекте де мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты қарттарымызға (волантерлер) ерікті жастардан құралған топтар өз көмектерін көрсететін болады.

Көп жылдар бұрын Ұлы Жеңістің аз бөлігіне айналған адамдарды көрудің өзі қуаныш. Қазіргі жастар осы ерлік туралы ұмытпауы керек. Өткенді еске алсақ, болашаққа нық қадам жасаймыз. "Ауыл" партиясының бұл бастамасын баршамыз қолдайық, "Мейірімді жастар" тобына қосылайық!!!